19 Май 2012 | Сенбі

Антитеза

Партияның бағыты

 

Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» партиясының төрағасы:
–  «Алаш» партиясының идеялары – либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, этностар мен діндердің теңдігі – «АҚ ЖОЛ» партиясының басым бағыты болып қала береді. Мұны біз партияның сайлауалды тұғырнамасында да, нақты іс-шаралармен де көрсетіп келеміз.

 

 

 

 

 

 

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы: 

–  Перуашев келген соң, ұлттық мәселелерде тек ұран қалды да, кәсіпкерлердің ықпалы, басымдығы, олардың ақшасы шешуші күшке айналды. Айналып келгенде, депутаттыққа өткендердің жетеуі сайлаудан бірер ай бұрын ғана осы партияға кірген адамдар. Бұлар – Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, тарихтың не екенін білмейтін адамдар. Ең өкініштісі – осы.

Пікірлер

Аватар пользователя Гость
Гость 30 01, 14:01

Сайлауда Алаш ұранын көтеріп, халықтын дауысын жинап алған"Ақ жол" партиясының прессадан қашып, сонау Зерендіде откен жиынында 8 мандаттың бәрін кәсіпкерлерге сата салған Азат Перуашевты ақжолдықтар сойып салды."Ақ жолдың" осы Зеренді процесінде Алаш кеңесі құрылып, Амангелді Айталы Алаш кеңесінің төрағасы етіп, Алаштың арқалы ақыны, Алаш сыйлығынаң лауреаты, республикалық "Жас қазақ үні" газетінің бас директоры Қазыбек Исаны ұсынды. Алаш кеңесіне алғашқы болып, ауылшаруашылығы экс-вице министрі Арман Евниев қосылды.

Пікір қосу

Аватар пользователя Ерімбетов Бақтыбек, Шымкент қаласы
Ерімбетов Бақтыбек, Шымкент қаласы 03 02, 22:56

Құрметті Амангелді аға! Сіздің елеулі еңбегіңізді, белсенді әрекетіңізді, ұтымды ойларыңызды жоғары бағалаймын, ең бастысы оны халық біледі. Әсіресе ұлтжандылық тұрғысында алып қарағанда үлкен істер атқарып келесіз. Ақша шіркін майдаланса тиын ғой, адам шіркін майдаланса қиын ғой, - демекші, кейбір адамдар майдаланып бара жатыр. Парламентке Сіз сияқты тұлғалардың қажеттігі анық сезіліп тұрады. Алдағы уақытта жоғарыда айтқан бағытыңыздан таймай және де жастар мәселесіне баса назар аударады деп сенемін. Ісіңізге жеміс тілеймін.

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
7 + 7 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ