Біз Кеңес дәуірінде дүниеге келіп, сол кезеңде қалыптасқан адамбыз. Балалық дәуренімізді 60-жылдары өткердік. Ол кезде әр ауылда дәріхана, кітапхана, клуб, әуесқой көркемөнерпаздар болған. Менің кейбір сыныптастарым, тіпті ауылда қалып жұмыс істеу үшін, жоғары оқу орнына түсуден бас тартқан.
Жастар ауылда қалса, жұмыссыз қалмайтынын жақсы білген. Бүгінде жастар ауылға бармауға тырысады. Оларды бұл үшін кінәлауға болмас. Бұрын халықтың жетпіс пайызы ауылда тұрған болса, қазір, керісінше. Жуырда ауылда болдық. Сол кезде мектеп табалдырығын бірге аттаған үш сыныптасымды жолықтырдым. Олардан «Не тіршілік жасап жүрсіңдер», – деп сұрадым. Балалары ауылдан жұмыс таппаған соң Астана, Алматы сынды қалаларға кетіпті. Ал өздері қастарына немерелерін алып, 27 мың теңге зейнетақысымен күнелтуде. Ауылда қазір кейбіреулер көршісінің малына ұрлыққа түсуде.
Сол себептен де ер жетіп қалған балалары, немерелері малдарын ұрлап кетпес үшін, қораларын қарауылдап жатады. Ал 27 мың теңгесі ауылда болатын той-томалақтан артылмайды. Ауыл тұрғандарының бұрынғыдай асып-тасып жатқан еттері де жоқ. «Кейбір күндері дастарқанға қоятын қант таппай қаламыз» деп отыр. Негізі, әл-ауқатымызды өткен күнге қарап салыстыруымыз керек. Бұрын халықтың қарны, көңілі тоқ жүретін. Мен ауыл шаруашылығын жетік меңгергендіктен, 90 жылдарға қарағанда елімізде мал санының азайғанын сенімді айта аламын. Бұрын медициналық норма 82 келі болса да, жан басына жылына 90 келі ет өндірілетін. Ал 2001 жылдан бастап, жан басына 41 келі ет өндірілсе де қуанатын болдық. Яғни ет өндіру саласы екі есеге қысқарды. Жалпы, ет өндіру саласы емес, басқа да салалардың жұмысы екі есеге қысқарды. Қазір ауылда бала, мұғалім және зейнеткер ғана қалды. Биыл ауа райының қолайлы болуына орай 30 миллион тоннаға жуық астық алдық. Бұл бүгінгі күнмен алғанда, өте жақсы көрсеткіш. Бірақ осы тұста бір нәрсені айта кетейін. 90-жылдары тек мал үшін 80 миллионнан астам бидайды қоймаға сақтайтынбыз. Бүгінде малға 2-3 миллион тоннаға жуық астық өндірудеміз. Өткен аптада қар астында қалып қалған астық туралы ақпарат шықты. Яғни біз сол бар-жоғы 30 миллион тонна астықты сақтайтын қойма таппай отырмыз. Себебі, бұрын болған қоймалар жарамсыз болып қалды. Оны ешкім жаңартқан жоқ. Қазір нақты қанша бидайды сақтай алатынымызды ешкім білмейді. Ал биыл жиналған астықтың 4 миллион тоннаға жуығы жарамсыз болып қалайын, – деп тұр. Өкінішке қарай, бұл қауіп жалғыз бізге емес, көрші жатқан ресейліктердің басына төніп тұр. Жиналған астықтың 10-15 пайызы құрдымға кетуі үйреншікті жағдай. Енді қалған астықты сақтап қалудың жолын іздеуіміз керек. Мен Ауыл шаруашылық министрлігінің жұмысына «3» деген баға қояр едім.
Ғани Қалиев,
«Ауыл» партиясының төрағасы («АйтPARK» пікір-сайыс клубында айтқан сөзінен)

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...