19 Май 2012 | Сенбі

Дәулет

Терең өңдеуге тер төгіп, тауар шығарайық!

31 Октябрь, 2011

Таяу жылдарда ел экономикасындағы тұрақты даму түрлі саладағы өсімге және бәрінен бұрын минералды-шикізат саласына иек артуы тиіс. Біздіңше, әрі басымды, әрі табысты сала ретінде мұнай мен газ өндірісі қала береді. Бүгіндері елімізде 5,7 млрд тонна пайдалы мұнай қоры бар екенін әрі 200-ден аса сутекті кен орындары барланғанын айта кеткен орынды. Бұл көрсеткіш әлемнің мұнай өндіруші елдері арасында алғашқы ондыққа кіретінімізді көрсетеді.
Осыған орай күні бүгінге дейін көмірсутекті қорды интенсивті түрде игеруге және әлемдік нарыққа экспорттауға басымдық беріп келгеннен кейін отандық мұнайгаз саласының даму идеологиясын түп-тамырымен қайта қарау міндеті пісіп-жетілгенін айту – біздің міндетіміз. Бұл саланың жемісті және бәсекеге қабілетті болуы үшін даму бағыты ретінде кластерлік бастаманы жүзеге асыру қажеттілігі туралы баса айтқымыз келеді. Кластердің арқасында қайта өңдеу саласының үлес салмағы ұлғаяды. Өнім өндіретін  кәсіпорындарда жоғары қосымша құнды тауар шығаруға мүмкіндік артады.   Өткен 20 жыл ішінде қайта өңдеу саласының үлесін ұлғайту  мақсатында отандық мұнайгаз кешенін қайта қарауға бірнеше қадам жасалды. Елімізде жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын қайтадан жаңалау жоспары дайындалды. Кейбір жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, Атырау мұнай өңдеу зауытында еуропалық стандартқа сәйкес келетін отын шығару үшін технологиялық жабдықтар кешені орнатылып, іске қосылды. Дегенмен, бір емес, бірнеше кен орнынан алынған мұнай қоспасы өзінің физикалы-химиялық құрамын өзгерту  салдарынан қандай да бір нәтижеге қол жетпеді. Мұны ашық айтқан абзал.
Мұнайгаз кешенін қайта қарау­­дың тағы бір басқа бағыты – мұнайгазхимиялық өндірісті  жетіл­діруді көздейтін бірнеше бағдарламалық құжатты қабылдауға байланысты болып отыр. Осы жерде экономикалық жағынан тиімді, ақталатын бастамалардың объективті және субъективті жағдайларға байланысты жүзеге аспай отырғанын көруге болады. Бұған мысал ретінде 2005 жылы жағалай жарнамаланған, Атырау облысының Қарабатан елді мекенінен алғашқы мұнайхимиялық кешен салу жөніндегі идея арада әжептәуір уақыт өтсе де, жүзеге аспай отырғанын айтса да жеткілікті. 2005-2011 жылдары техникалық негіздеме жасауға тендер өткеннен кейін бұл жобаға қатысушылар – технологиялық жабдық жеткізуші компаниялар бірнеше рет өзгерді. Ел экономикасы үшін аса маңызды саналатын мұндай жобаның күні бүгінге дейін іске аса алмай жатуы  ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие нақты өнімнің, тауардың шығу мерзімін кешеуілдетеді әрі еліміздің экспорттық қабілетінің ұлғаюына шығын келтіруде.
Мұнайгаз саласын дамыту барысындағы түйткілді мәселе
атау­лы  геологиялық-іздеу және барлау жұмыстарынан бастап, кен орнын іске қосу және көмірсутекті ресурсты қайта өңдеу құрылыс нысанына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асуы тиіс. Мұндай стратегия мұнайхимия кластерін енгізу үрдісі мен құру қажеттілігінде табысты іске асатынына көз жеткізу қиын емес.
Бұған алғышарт мұнайлы өлке Батыс Қазақстан аумағында жоқ емес, бар. Біріншіден, бұл аймақта мұнай мен газдың мол өндірісі, екіншіден, мұнайгазөңдеу және мұнайхимияның іске қосылған қуаты, үшіншіден, белгілі бір деңгейде дамыған инфрақұрылым бар. Осының бәрі бірімен-бірі жақын, көршілес жатқан төрт облысқа  кластер құруда шикізат, қаржы және еңбек өндірісі қорларын  тиімді, ұқыпты, мақсатты пайдалануға мұрсат береді. Бұған қоса, кластер құру жөніндегі бастама бұл өңірдегі мұнайгазөңдеу және мұнайхимияға негізделген ірі нысандардың «қатып» қалмай, қатарға қосылуына түрткі болады. Мысалы, бұған нақты мысал ретінде мынадай кәсіпорындарды: пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), «Полипропилен» АҚ және мұнай өңдеу зауытын (Атырау қаласы), сондай-ақ, Жаңаөзендегі және Жаңажолдағы газ өңдеу зауытын атай аламыз.
Осындай  нысандарға қажетті өнім шығаратын кәсіпорындарды өз айналасына жинау, яғни олардың өзегі ретінде жаңа мұнайхимия кешені жұмыс істеуі тиіс. Өңдеуге түскен шикізаттан – мұнай құрамындағы газдан бастап, технологиялық жағынан  өнімді бөліп бере алатын келесі кезеңде тауардың көп түрлерін шығарып беруге қауқарлы өндірісті қолдау қажет. Шығарған тауарының қосымша құны жоғары әрі ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төтеп бере алатындай деңгейге жеткізу үшін еңбек етуіміз керек. 
Біз айтып отырған талапқа Атырау облысындағы  (Қарабатан  елді мекені жанындағы) интегра­цияланған алғашқы мұнайхимия кешені жауап бере алады. Бұл – Теңіз және Қашаған кен орындарының ілеспе газын қажетінше пайдалана алатын бір-бірімен іргелес жатқан өндірістік аймақ. Оған хош иісті көмірсутегін өндіру жөніндегі мұнайхимия кешенінің өндірістік және инфрақұрылымдық нысан­дары орналастырылады. «Теңіз­шевройл» өндірістік аймағы жанынан жаңа газдысепараторлық қондырғы құрылысын қолға алу көзделуде. Ал Атырау қаласындағы өндірістік аймақта қосымша құны жоғары инновациялық мұнай­химия өндірісіне арналған өнім шығаратын шағын және орта бизнес кәсіпорындары орналаспақшы.
Бұл жерде мұнайөңдеу кәсіп­орындары үшін химиялық реагент өндірісі қарастырылуы қажет. Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты аясында бензол, параксилол өндірісін жүзеге асыруға болады.
Интеграцияланған мұнайхимия кешенінің басты міндеті – мұнайхимия саласы үшін бірден-бір байланыс, арақатынас көзін ұйымдастыру. Мұны былай түсінген абзал, аймақтың жаңа және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарына қажетті шикізат полиэтилен және полипропилен шығару. Айналып келгенде, бұл жоба қазақстандық мұнайхимияны әлемдік өндіріс көшіне ілестіруге әрі тауарды өткізу жүйесіне қосуға мұрындық бола алады.
Мұнайхимия саласының кәсіпорындарында көмірсутекті қорды пайдалану бағытында мұнайхимия өнімдерінің барлық түрін  алуға болады. Алынған өнім әр алуан салада тауар шығаруға мүмкіндік береді. Мұндағы негізгі идея – мұнайды немесе ілеспе газды өңдеу түрлі технологиялық бағыт бойынша жүре алады. Дегенмен  бұл жерде шикізатты тек тереңөңдеу технологиясын іске қосып отырғандарға басымдық берілуі тиіс. Бұл маңызды өнімнің үлкен үлесін тартуға ықпал етеді. Нәтижесінде мұнай мен газды пайдалану көэффициенті ұлғайып, кластерді құрайтын барлық элементтердің жемісін көруге болады. Осыған байланысты айтарымыз, мұнайхимия өндірісі аралық өнімді шығарумен шектелмеуі тиіс. Олардың табысты, нәтижелі жұмыс істеуі бастапқы қорды ұқыпты, тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Ал оның өзі ел экономикасының түрлі салаларына қажетті нақты өнімді шығаруға алып келетіні анық.

 

Олег Егоров, экономика ғылымының докторы,
Ольга чигаркина, Экономика институтының аға ғылыми қызметкері

Пікірлер

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
5 + 9 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ