Мәскеуде Сахаров даңғылындағы «Әділ сайлау үшін!» шеруіне бұрынғыдан көп адам жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Каланчевкадан басталған даңғарадай даңғылда 120 мыңнан астам адам жиналыпты. Оқиға орнына барып қайтқан «Свобода прессы» басылымының тілшісі осы шеру мен 10 желтоқсанда Болотный алаңында өткен жиынды салыстыра отырып жазыпты. Ықшамдап назарларыңызға ұсынамыз.
Болотныйдағы шеруге келгендер бір-бірімен иін тіресе сығылысып тұрып, нашар техниканың кесірінен жарыссөзге шыққандардың сөзін жақсылап ести алмады. Бірақ жиі-жиі ұрандатумен болды. Тобыр өте тығыз еді. Сондықтан, полиция қызметкерлері Лужки көпірінің құлап қалуынан қорықты. Соның салдары шығар, алаң мен жағалауда төбеден жауған қармен бірге жаңа революцияның рухы айналсоқтап жүргендей көрінген.
Ал Сахаров көшесінде жағдай мүлдем басқаша-тын. Сахна да керемет, дыбыс та жақсы естіледі. Көк түсті 25 әжетхана қызмет көрсетуге әрқашан дайын. Ыстық шай мен тәтті-пұттыны тегін таратты. Бірақ бұрынғы революциялық рухтың ізі де қалмаған. Тобыр бұрынғыдан жалтақтау, енжар күйде. «Кремльге кеттік!» – десе, ере кететін адам жоқ десек те болады. Ал Болотныйда дайын еді...
Халық шеру басталмастан бір сағат бұрын жинала бастады. Металл детектор тізбегіне жеткен жұртты ұлтшылдардың қара-сары туы қарсы алып жатты. Ұлтшылдар арандатуға әрекеттенген болар деген ой жылт етті. Бірақ күдік ақталмады. Тізбек пен полиция қызметкерлерінің арғы жағында ақ-қара ту көзге түспеді. Есесіне, мынадай плакаттар ілінген:
«Гаусс шошқаның досы емес» (дауыс санау графикасы сызылған);
«№2-өнім, қайталанған тираж» (Путиннің суреті салынған).
Жанымыздан арзанқол пальто киіп, жүннен тоқылған орамал таққан көзілдірікті кемпір өтіп бара жатты. Қолындағы плакатқа: «Мәскеуліктер, ұйқыдан тұрыңдар, әйтпесе, керуеттеріңді де тартып алады!» – деп жазыпты. Күтпеген жерден осы кемпір: «Путиннің бандысын соттау керек!» – деп айқай салды. Мәскеулік екі жас жігіт: «Жынды келді...», – деп кемпірден тұра қашты.
Сахаров
даңғылындағы шеру
Ресейдегі журналистер шеру кезінде халықпен сөйлескенді қалай қоймайды. Сол дәстүрді осы жолы мен бұздым. Себебі, мәскеулік орта таптың нені талап етіп тұрғаны маған да түсініксіз еді. Көпшілігі жақсы жалақы алып, жақсы жұмысы істейтін, Еуропада демалып қайтқанды жақсы көретін жұрт Сахаров даңғылына не іздеп келді? Оларға не жетпейді? Осы жайлы өздерінен сұрағым келген.
– Орта тап өзінің де бар екенін білдіргісі келеді, – деді әдемі құлақшын киген бір жас жігіт. – Олардың саяси талабы жоқ, тек өмір біріктірген адамдар ғана. Биліктің абдырап қалған сәтін де сезді. Орта тап Навальныйды да қолдайды. Себебі, ол абдыраған билікке қарсы...
Жігітіміз сахна алдындағы кеңістікті қолымен нұсқап өтті. Бұл кезде ол орынға шерушілердің негізгі күші шоғырланыпты. Сахнаның оң жағында ұлтшылдапр топтасқан. Жиырма шақты қара-сары ту желбіреп тұр. Ортада қызыл түсті ту қаптаған. Олардағы суреттер де әртүрлі: кәдімгі орақ пен балғадан бастап, «Сол жақтағы майдан», «РОТ-ФРОНТ». Сол жақта «Ынтымақтастықтың» қызғылт және «Алманың» ақ-жасыл тулары көзге түседі.
Мен тағы бір кісіге жақындадым.
– Еуропаға барсаң, сол жерде өмір сүргің келеді. Бұл жерде өмір сүргің келмейді, – деді көзілдірікті, интеллигентті жас жігіт. – Мен 30-ға толдым, бірақ бірінші рет 4 желтоқсанда дауыс беруге бардым. Путиннен басқа кез келген адам президент бола берсін. Билік адамды аздырады, қазіргі билік кетуі керек...
Дәл осы кезде көзіме мынадай ұран түсті: «К...-ке кет!» (Владимир Путиннің портреті тұр)
Портреттен кейін менің көзім өте-мөте интеллигентті жұпқа түсті. Сөйтсем, оның біреуі 27 жастағы сәулетші шерулету үшін арнайы Питерден келіпті. Аты – Евгений екен.
– Мен осы уақытқа дейін: «ешкімге тимеймін, қалай қаласам, солай өмір сүремін», – деп ойлап келдім. Қазір енді саясатшылар халықтың көзін бақырайтып қойып, алдап жатқаны намысыма тиді. Түсінесіз бе, саясаттың мәні – алдауда. Бірақ соның өзін әдемі етіп алдаса дейсің ғой. Ал қазіргі алдау – ақ жіппен емес, арқанмен тігілген жамау сияқты...
– Енді не талап етесіз? Путин кетсін бе?
– Олардың бәрі орнында қалса деймін. Бірақ осы 12 жыл бойы олар тек өздеріне ғана жұмыс істеді. Біз өмірді былай өзгертуіміз керек: ендігі 12 жылда олар бізге жұмыс істесін...
Жаңадан ұран жылт етті: «Бас пахан» (Владимир Путиннің суреті).
Сәл әріректе менімен құрдас бір кісі ойлана қарап тұрды. Мен соған қарай асықтым:
– Меніңше, Путиннің орнына қоятын ешкім жоқ, – деді Михаил. – Немцов, Навальныйды ауыстырмаймыз ғой. Навальный қызба. Одан кез келген нәрсені күтуге болады. Ол жаман адам – түрінен көрініп тұр ғой. Осы жерге жиналған оппозицияны бір-ақ нәрсеге біріккен. Ол біздің алдымызда сөз сөйлеуге мүмкіндік. Бұлар Азаматтық соғыс жылдардағы Ақтардың қозғалысы сияқты, бұлар бәрін жойып жібереді
– Сіз мұнда неге келдіңіз?
– Путин Болотныйға жиналған адамдар ақша үшін келді, – деді. Мен соған намыстандым. Сол үшін келдім...
Осы сәтте жарыссөз басталды. Жүргізушілері – танымал саясаткер Владимир Рыжков, журналистер Ольга Романова мен Василий Уткин. Сөз сөйлеуші ділмәрларды кезекпен ауысып жатты. Бұл сәтте ұрандар да ауысып, көзге түсіп жатыр еді. «Біз әртүрліміз, – деді жазушы Акунин. – Олардың бізді бір-бірімізге айдап салып, бөліп-жарып тастаймыз деген дәмесі бар. Бірақ оған қолы жетпейді... Болотныйда біз аз ғана талап қойдық. Оған билік қалай жауап берді? Кетіп бара жатқан президент екіұшты уәде берді. Ал президент болатын адам абыройымызды төкті. «Сіздер Владимир Путиннің президент болуын қалайсыздар ма?» Сахаров даңғылы бірауыздан: «Жоқ!» – деп үн қатты. Жазушы сөзін ары қарай іліп әкетті: «Путин мырза, көрдіңіз бе, Ресей сізге осылай, – деп ақырады! Владимир Путин енді Кремльге емес, зейнеткерлікке кетуі үшін, не істеуіміз керек, үй тапсырмасы ретінде осыны ойланайықшы».
Шерушілер «Путинсіз Ресей! Путинсіз Ресей!» – деп айқайлап жатты. Сахнаға Артемий Троицкий шықты. Мен көре алмадым, бірақ жұрттың айтуымен оның мүшеқап секілді киім киіп алғанын білдім.
– Мен мүшеқаптан киім кидім, – деді Троицкий мырза. – Мені ұлтымыз бен оның серкесінің моральдық және физикалық жағдайы толғандырады. Кохтың таяқшасымен қоса, Чуровтың «К»-дан келетін аяқшасы да бар. Ресейде ашылмайтын екі құпия бар. Оның біреуі – Владимир Путиннің қанша ақшасы бар екені, екіншісі – өте қастерлі нәрсе. Ол – Владимир Путиннің жеке өмірі. Оның екі қызы тоғыз жылдан бері Санкт-Петербург университетінде оқиды. Бірақ оларды ешкім көрген емес. Путиннің жұбайы қалың көпшілікке көріне бермейді. Сондықтан, жұрт оны монастырға баяғыда жіберген. Владимир Путиннің жас келіншектері мен құпия балалары жайлы әңгіме көп.
Дәл осы жерде жұрт жаппай ысқырды.
– Біз көшбасшымыздан жеке өмірі жайлы ашықтықты талап етуге құқығымыз бар. Егер, президент МҰНЫ өз әйеліне жасамаса, ОНЫ халқына жасап отыр! Сіздер Кремль қамалына Көк Сақалдың кебін тілейсіз бе?
«Жоқ!» – деп шулады көше. Шеру соңы: «Путинсіз Ресей!» – деген ұранмен аяқталды.
Тоқтар ЖАҚАШ

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...