19 Май 2012 | Сенбі

Көңілашар

IT-киіз үй ашылды

Жұмыссыздарды жарылқаған жаңа жоба жасалды. Өскемендегі А.Пушкин атындағы кітапханаға ІТ-киіз үй  орнатылды.

Онда компьютердің «құлағында ойнайтын» жас мамандар жұмыссыз жүрген 19 бен 35 жас аралығындағы азаматтарға компьютерлік технологияның қыр-сырын үйретеді. Сонымен бірге, ғаламтордың ғаламатын да осында меңгеруге мүмкіндік мол. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет ететін кереметі көп киіз үйде Wi-Fi байланыс, ноутбук, web-камера, электрондық оқулық, букридер, сканер,  ксерокстер бар. Жоба авторлары бұл бағдарлама дәстүрлі және заманауи технологияларды біріктіретінін айтады. Жастар мұнда жұмыс іздеп, өздерінің түйіндемелерін жіберуге, е-үкіметтің қызметін көруге, мамандардан алыста отырып-ақ кеңес алуға мүмкіншілік табады.

 

Нұрбол Құдайбергенов

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
7 + 7 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ