Бұрын мультфильм саласының мамандары «Қазақ – ертегі мен аңызға бай халық. Егер қаржы бөлінсе, қаншама жақсы анимациялық фильм түсіруге болар еді», – деуші еді. Ал бүгін ше? «Үкімет тарапынан мультфильмге көңіл бөлініп, қаржы бөлуде, бірақ кәсіби маман шеттетіліп жатыр», – деген пікір айтады. Белгілі мамандар «Жас қазақтың» конференциясында» қазақ мультфильмінің бүгінгі жай-күйі туралы пікір алысты.
Жас қазақ: Соңғы жылдары қазақ киносына үкімет тарапынан көңіл бөлініп, бірінен соң бірі кино түсіріліп жатыр. Қазақ мультфильмінің бүгінгі жай-күйі қандай?
Қайырғали Қасымов: «Қазақмультфильмнің» ғимаратына жөндеу жұмысы жасалып, жаңа технологиямен жабдықталды. Қазір қысқа метражды бір мультфильмге он екі миллион теңге қаражат бөлінеді. Әрине, бұл аз ақша емес. Бұрын үш миллион теңге беруші еді. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде мультфильм түсіріп жатқандардың көпшілігі мультипликатор емес. Суретшілер режиссер болып кетті. Шынын айтқанда, кейбіреулер режиссер мамандығын саудаға салып, қадірін қашырды. Бір нәрсе анық: маман түсірмесе, мультфильм ешқашан жанданбайды. Кезінде Әмен Қайдаров жалғыз өзі қазақ мультфильмін қалыптастырып, жандандырып, биікке көтерді. Қазір Әмен ағамыздың шәкірттерінің шәкірттері бар. Олар мультфильмнің қыр-сырын жетік біледі.
Тиын-тебенді қанағат тұтып, мультфильм түсірген жанкешті мамандар бар. Енді бүгін неге олар шеттетілуі керек? Неге шетте қалуымыз керек? Кезінде «мультфильм түсірейік десек, ақша жоқ» дедік. Енді бюджеттен қаражат бөлініп жатқанда, жақсы мультфильм түсіре алмасақ, балалардан ұят! Жәкен Дәненов «Ер Төстікті» түсіріп жатыр. Сол «Ер Төстікке» Самұрық туралы аңызды араластырып жіберді. Меніңше, әрқайсысы жеке-жеке тақырып.
Ғали Мырзашев: Бұл – саясат. Мультфильмге саясатты араластыруға әсте болмайды.
Қайырғали Қасымов: Балаға арналған дүниеге саясатты тықпалаудың қажеті жоқ еді.
Ғали Мырзашев: Бастапқыда «Ер Төстікті» қолға алғанда басы-қасында болдым.
Қайырғали Қасымов: 2009 жылы «Қазақмультфильмнің» басшылығына Жәкен Дәненов пен мына отырған Ғали Мырзашев келді.
Ғали Мырзашев: «Ер Төстіктің» Жәкен – режиссері, мен – суретшісі болдым. Еуропада алпыс минуттық мультфильм түсірсе, үш-төрт режиссер, бес-алты суретші болады. Бір анимациялық фильмді шығаруға жүздеген адам қатысады. Бізде ше? Жалғыз режиссер, жалғыз суретші. Егер кейіпкер тартымды болмаса, мультфильм түсірудің қажеті жоқ. Иә, Ер Төстік – тартымды кейіпкер. Өкінішке қарай, «Ер Төстіктің» жыры «Көшпенділердің» жырынан кем болған жоқ. Бұл мультфильмнің сценарийі тым саясиланып кетті. Режиссермен келіспеген тұсым өте көп болды. Сосын кеттім... Кеткен соң сынап отырғаным жоқ. Мен неге кеттім? Орысша бес сценарий жазылды. Сценарийін Ләйлә Ақынжанова жазды. Біреулер оның сценарийін жаратпаған соң, Әлия Байғожина келді. Сосын сценарийін құшақтап, Әлия да кетті. Ер Төстіктің иығына бозторғайды, Шойынқұлақтың иығына қарғаны отырғызып, сурет салдым. Режиссер жаратпай, қабылдамай тастады. Не керек, екеуміз тіл табыса алмадық. Қазақша білмейтін, бұл саланың маманы емес адамды продюсер етіп қойды. Ол маған суретті қалай салуды үйрете бастады. Дүниеден Қайырғали да, Жәкен де, мен де өтемін. Бірақ артымызда жақсы дүние қалуы керек. Әмен ағада шығармашылық еркіндік болды. Ол кісі өзінің табиғатына келетін, өзін толғандырған дүниені түсірді. Өкінішке қарай, маманның сөзін қазір ешкім тыңдамайды. Қысқасы, «Ер Төстік» мультфильмінің жайы да «Көшпенділердің» жырынан кем емес.
Қайырғали Қасымов: О баста бұл мультфильм Әмен Қайдаровтың сценарийі негізінде түсіріледі делінген. «Сценарийді Әмен Қайдаров жазды» деп, Әмен ағаның атын пайдаланып, ақша бөлгізіп, Ғали Мырзашев пен Жәкен Дәненов түсіретін болды. Әмен Қайдаровтың дайын сценарийін лақтырып тастап, анаған-мынаған жаздырды. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген рас. Сосын Алдашинді шақырды. Ол қазақтың ертегісін Әмен ағадай, қазақтай қайдан түсінсін?
Ғали Мырзашев: «Ер Төстіктің» жай-күйінен хабардар болған Ермек Аманшаев «Шамаларың келмей ме, онда кәсіби маман шақырайық», – деді. Сосын халықаралық деңгейдегі білікті маман Алдашинді шақырдық. Шынында да, осы саланың білгір маманы керек болды. Оны продюсер «Көп ақша төлеу керек. Қаламақысы қымбат» деп қуып шықты. «Әмен Қайдаровтың сценарийі» деген әңгімеге келер болсақ, ол кісінің сценарийі барын білем.
Қайырғали Қасымов: Ол кісі жиырма жыл бұрын жазып қойған.
Ғали Мырзашев: Қайырғали, «Ер Төстіктің» айналасында жүргендердің ешқайсысы Әмен Қайдаровтың сценарийін сұраған да жоқ. Мәдениеттің басында жүрген шенеуніктерге Елбасы мультфильмге дұрыс көңіл бөлуді тапсырады. Олар осы саланың мамандарын жинап, жиын өткізеді. Шенеуніктер Әмен ағадан «Мультфильм саласына қатысты қандай арманыңыз бар?», – деп сұрайды. Сонда ол кісі: «Өмірбойы «Ер Төстікті» түсіруді армандадым», – дейді. Содан біреулер Ләйлә Ақынжановаға «Үлкен кісінің арманын жүзеге асырайық» деп сценарий жазуды тапсырады. Өз басым Жәкеннің режиссер ретінде айқын мақсатын көре алмадым. Бәріне «иә» деп бас шұлғи береді. Принципі жоқ. Қазір кімнің сценарийімен түсіріп жатқанын білмеймін. Анимация фильмінің күні тоқалдан туған баланың күні секілді. Әркімге бір жәутеңдейсің.
Гүлмира Садықова: Шынында да, қазір мультфильмге үкімет тарапынан жақсы көңіл бөлініп жатыр. «Қазақмультфильм» жаңа технологиямен жабдықталды. Аниматорлардың арманы орындалды. Біздің мамандар табысқа да жетіп жатыр. Шәкіртім Адай Әбілдиновтің «Аңшы» туындысын мамандар жоғары бағалауда. Ол – болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты жас. «Аңшы» жас көрерменнің эстетикалық талғамын қалыптастырып, қиялын шарықтатады. Идеясы мен философиясы терең. Қысқасы, кілтін таба білген. Рамиль Усмановтың да табысы қуантады. Балалар тұщынып көретін дүние аз кезде, жас таланттардың аяқ алысы бәрімізді разы етті. Өтпелі кезең дедік, дағдарыс дедік, балаларды ұмытып кеткеніміз жасырын емес қой. Бізде жақсы мультфильм түсіретін маман аз емес. Бірақ біздің басшылық әлі күнге дейін сол Ресейден маман шақырады.
Ғали Мырзашев: Мультфильм саласында жүрген қазақ мамандарының арасында менен кейін ВГИК-ті ешкім бітірген жоқ. Соңғысы мен болмауым керек. Талантты жастарды Ресейге жіберіп, ВГИК-те оқытуымыз керек.
Қайырғали Қасымов: Адай Әбілдиновтің «Аңшы» мультфильмінен оның өзіне тән қолтаңбасын байқадым. Ол – Өнер академиясының түлегі. Мен де ВГИК-ті бітірген жоқпын. Нормальный режиссермін. Айналып келіп, ВГИК-ті айта бересің.
Мультфильм түсіру үшін ең алдымен талант керек. Өнер академиясында да жақсы ұстаз жетерлік. Университетте дипломдық жұмыс жазатын кезде бағыт-бағдар беретін ғылыми ұстазың болады. Сол секілді тәжірибесі аз жастың қасында бағыт-бағдар көрсететін ұстазы болуы керек. Олар штат негізінде жалақысын алуы тиіс. «Құйыршық» пен «Тағдырды» түсіргенде қасымда ұстазым Әмен Қайдаров болды. «Тағдырды» түнгі он бірде бітірдім. Әмен ағаға хабарласып едім, ол кісі «Ертең көрем», – деді. Сценарийін Әмен аға жазған. Шәкірттерім көріп, көзіне жас алғанда мақсатымның орындалғанын сезіндім. Ертесіне Әмен аға көрді. Ол кісі де көзіне жас алды. Қуанғаным, мультфильм жас буынға да, аға буынға да әсер етті. Жалпы, сценарий режиссерді ойландырмаса, оны таспалаудың еш қажеті жоқ.
2010 жылдың маусым айында «Алтын сақа» мультфильмін түсіруге рұқсат алдым. Осы жылдың қаңтарында ғана компьютерге қолым жетті. Ермек Аманшаев Жәкен Дәненовке «Қайырғалиға компьютер бер» десе, ол: «Енді біреуді жұмыстан шығармасам, компьютер жоқ. «720х507»-мен түсіре берсін. Бәрібір телеарналар Қайырғалидың мультфильмін көрсетпейді ғой», – дейді. Бұл не сөз? Шынын айту керек, біздегі көп түйіткілді мәселе «Қазақмультфильмнің» басшысына байланысты.
Гүлмира Садықова: Көркемдік жетекшіміз Жәкен Дәненовті адамгершілік тұрғысынан сыйлаймын. Ал кәсіби тұрғыда ше? Иә, ол кісі тамаша суретші. Бірақ басшы мен қызметкерлер арасында тығыз байланыс жоқ. (Әрине, бәрі емес, бірақ басым көпшілігі). Ол күні бүгінге дейін авторлық кино түсірген кісі. Өз басым оның кесек бір мультфильм түсіргенін білмеймін. Ол эклермен айналысты. Ал мультфильм мен эклер екеуі екі бөлек жанр ғой. Бұрын жұмысқа өз үйімізге келгендей қуанып келетінбіз. Қазір барғым келмейді... Тынысым тарылады...
Ғали Мырзашев: «Қазақмультфильм» негізінен «Қазақфильмнен» бөлініп, өз алдына жеке студия болуы керек. Біз әлі күнге дейін өзімізді-өзіміз дәріптей алмаймыз. Кино – амбиция. Циркті қарсы алдында орналасқан Мұхтар Әуезов театрына қосып қоюға бола ма? Циркті қалайша драма театрға тәуелді етуге болады? Екеуі екі басқа әлем. Кино мен мультфильм де тура сол секілді.
Кейбіреулер «Ғали Мырзашев «Қазақмультфильмді» көшіріп әкетпек» деп ойлайды. Тіпті біреулер «Ғали осы мәселені көтеріп, ақша табуды көздеп жүр» дейді екен. Қорықпай-ақ қойсын, ондай ойым жоқ.
Бір жиында «Абылай ханның иті туралы анимациялық фильм түсірейік» деген мәселе көтерілді. Құдай-ау, Абылай ханның неге өзі туралы түсірмейміз? Итін қоя тұрып, өзі туралы жақсы мультфильм түсіріп алайықшы. Ақын-жазушылармен байланыс жоқ. Біз идеямызды айтсақ, олар жазып береді. Олардың бізбен жұмыс істеуге ниеті бар. ВГИК-те оқып жүргенде «Союзмультфильмнен» шықпайтынбыз. Сонда көрме залында суреттер ілініп тұратын. Мысалы, бір сценаристке сурет ұнаса, суретшіге өз тақырыбымен үндесетінін айтып, бірге жұмыс істеуге ұсыныс айтады. Режиссер бәрі қосылып, шығармашылық топ құрады.
«Қазақмультфильмнің» басшысы Жәкен Дәненов үлкен завод секілді. Ол жалғыз өзі бүкіл Қазақстанды қамтитын өнім шығарады. Адамды бір сәт аяу керек қой.
Қайырғали Қасымов: Оны не үшін аяу керек?
Ғали Мырзашев: Бір адамға екі лауазымды беріп қойған. Ал ол болса, көтере алмай қалды. Дәлірегі, дұрыс жүйе жоқ. Кезінде ол көркемдік жетекші, мен редактор болдым. Екеуміз тіл табыса алмаған соң, Аманшаев екеумізді де жұмыстан шығарды. «Екеуің «Ер Төстікпен айналысыңдар», – деді. Мен қуана-қуана келістім. Бір айдан соң Жәкен Дәненов өз қызметіне оралды. Мен таңғалдым. Ал менің орныма бұл салаға мүлдем қатысы жоқ әншіні алып келді. Ерлан Төлеутай – жақсы жігіт. Бірақ ол бұл саланың адамы емес.
Қайырғали Қасымов: Шынымды айтсам, қазір «Қазақмультфильмнің» ғимаратына кіргім келмейді.
Ғали Мырзашев: Менің де денем тітіркенеді. Кезінде сендерді шақырып, тартып едім, келмедіңдер...
Қайырғали Қасымов: Ғали, сен ол кезде айналаңдағы адамдарды көрдің бе?
Ғали Мырзашев: Мультфильм – бизнес. Бірақ біз әлі күнге дейін осы бизнестің көзін таппай келеміз. Диснейдің мультфильмдері қыруар қаржы әкелді. Шынында, о баста ақша табуды көздеп түсірілген дүниелер. Бізде ақшасын қайда шашарын білмей жүрген кәсіпкерлер жоқ емес. Сол қалталы азаматтар мультфильмге қаржы бөлсе, бұл «өз ұрпағына көңіл бөлді» деген сөз.
Қайырғали Қасымов: Кәсіпкер мультфильмді қайтсін?! Құдайға шүкір, үкімет ақша беріп жатыр. «Жүйе, жүйе» деп қоймайсың. Кезінде қолыңда билік болды. Неге сол кезде жүйені жасамадың? Ешкімді қастарыңа жолатпадыңдар ғой. Ресейден Алдашинді шақырдың. Неге сонда команда жинамадың? Бәлкім, «Ер Төстік» ойдағыдай болмас, бірақ келесі мультфильмді түсіруге дайын болатын едіңдер. Ғали, сенде мүмкіндік болды ғой, неге жасамадың, неге түсірмедің?
Ғали Мырзашев: Жығылған адамды бәрің жұдырықтағыларың келеді. Өзің жалғыз қалшы, сонда мені түсінер едің...
«Дөңгелек үстелді» жүргізген
Аягүл МАНТАЕВА
Тақырыпқа тұздық
Әбдіқадыр Сабыр:
Қайырғали «мультфильмді кәсіби мамандар түсіріп жатқан жоқ» деп дұрыс айтады. Ол – шындықты айтатын жігіт. Принципі бар азамат. Қаншама кәсіби мамандар амалсыздан өзге салаға кетті. Мысалы, Аманғалиев – күзетші болып жүр. А.Хасенов те шеттетілді. Қолынан іс келетін сол жігіттерге мультфильм түсіруге мүмкіндік берсе, бұл саланы жандандырар еді. Менің білуімше, үкімет бір мультфильмге он бес миллион теңге бөледі. «Қазақфильм» басшылығы болса, он екі миллион теңге береді. Штатта қаншама адам бар, үш миллион теңге басқа шығындарға жұмсалса керек. Қайырғали екеумізге сол он екі миллионды берсінші, төрт мультфильм түсіреміз. Жәкен Дәненов пен Ғали Мырзашев екеуі өздерін басшы болып мәңгі отыратындай сезінді. Соңында екеуі бір-бірімен айтысып, тартысты. «Қазақмультфильм» біреулердің жеке мүддесіне айналмауы керек. Меніңше, Жәкен Дәненов – өз орнында отырған адам емес. «Қазақмультфильмді» нағыз кәсіби маман басқармай, бұл сала ешқашан жанданбайды.

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Perfect awsenr! That really gets to the heart of it!
Wma3gl ykuyuoxsypxu
car insurance =-[ how to get prescription accutane >:-O
prednisone xoqr cialis 3196 home insurance >:OO term life insurance quote =)