19 Май 2012 | Сенбі

Дәулет

Түркіменнің газына үміттенеміз

Жасыратыны жоқ, біз өзбек газына тәуелдіміз. Қыс қалай түседі, көршіміз солай құбырдың «құлағын» бұрайды. Бұл жағдай жылда қайталанады. Биыл да осылай болды. Өткен аптада өзбектер оңтүстік өңірге келетін газ мөлшерін азайтты. «Біз Өзбекстанға 397 мың текшеметр газға сұраныс берген едік. Алайда олар 297 мың текше метр ғана бере алатынын құлағдар етті. «Көгілдір отын» тапшылығын болдырмау мақсатында  Түркіменстанмен келіссөз жүргізілді», – деп мәлімдеді  Мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаев.

«Бірінші қарашадан бастап Өзбекстаннан жеткізілетін газ көлемі 100 мың текше метрге азайды.  Осыған орай, жағдайды ушықтырмас үшін Полторацкое, Көктөбе қоймаларынан өнім  тасымалдау молайтылды», –  дегенді де Толымбаевтың аузынан естідік.
Вице-министрдің айтуына қарағанда, 10 қарашада қытайлық  «СNPC» компаниясымен 2011-2012 жылдың  күз-қыс маусымында 500 миллион текше метр газбен алмасу операциялары туралы келісімге қол қойылған. Мұның ішінде 12 мың текше метрі осы жылдың соңына дейін жеткізіледі.
Осы мәселеге орай  Астанадағы жиында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов осындай ахуалдың жылда қайталанатынын айтып, қапаланды.
«Жаз бойы біз осы мәселені бірнеше рет көтердік. Өкінішке қарай келеңсіздік  тағы қайталанды. Министрдің орынбасарлары бізге «бәрі жақсы» деп баяндайды, бірақ  жағдай   өзгерген жоқ», – деді Премьер-министр Кәрім Мәсімов.
Өткен аптада Алматы қаласында газ тапшылығы сезілген. Қаладағы нан зауыттарының дені «көгілдір отынмен» жұмыс істейді. Алматылық тұрғындар газсыз ғана емес, нансыз да қалуы мүмкін еді.

 

Гүлзат Нұрмолдақызы

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
3 + 8 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ