19 Май 2012 | Сенбі

Апта-ақпар

Мемлекеттің мерейі

Түйсікпен түйіндесек, Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Отаны жоқ жан ғана мұны жақсы түсінеді. Еркін елдің туы көк аспанда желбірегеніне – 20 жыл.


Мемлекет басшысы айтқандай, осы жылдары елеулі жұмыс атқарылды, көп қиындықтан өттік. Елімізді осындай беделге жеткіздік. Мемлекеттің мерейін үстем етуге әр азамат үлес қосты, аянбай еңбек етті. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар лауазымы жоғары қызметкерді мемлекеттік наградамен марапаттады. Айтулы іс-шарада Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы – тұтас бір кезеңнің қорытындысы деп бағалады. Елбасы мемлекеттік награданы тапсыру кезінде осы жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарғанын жеткізді. Тұрмысы түзелді. Президенттің пікірінше, осындай нәтижеге барша қазақстандықтардың ерен еңбегі арқасында жеттік. Қазақтың ен даласында жұмыс істеп жүрген, шекарада тұрған азаматтардың да еңбегі мол. Үлесі орасан зор. Президенттің Жарлығымен бір жарым мың адам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Атап айтқанда, еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қаласының әкімдері, Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, Бас прокурор  Асхат Дауылбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғалар марапатталды. «Қазақстан бұл белеске тұғырлы әрі абыройлы ел ретінде зор табыспен келгеніне осы күндері барша ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Жасампаз 20 жыл тәуелсіз еліміздің жұлдызды жылнамасы болып табылады. Сіздердің тәуелсіздікке қосқан үлестеріңіз орасан зор, сондықтан мен бүгін сіздерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалін арнайы тапсырамын», – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонының взвод командирі, марқұм Ғазиз Байтасовқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Мемлекет басшысы бұл награданы Ғ.Байтасовтың зайыбы Гүлжамал Тәжиеваға тапсырды.

(өз тілшіміз) 

Пікірлер

Аватар пользователя Oguzhan
Oguzhan 29 03, 15:44

If only there were more clever peolpe like you!

Аватар пользователя gbqaxbqfax
gbqaxbqfax 30 03, 04:40

aqLFOe nunhtpcfpkaw

Аватар пользователя Starly
Starly 09 04, 14:13

buy viagra :-[[[ free auto insurance quotes 0598

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
8 + 12 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ