«АйтPARK» қоғамдық-саяси пікірталас клубының бұл жолғы қонағы саясаткер әрі қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев болды. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ой бөлісті. Пікірсайысы кезінде айтылған әңгіменің қызықты көрінген тұстарын ықшамдап ұсынып отырмыз.
Нұрлан Ерімбетов: Халық күнін көріп жүр... Ал сізге не жетпейді, нені көздейсіз?
Төлеген Жүкеев: Адамдар қашанда әділеттілікке ұмтылады. Көрші Ресейде 25-40 жастағы адамдардың 40 пайызы елден кеткісі келеді екен. Бұл елде болашағымыз жоқ деп есептейді. Бізде балалардың осындай пікір айтқанын да естідім.
Нұрлан Ерімбетов: Қазақ қырғыздар мен тәжіктер секілді Мәскеу көшесін сыпырып жүрген жоқ. Молдовандар секілді мәскеуліктердің саяжайларында жұмыс істемейді. Ол жақта қазақ қыздары Украин қыздары секілді тәнін саудаламайды...
Төлеген Жүкеев: Мен өзімді ешкімнен кем патриот санамаймын.
Нұрлан Ерімбетов: Несіне қызбаланасыз?
Төлеген Жүкеев: Қызбаланып тұрғаным жоқ.
Қазақтардың жұмыс іздеп, шетелге кетпеуі – асты-үсті байлыққа толы 2 миллион шаршы шақырым жерді бізге қалдырып кеткен бабаларымыздың арқасында. Жиырма жыл бұрын біз 26 миллион тонна мұнай өндірдік. Қазір біз 85 миллион тонна өндіреміз. Ол кезде мұнай барреліне 12-18 доллар болса, қазір 100-120 долларға жетті. Мұнайымызды да өзіміз өндіріп жатқанымыз жоқ. Қомақты бөлігін Батыс компаниялары өндіруде.
Мен бұл жерге тек қана билікті сынап-мінеу үшін келген жоқпын. Олай етуге қажеттілік те жоқ. Ойлана білетін адам мұны жақсы түсінеді. Синхронды эволюция деген бар. Биліктегілерде, оған бәсекелес саяси күштер де өзгеруге тиіс. Шын мәнінде, негізгі рөлді бұл екеуі емес, зиялылар, азаматтық қоғам, ойлай білетін, жаза білетін адамдар атқарады. Ұлтты қалыптастыратын да осылар. Бұл мемлекеттің де, шенеуніктердің де қолынан келмейді. Бұл дәлелденген ғылыми факт.
Нұрлан Ерімбетов: Сіз қоғам туралы, элита туралы, ойлай білетін адамдар туралы сөз қозғайсыз? Бірақ өзіңіз қайда жүрсіз? Мен ақыл сұрайтын адам да қалмады қазір... Сіз кітап жазып, сопылық пен салафизмді зерттеп жүрсіз. Сейдахмет Құттықадам да, Мұрат Әуезов те көрінбейді. Мұхтар Мағауин болса, тіпті шетел асып кетті. Бұл қалай болғаны? Сіздер ерте қартайдыңыздар ма, әлде әлдеңеден көңілдеріңіз қалды ма? Бәлкім, бала-шағаңыз бен немерелеріңіздің болашағын ойлап, тіс жармауға бекіндіңіздер ме? Қайдасыздар?
Төлеген Жүкеев: Мен ешқайда кеткенім жоқ. Мен ешқашан сатылмаймын. Және өз идеалыма да сатқындық жасамаймын...
Нұрлан Ерімбетов: Сіздер – қоғамның ақсақалысыздар. Бірақ көрінбейсіздер, жоқсыздар. Сіздердің буындарыңыз: «Қалай өмір сүрсең, олай өмір сүр!» – деп бізді тастап кеткені ме?
Мәселен, мемлекеттік қызметте жүріп, пәтерге қол жеткіздіңіздер. Жағдайларыңызды жасап алдыңыздар. Бір сіз туралы ғана емес, жазушылар туралы да осыны айтамын. Ал біз болсақ, қайда баратынымызды, бағыт-бағдарымызды білмей дал болып жүрміз...
Төлеген Жүкеев: Мен өзімді ақсақалдар қауымына қоспаймын. Мен қоғамға әбден екшелген, иі қанған оймен шығу үшін қарапайым адамдармен көбірек араласқым келеді. Күн сайын газет бетінен түспейтіндер менсіз де көп.
Мен кезінде зауыт директоры болдым. Мен ол партиядан ештеңе алған жоқпын. Партияға зәру де болған емеспін. Керісінше, экономика саласына шақырып, мені өздері керек етті. Ол кезде зауытта жұмыс істесең, кезекте тұрсаң, үй беретін. Менде ешқандай артықшылық болған жоқ.
Нұрлан Ерімбетов: Жақында теледидардан мынадай көріністі көріп қалдым. Ұлыбритания патшайымы балконда тұр. Бала-шағасы, немерелері қасында. Ағылшындар мен туристердің қалың нөпірі төменде қол бұлғап, оның жүзін көргендеріне мәз. Егер Елбасыға осылай лебіз білдірсек, оның несі жаман? Демократияға неге сай келмей қалады? Патшайымның қай жері артық? Соншалықты ол кім екен? Ол да құдайдың пендесі емес пе? Мұны екіжүзділік деп ойламайсыз ба?
Төлеген Жүкеев: Келісем, Виндзор әулетіне оң көзбен қарамаймын. Олар Англия үшін атқарған қызметінен гөрі, өз беделіне нұқсан түсірген тұстары көп. Ал бір топ қазақтың байшыкештері болса, осы әулет мүшелерінің неке қию рәсіміне қатысқанын зор мәртебе көреді. Қазақтың санасында нендей өзгеріс болып жатқанын осыдан-ақ байқай беріңіз.
Нұрлан Ерімбетов: Бұдан үш-төрт жыл бұрын Әулие Петр шіркеуінде кардиналдардың алдында «джинсы» киген жастар музыканың дауысын барынша жаңғыртып, хип-хоп биін биледі. ІІ Иоанн Павел шапалақ соғып отырды. Мұны теледидардан көрсеткеннен кейін әлемде миллиондаған жасөспірім (жапон, кәріс, Латын америкасы, тағы да басқа елдердегі бозбалалар) католик шіркеуіне барған. Бұл – нағыз модернизация! «Сендер қандай болсаңдар да, сендерге есігіміз ашық!» – деген сөз, бұл. Ислам осындай модернизацияға түсе ала ма?
Төлеген Жүкеев: Ислам христиан дінінен 7 ғасыр кейін пайда болды. 7 ғасыр бұрын христиандық адамзатқа қарсы бағытталған инквизицияны басынан өткерді: «мыстандардың» соңына шам алып түсіп, адамдарды өлтірді, өртеді. 7 ғасырдан кейін, тіпті 70 жылдан кейінгі Исламның қандай болары белгісіз. Ғалымдар, саяси ойшылдар, философтар, социологтардың болжамынша, 40 жыл ішінде өркениет күшті эволюцияға ұшырайды екен. Олай болса, әрине, Ислам да көп трансформацияға түседі.
Шадияр Өстемірұлы

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Ағатай, сіз сияқты ойлайтындар және жасайтындар көп болса, біздің қоғам мұндай халге жетпес еди ғой! Аз болсаңыздар да АМАН болыңыздар!