19 Май 2012 | Сенбі

Дәулет

Мұнайгаз жәнемемлекеттік мүдде

Соңғы жылдардағы мұнайгаз саласындағы жақсы нәтиже-көрсеткіштерге қарамастан, осы салада шикізат өндіруде мемлекеттің үлесі небәрі 27 пайыз ғана екенін айтпай кетуге болмайды. Өндірілген мұнайдың қалған мөлшері шетелдік компаниялардың үлесінде. Шикі мұнай бірнеше бағыт бойынша экспортталады. Осының өзі отандық қайта өңдеу шаруашылығында түйінді түйткіл тудырады.


Бұдан шығатын қорытынды –  стратегиялық мақсатта біз әлі күнге дейін өңделмеген шикізатқа иек артып отырмыз. Бұл өз кезегінде мемлекетке тұрақты табыс әкелмейді. Елімізде әлі күнге дейін мұнайгаз саласының негізін құрайтын салалар: өндіру, қайта өңдеу, инфрақұрылым және салалық өндіріс, ғылыми-зерттеу, маман-кадрды даярлау бірімен-бірі қабаттаса дамып отырған жоқ. Осы жағдайды жақсартып алмай, біз көшбасшы елдердің қатарына іліге алмаймыз. Себебі, шетелдік тұтынушыларға  көмір сутегінің көп мөлшерін жеткізіп беру – шикізат бағытына шырматылған нақты бір саланы дамытуға да, ел экономикасын ілгерілетуге де ықпал етпейді.
Соңғы жылдардағы жағдайды сараптай отырып, еліміздің мұнайгаз саласына шетелдік капиталдың ағылып келіп жатқанын айтпай кетуге болмайды. Әсіресе, қытайлық компаниялардың екпіні ерекше.
Соңғы он жылдағы Қазақстандағы экономикалық өсім кейбір заңнамалық құжаттарға өзгеріс енгізуге жол ашып берді. Құжат мазмұнында елдегі мұнайгаз кенішін игеруге келген шетелдік инвесторларға басымдық беріліп, белгілі бір дәрежеде мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтірілді. Мұның ішінде маңызды түзетулерді атасақ, олар мыналар:
– мұнай экспортына салынатын салықты биржалық баға деңгейіне байланысты салуға салық заңына енгізілген түзетулер (2003 жыл).
– мемлекеттің мұнай активтерін қосарлы нарықта сатып алуға басымдық беретін заң. (2005 жыл)
– жер қойнауын пайдалану бойынша егер инвестордың іс-әрекеті Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса, мұнай келісімшартын қайтарып алуға құқық беретін түзетулер.
Осы түзетулерге сәйкес, бүгінгі күні мемлекет жаңа стратегияны жүзеге асыруда. Біріншіден, ақырындап өз активтерін қайтарып алуға
ниеттеніп жатыр. Екіншіден, әр мұнай жобасына 50 пайыздық үлеспен қатысуға әрекет ету. Үшіншіден, басқа елден мұнайгаз нысандарын сатып алу. Бұл бағытта 2005-2009 жылдары біраз жұмыс жүргізілді. Мәселен,
– Солтүстік Каспий жобасының 16,81 пайыздық үлесі сатып алынды;
– «Қазгермұнай» БК-ның 50 пайыз акциясы сатып алынды;
– «ПетроҚазақстан» АҚ-ның 33 пайыз акциясы және Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50 пайыз акциясы сатып алынды;
– «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 50 пайыз акциясы;
–  Павлодар мұнай-химия зауытының 100 пайыз акциясы сатып алынды.
Біздің еліміз, анығында,  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Батумидегі мұнай терминалын бақылауға алды, болашақта жоспарланған мұнай өңдеу кешенінің ірі акционерлерінің бірі болмақ. «Гапром» (РФ) мен «ҚазМұнайГаз» Орынбор газөңдеу зауытын аясында біріккен кәсіпорын құрды. (Әр қатысушының үлесі 50 пайыздан). Биыл голландиялық «Рум Петрол Групп» компаниясының 75 пайызы сатып алынды. Бұл компанияның Румынияда  жылдық қуаты 15 млн тонналық екі зауыты, еуропа елдерінде орналасқан 600-ге жуық  көлікке май құю бекеттері бар. Бұл қазақстандық мұнайдың қатысуымен жасалған тауар өнімдері Франция, Румыния, Болгария және басқа да Еуропа елдерінде сатылады деген сөз.
Ел Үкіметі мұнайгаз саласында Ұлттық компанияның үлесін ұлғайтуға тырысып жатқанымен, соңғы жылдары бірқатар инвестициялық жобалар ҚХР қаржылық қолдауымен, осы елдің банктерінің атсалысумен жүзеге асып жатқанын айтпай кетуге болмайды. Соңғы 2-3 жылда Қытайдан кредиттік желісі бойынша  13 млрд доллар келген. Қытай корпорациясы «ҚазМұнайГаз» компаниясының 11 пайыздық құнды қағазын сатып алды. Ол жақтың қаржы институттарының берген қаржысы есебінен битум зауытының құрылысын салуға, Атырау мұнайөңдеу зауытын қайта жасақтауға және басқа да жобаларға пайдаланылып жатыр.
Шетелдерде көмірсутегі ресурсын игеру ісінде Қытай мұнай компаниялары белсенділік танытып отыр. Мәселен, Африка елдерінде (Судан, Чад, Нигерия, Алжир), Орталық Азия аймағында (Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан), Оңтүстік Америкада (Венесуэла, Эквадор, Перу, Коста-Рике), Таяу Шығыста (Иран, Ирак, Оман, Сирия), Индонезия мен Ресейде жұмыс істеп жатыр. Соңғы он-он бес жылдардағы ҚХР экономикасында мұнайгаз саласын дамытуда жасап жатқан іс-әрекеті бұл саланың мемлекет үшін аса маңызды екенін және әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қытай елінде шикізатты өңдеу арқылы мұнайгазөңдеу және мұнайхимия кәсіпорындарын салу қарқынды жүзеге асуда. Сыртқы елдің үлесіне араласу арқылы ҚХР тек ішкі сұранысты, яғни отын мен мұнайхимия өнімдеріне деген күн санап отырған сұранысты  өтеп отырған жоқ, өздері аяқ басқан ел нарығына ену үшін осындай қадамға барып отырғанын түсіну аса қиынға соқпайды. Қытайда қайта өңдеу, әсіресе мұнайхимия  кәсіпорындарының қарқынды, жедел дамуы байқалып отыр. Жылдан-жылға әлемде мұнайхимия өндірісінің нақты тауарына сұраныс өсіп келе жатқаны белгілі. Осыған орай, 2001-2008 жылдары этилен өндіру бұл елде 68 пайызға өсті. Синтетикалық смола өндіру 2 есе,  синтетикалық каучук 70 пайызға, синтетикалық аммиак өндіру 26 пайызға өсті. Мысалы,  2009 жылы Душаньцзы қаласында (Батыс Қытай) 1 млн тонна этилен шығаратын зауыт, Фушунда, Гуансиде жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт, мұнайхимия кешені Үрімжіде, Нинсяйдағы 5 млн тонналық мұнайөңдеу кәсіпорны, Қарамай қаласындағы жағармай зауыты – осының бәрі болашаққа қызмет ететін стратегиялық нысандар.
Іске қосылғаны бар, іске қосылатыны бар, мұнайөңдеу және мұнайхимия саласындағы осынау жаңа нысандарға  жоғары сапалы отын, жанар-жағармай және химиялық нақты өнім алу үшін өнеркәсіп орындарына технологиялық модернизация жүргізіп жатқан тағы 10 кәсіпорынды қосыңыз. Стратегиялық өнімге мығым позиция ұстанып отырған аспанасты еліне әрі қызыға, әрі қызғана қарайсың. 
Міне, осының бәрі қытайлық компаниялардың Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласында қомақты үлеске ие екенін айғақтайды. Оның үстіне, бұл үлес көмірсутегі шикізатында, өндіріп оны қайта өңдеуде, құбыртөсеу жүйесінде және жанар-жағармай бекеттерінде бар. Осының бәрі экономикалық және ұлттық қауіпсіздігімізге әлі де болса сын көзбен қарауды талап етеді. Талап етіп қана қоймай нақты іс-әрекетке көшетін мезгіл келді.
Шетел инвесторларының төл нарықта қызмет етуі ішкі және сыртқы нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде өзімізге үлкен бәсеке екенін есте ұстайық.

 

Олег Егоров, мұнайгаз сарапшысы

Пікірлер

Аватар пользователя Riley
Riley 29 03, 21:27

The paragon of unedrstandnig these issues is right here!

Аватар пользователя duorrisjzwl
duorrisjzwl 30 03, 05:33

5dVgJV zandkqwhslyx

Аватар пользователя Shermaine
Shermaine 03 04, 18:45

what is prednisone used for kwsant viagra 887

Аватар пользователя Tiger
Tiger 05 04, 08:36

viagra 74760 cialis ffpths

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
4 + 6 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ