1975 жылы туылған бала бүгінде үшінші мүшелге аяқ басты. Отыздың бел ортасына келіп, қырықтың қырқасына қарай аяңдап барады. Бүгінде олардың кемінде 2-3-тен баласы бар...
Бұны неге айтып отыр дейсіз ғой, Қызылорда қаласындағы теміржолдың үстімен өтетін көпір, дәл сол 1975 жылы жоспарланған екен. Шойын жолды күніне бірнеше мәрте кесіп өтіп, өзінің де өзгенің де өміріне қауіп төндіріп жүретін жергілікті халықтың қуанышында шек болмады.
Әсіресе облыс орталығының батыс бөлігінде тұратын 80 мыңға жуық жұртшылық бұл көпірге үлкен үміт артып еді. Өйткені білім ордасына беттеген балалар көлікке лық толы көшемен, теміржолды күніне кемі екі мәрте кесіп өтетін. Көпір көпшіліктің осы сияқты қыруар қиындығын шешуі тиіс еді...
Сонымен, алғашқы жоспарды бастаған Кеңес өкіметі келмеске кетіп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында «көліктер су жаңа көпір арқылы зуылдайды» деген тағы бір жоспар дүниеге келген-тін. Көпірдің құрылысы 2008 жылы қолға алынды. Құрылыстың сапасы көңіл көншітпейтін туралы жергілікті, республикалық басылымдарда талай айтылды. Алайда құлақ асар адам табылмады. Көпірдің құрылысы аяқталды. Жергілікті билік Елбасын шақырып, 30 жылдан бері ойда жүрген жобаның жүзеге асқанын көрсетті. Бір айта кетерлігі, мемлекет басшысы Н.Назарбаев көпірдің басында болғанда «Көпір керек. Бірақ, құрылыстың сапасына көңіл бөлу керек еді...», – деп қалды. Яғни Президентте салдыр-салақ құрылысты байқап қалса керек. Бұдан кейін осы көпірді өз көзімізбен көріп қайтуға біз де аттандық... Құрылыстағы басты қателік, ерсілі-қарсылы емін-еркін өтуі тиіс көліктің өзі көпірдегі жолға бірде сыйса, бірде сыймайды. Автобус пен КамАЗ-дың бір-біріне қарсы келіп, көпірден өте алмай кептеліп тұрғанына куә болдық. Көпірдің көлік өтетін тұсының қапталында жаяу жүргіншіге арналған жалғыз аяқ жол мүлдем жоқ. Кептелген көліктердің арасынан саңылау тауып «сусып» жүрген халық. «Халықтың қамы үшін» дегендей? жаяу жүргіншілерге көпір астынан ені 1 метр болатын цемент құйып қойыпты. Дәл көпірдің астымен құйылған жалғыз аяқ жол, әлі күнге қиратылмаған қора іспетті құрылыс нысанына барып тіреледі. Осы жерде жол тоқтайды. Сосын қораның арғы бетінен тағы жалғасады. Бұл – қандай жобалаушының, одан кейін қандай құрылысшы компанияның басына келген «супер» ой екенін түсіне алмадық. Яғни бұл теміржолдың арғы бетіндегі 80 мың халықтың «40 жылға жуық арманы орындалмады» деген сөз. Ал бұл көпірге мемлекеттік бюджеттен 1 млрд 641 млн 900 мың теңге бөлінген. Қыруар қаражат қарастырылған құрылыстың, жобалық-сметалық құжаттамасында о баста қателік жіберілген. Жылу трассалары мен байланыс желілерін басқа жерге ауыстыру мүлде қарастырылмаған, жеке азаматтардан алынатын жер учаскелерінің өтемақысы ескерілмеген. Жергілікті басшылық осы кемшіліктерді жою орнына, меншік иесінің жеріне бас сұғып, соқыр тиын төлеместен, көпірді салып тастаған. Қазір, кәсіпорнының орнына көпір түсіп кеткен кәсіпкер Баянбай Бердікеев жергілікті құзырлы органдар мен соттардың табалдырығын тоздырумен жүр. Көпірдің астында кәсіпкердің 3047 шаршы метр жері қалған. Дау басталған 3 жыл ішінде Б.Бердікеев «Осыдан қайыр болады-ау» деген құзырлы мекемелердің бәріне жазып шыққан. Бәрінің дерлік жауаптары да бар. «Жергілікті әкімшілік жеке адамның мүлкіне қол сұққан», «Заңбұзушылыққа жол берілген» дегенге саятын хаттардың бәрі кәсіпкердің қоржынында жүр. Бірақ, оған құлақ асатын пенде жоқ.
Кәсіпкер Бердікеев көпір құрылысы басталғанға дейін оның кәсіпорны жылына 2 миллион теңге таза табыс әкеп тұрғанын айғақтайтын құжаттарын салық басқармасынан алып, әкімшілікке ұсынады. Яғни тоқтап тұрған 3 жыл ішінде кәсіпкер 6 миллион теңге шығынға батты деген сөз. Оның үстіне, 3 мың шаршы метрден астам жер учаскесі, 730 шаршы метрлік өндірістік ғимараты бар. Бұған кәсіпорынға алған 5 жарым миллион теңгелік трансформаторды қосыңыз. Алайда, әкімшілік осы жайттарды ескермейді. Меншік иесіне 12 жарым миллион теңгені қанағат тұт деуден шаршамайды.
Қала басшылығының рейдерлік әрекеті мұнымен шектелмейді. Жергілікті әкімшілік жеке меншік иелері А.Беркінбаева, С.Әлмұқанова, М.Есқалиевалардан көпір құрылысына қажетті жер бөлігін ойып алады. Қызылорда қаласының әкімдігі мемлекеттік мұқтаждыққа алған жер учаскелері үшін заңда қаралған нарыққа сай баға қою орнына тағы да ойдан шығарған өтемақыны төлеп құтылған. Мәселен, А.Беркінбаеваға – 11 800 теңге, С.Әлмұқановаға – 23 200 теңге, М.Есқалиеваға – 5 500 теңге беріп құтылған. Әкімшіліктің қисынсыз қылығы бұл ғана емес. Кезінде көшеге қараған қақпалар алынып тасталып, көпір көшесі меншік иелерінің учаскесіне кіріп, қабырға орнына қаңылтыр қағылып тасталған. Тасжол 1,5-2 метрге биіктеу болғандықтан, тоғыз жолдың торабында орналасқан үйлер көшенің ортасында қалып қойған. Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, өрт қауіпсіздігі мақсатында ені 6 метрді құрайтын өрт машиналарының өтуін қамтамасыз ететін жолақ қарастырылуы қажет. Бұл – жалпыға ортақ талап. Қала басшылығы бұл талапты орындамақ түгіл, көпір жобасында қарастырылған тратуар жолды да салуды қажетсіз, – деп тауыпты.
Аты шулы көпірдің құрылысына бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалғанына қатысты да сан сауал бар. Тексеру жүргізген «СерпінАудит» компаниясы құрылысты жүргізген мекеме 1 530 940 797 теңгенің 315 576 302 теңгесін негізсіз иеленгенін және 214 475 463 теңгесін мақсатсыз жұмсағанын, барлығы 530 051 765 теңге мемлекет залал келтіргенін анықтайды. Алайда, қала басшысы да, облыс әкімі бәз-баяғыша дымдары ішінде. Құрылысқа бөлінген қаражаттың қомақты бөлігінің айдалаға кеткеніне қатысты енді қаржы полициясы да қызығушылық танытып отыр.
Бір таңғаларлығы, осыншама заңбұзушылықтарға, көпір құрылысының сапасыздығына қарамастан, мемлекеттік комиссия көпірді қабылдап, онымен көлік өткізіп отыр.
Нұрбол Алманов,
«Нұр Отан» ХДП Жемқорлыққа қарсы
медиа-орталығының редакторы

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
health insurance quotes 5001 cheap generic cialis vlub cheap car insurance dvheew viagra jvoov
healthinsurance vbjwek discount auto insurance 278525 car insurance online hveihg life insurance quotes ybsmtw
homeowners insurance vyqua car insurance rates :[[ mobile home insurance florida 29258
levitra uwk individual health insurance plans jhffkz insurance home qxvvrw generic viagra levitra and tadalafil kqapbw
auto insurance quotes 333719 health insurance quotes :( cheap auto insurance 88649
online accutane 995 infinity auto insurance 8] auto insurance qrp colchicine in awmmy
florida auto insurance syq car insurance online 06694 small business insurance florida 8OO