Боксшы Ғани Жайлауов бүгінде Лондон Олимпиадасына лицензия алған Жамбыл облысының жалғыз спортшысы. Өткен жылы әлем біріншілігінде қола жүлде алған Ғани қоян жылының қорытындысы бойынша, өз облысының үздік спортшысы атанды. Онымен қоса, ол жуырда ғана әке атанды. Бүгінде Алматы облысының «Ақбұлақ» спорт базасында жаттығуларын қорытындылап жатқан Ғанимен хабарласып, қуанышымен бөлісіп, біршама әңгімеге тартқан болатынбыз.
– Ғани, Жамбыл облысының үздік спортшысы атанғаныңмен құттықтаймыз!
– Рахмет! Жаттығуда жүргенімде мені үздік деп таныпты. Шыны керек, марапаттау әлі өткен жоқ. Алла қаласа, Таразға осы барғанымда сол шара өтетін шығар.
– Тағы бір қуанышты хабар естідік...
– Иә, қаңтар айының он төртіні күні жұбайым қыз босанды. Өкінішке қарай ол кезде де мен жаттығуларыма байланысты отбасымның қасында бола алмадым. Қызымның атын анам – Айша деп қойды.
– Лондонға Жамбыл облысынан сен ғана жолдама алдың. Бұл Жамбыл облысы үшін нашар көрсеткіш емес пе?
– Жазғы ойындарға қазірге мен ғана жолдама алдым. Әрине, өкінішті. Облыстық спорт басшыларының айтуынша, күрестен тағы бір мықты жігіт шығып келе жатқан сыңайлы. Бұйыртса, сол жігіт Лондонға барып қалар. Соңғы кездері Олимпиадалық ойындарға негізі Жамбылдан аз спортшылар баруда. Мысалы, алдыңғы олимпиадалық ойындарға Бақтияр Артаев пен жеңіл атлет Тахир Мамашаев қана барған болатын.
– Бүгінде «Ақбұлақ» спорт базасында жаттығып жүрсің. Жаттығуларың қалай өтуде?
– Жалпы, жаттығуымыз ойдағыдай өтіп жатыр. Екі аптаға созылған жиынның, міне, соңғы күндері өтуде. Бапкерім Нұрлан ағай екеуміз көп жұмыс жасап жатырмыз. Мұнда біз жылына екі рет, яғни қыста, жазда келіп жаттығамыз. Спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Ауасы да таза.
– Алдағы жоспарларыңмен бөлісе кетсең?
– Ақпан айының он төртіне Алматы қаласының «Балуан Шолағында» Ресей, Франция, Үндістан және Қазақстан арасында жолдастық кездесулер өтеді. Осы кездесулерге дайындалып жатырмын.
– Бұл кездесулерде басты қарсыласың кім болады?
– Үш елдің былғары қолғап шеберлері де осал емес. Әсіресе, үнді жігіті. Онымен мен әлем біріншілігінде қолғап түйістіргем. Бойы ұзындау. Күш-қуаты да мықтырақ. Дегенмен мен онымен өз жерімізде жұдырықтасамын. Сондықтан да жанкүйерлерімнің алдынада ұятқа қалмас үшін үш қарсыласымды да жеңем деп ойлаймын.
– Әлем біріншілігі деп кеттің ғой. Әзірбайжан астанасында сен үшін қай кездесу қиынға соқты?
– Барлық кездесу оңай болмады. Дей тұрғанмен моңғолиялық спортшымен кездесуде біраз қобалжығаным бар. Себебі, одан жеңілсем олимпиадалық жолдамадан құр қалар едім. Бір Алла жар болып, ол кездесуді ойдағыдай өткізіп, лицензия алдым.
– Жазғы олимпиадалық ойындарға қайда жаттығасың?
– Ол жағы әлі шешілген жоқ. Бас бапкерімнің айтуынша, Лондонға барар алдында, Куба, Англия, Грузия, Үндістан, Украина елдерінің спортшыларымен бірге жаттығатын шығармыз.
– Лондонда басты қарсыласың кім болады деп ойлайсың?
– Нөмірі бірінші қарсыласым, әлемнің екі дүркін чемпионы, украиналық Василий Ломаченко болады. Онымен украинада өткен халықаралық турнирде кездесіп, жеңіліп қалған болатынмын. Бірақ оны да жеңуге болады.
– Еліміздегі сенің басты қарсыластарым кім?
– Жалпы елімізде бокс біршама дамыды ғой. Сондықтан да мықты қарсыластарым аз емес. Басты қарсыластарымның бірі – өткенде ғана Азия чемпионы атанған Айдар Әмірзақов. Сондай-ақ жуырда ғана «Астана-Арланс» сапына өткен Самат Башенов те басты қарсыластарымның бірі болатын.
– Өзің «Астана-Арланс» командасының сапына өту туралы ойланып жүрген жоқсың ба?
– Қазірше жоқ. Олимпиадалық ойындардан соң ойлану керек. Бірақ, бұл мәселені бас бапкерім Нұрлан аға екеуміз отырып ойланамыз.
– Сен әлі жассың. Дегенмен қолғабыңды қабырғаға ілген уақытта қандай жұмыспен айналысасың?
– Ол жағын әлі ойланбаппын. Нұрлан Ақүрпеков ағам, әрі бапкерім маған бапкерлік жолмен жүр, – дейді. Ол кісімен мен жастайымнан бірге келемін. Сондықтан да Нұрлан ағаның кеңесімен бапкерлік жолды таңдайтын шығармын.
– Боксшы ретінде өзіңе кімді үлгі тұтасың?
– Мен өзіме үлгі ретінде Сеул Олимпиадасында екінші орынға ие болған, атақты американдық былғары қолғап шебері Рой Джонсты үлгі тұтамын. Компьютерімде оның шамамен барлық кездесулері бар. Маған оның техникасы ұнайды. Рингке шыққанда өзін сол алаңның қожайыны ретінде ұстайды. Кездесуінің барлығында қобалжымай, бір қалыпты өткізеді.
– Спорттан бос уақытта не істейсің?
– Шыны керек, жаттығудан бос уақыт аса көп бола бермейді. Бос уақытым көбірек болып жатса, жанұяммен өткізуге тырысамын. Үйдің кем-кетігін дұрыстаймын. Жалпы, жанұяммен өткіземін ғой.
Сұхбаттасқан Уәлихан Қосанбай

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Four score and seven minetus ago, I read a sweet article. Lol thanks
rSKyqS kvhwahwjabsm
cialis =-PP online car insurance 649712
home insurance 7243 life insurance online quote kybs