Кеше Алматыда Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) бірінші саммиті басталды. Халықаралық жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан президенті Илһам Әлиев, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева және Түркия премьер-министрінің орынбасары Бәкір Боздағ қатысты. Саммит аясында түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесі құрылды.
Іскерлік кеңес құрамына түркітілдес елдердің белді ұйымдары мен компанияларының өкілдері кіреді. Сондай-ақ осы күні Алматыда іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтіп, Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстанның делегациялары қатысты. Бизнес-форум барысында кеңеске қатысушылар төрт ел арасындағы экономикалық байланыстың өзекті мәселелерін талқыға салды. Екіжақты және төртжақты бірқатар келіссөздерге қол қойылды. ТМЫК-нің бас хатшысы Халил Ақыжы: «Жаңадан құрылған іскерлік кеңес алдында екі түрлі міндет тұр – жаңа бағыттарға жол ашу және мемлекетаралық сауда-экономикалық қарым-қатынасты күшейту», – деді.
Саммит қарсаңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевпен кездесіп, бірлескен декларацияға қол қойды. Бірлескен екі мемлекет арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынасты қамтиды. Кездесу барысында Н.Назарбаев: «Былтырғы жылы екі елдің арасындағы экономикалық қарым-қатынас аясында тауар айналымы 60 пайызға өсіп, жалпы көлемі 350 миллион долларды құрады. Бұл екі елдің арасындағы тиісті әлеуетке сай келмейді. Сондықтан жүргізілген келіссөз барысында экономикалық сауда-саттық пен индустрия саласындағы қарым-қатынастарды қалай дамыту жайы қозғалды. Сондай-ақ Қазақстанның индустриялық бағдарламасына Әзірбайжан компанияларын тарту мәселелері қаралды», – деді. Сондай-ақ, Елбасы Каспий теңізі арқылы Қара теңізге шығу, мұнай және болашақтағы газ құбырларын пайдалану, Әзірбайжаннан Маңғыстау, Атырау облыстарына ауыл шаруашылығы тауарларын әкелу, Қазақстаннан бидай және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін Әзірбайжанға апару мәселелеріне айрықша тоқталып өтті. Ал Илһам Әлиев: «Біздің қарым-қатынасымыздың тарихы тамыры тереңде жатыр. Ол серіктестік және достық мақсатта құрылған. Біз Таулы Қарабақ шиеленісін шешудегі Қазақстанның ұстанымына алғыс айтамыз. Қазақстан Президентінің әлемдік көшбасшылармен болған кездесулерде бұл мәселені назардан тыс қалдырмайтынын жақсы білеміз», – дей келе, екі ел тәуелсіздіктің 20 жылында кейбір елдер 100 жылда қол жеткізе алмаған жетістікке жеткенін атап өтті. Болашақта бұл декларация екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге жол ашпақ.
Бұдан кейін қос елдің сыртқы істер мен көлік министрлері өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойды. Келісімде екі ел үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер телімдерін өзара беру, теңіз сауда қатынастары саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері қаралған. Саммит барысында сондай-ақ түркітілдес мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесі жоспарланған. Ал саммит қорытындысы бойынша Алматы декларациясына қол қойылмақ.
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Балықшы балықшыны алыстан таниды,бәрібір ел болмаймыз,демократия құндылықтары сақталмай,каддафи кетті көріңде өкіргір,сендердің күндерің қашан туар екен