Путин ашса алақанына, жұмса жұдырығына сиятын Еуразиялық Одақты армандайды
Міне, есігімізді 2012 жыл да қақты. Осы 2012 жылмен бірге сол есіктен Еуразиялық Одақ та кіріп келе жатыр. Бұған дейін де Еуразиялық Одақ жайлы аз айтылып, аз жазылған жоқ. Алдағы уақытта және де жазыла беретіні шүбәсіз. Осы сөзіміздің айғағындай етіп, 3 қаңтар күні «Associated Press-тің» тілшісі Питер Леонардтың мақаласы жарық көрді. Онда автор Еуразиялық Одақты Мәскеудің кеудемсоқ жобасы ретінде бағалады. Питер Леонардтың пікірінше Мәскеу Еуразиялық Одаққа мүше елдерді жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстамақ көрінеді. Бұл орайда Ресейдің премьер-министрi В.Путин жаңа Одақтың арқасында Мәскеуді әлемдік деңгейдегі қозғаушы күшке айналдырып, сауда-саттық қатынасының идеологиясын да өз уысында ұстағысы келетінін тілге тиек еткен.
Бұрынғы Кеңестер Одағына мүше елдер әу басында аймақтық экономикалық бiрiгудi тұжырымдама ретінде ғана қарастырып келген еді. Еуропаны жайлаған дағдарыстың алдын алудың бірден-бір жолы «Еуразиялық Одақ құру» деп түйсінгендер де бар болатын. Оған қарсылық білдіргендер де аз болмады. Соған қарамастан, бүгінде аталған тұжырымдама әлемді үрейлендірген дағдарыстан шығатын «жалғыз жол» ретінде қарастырыла бастады. Бұл жөнінде: «Еуразиялық Одақ соңғы 20 жыл ішінде өз экономикасы үшін күресіп, етек-жеңін жиып үлгерген кейбір тәуелсіз елдер үшін тиімсіз. Өйткені, Еуразиялық Одақтың тізгіні Путиннің амбициясының қолында. Ол амбицияға халық төтеп бере алмауы мүмкін» деп жазады «Associated Press-тің» тілшісі. Ресей осы ішкі ойын Қазақстан мен Белоруссиямен біріге отырып іске асыруды бастап кетті. Осы үш елдің шекараларындағы кедендік бақылау алынып, тауар айналымына еркіндік берілді. Бұл қадам Орталық Еуропа мен Тынық мұхитының, арысы Памир таулары мен берісі Ауғанстан шекарасының арасындағы кең байтақ өлкенің бір жүйеге тоғытыла бастағанының көрінісі. Бұл жоба жайлы ең алғаш 1991 жылы айтылды. Оған бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлініп шыққан 15 тәуелсіз елдің 11-і қолдау көрсеткенімен, жоба сәтсіз аяқталған-ды. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдары осындай одақтың қажеттігі жөнінде ортаға идея да тастады. Бірақ, ол кезде бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін емес болатын. Оның үстіне, бұл қадамға ешбір мемлекет дайын емес еді. Осыдан аттай 20 жыл бұрынғы идеяны Ресейдің бұрынғы президенті В.Путин қолдағаны белгілі. Десе де, 2000-2008 жылдар аралығында Ресей президенті болғандықтан да, жобаға бел шеше кірісуге мүмкіндігі болмады. Сонымен қатар алдын ала басталған осы жылдың наурызындағы сайлауға дайындық барысы да Путинге тұсау салғандай әсер еткені белгілі. Оның үстіне, өткен желтоқсандағы Ресейдегі парламент сайлауынан кейінгі толқулар Путиннің ойына кері әсерін тигізді. Десе де, «шешінген судан тайынбайдының» керімен, Мәскеу билігі алдыға қадам басып келеді. Оның айғағы ретінде Путиннің президенттік сайлауға түсу үшін дайындаған бағдарламасындағы сыртқы саясат жайлы ойларын келтіруге болады. Ол жерде Еуразиялық Одақ 2015 жылға дейін аяғынан нық тұратыны жазылған. Сонымен қатар бағдарламада Ресей мен оның көршілері дүниежүзілік нарыққа бәсекеге түсу үшін де осы одақтың қажеттілігі айтылады. Бұл жөнінде «Associated Press» «Путин кеңестік кезеңдегі саяси және экономикалық ықпалын қалпына келтірмек» деген ойын білдіріпті. Бұл әлем алдындағы Ресей позициясының күшеюге бет алғанының белгісі. Сонымен қатар автордың пікірінше, путиндік одақтың мүшелерінің не құрылым кедей, қалтасының тесік болғаны маңызды екен. Себебі, қалтаның тесіктігі белгілі дәрежеде өзге елдерді Ресейге кіріптар болуға итермелейді. Осы арқылы бұрынғы Кеңестер Одағын қалпына келтіруге, Ресейдің позициясын кемелдендіруіне болады. Ресей ол үшін әркімге қол ұшын созуға бейілді. Бұл мәрттік Мәскеу позициясының артуына да оң ықпал етіп отыр. Мәскеу мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің профессоры Иван Сафранчук Ресейдің бiрнеше жыл бұрын артта қалған бұрынғы кеңестік елдерге қаржылай көмек беру туралы қорытындыға келгенін айтады. Оның айтуынша, Мәскеу сенiм білдіру туралы нұсқау шығарған. Сол нұсқау арқылы Ресей өзгелерге мұнай, газ, электр және әскери жабдық сатқанын бiлдiрдi. Бұл стратегия Украина, Белорусь, Қырғызстан елдері арасындағы инфрақұрылымының жақындауына әсер етті. Осы арқылы Ресей Кеңес Одағының ыдырауына әкелген кемшіліктердің бетін бүркемелеуге талпынатын сыңайлы. Путиндік одақ күшіне енсе, оның да ертеңі Кеңестер Одағы секілді күлі көкке ұшуы мүмкін. Сол себепті де, Мәскеу үшін сенімге кіру ең басты мәселе болып отыр. Міне, 1 қаңтардан бастап, біртұтас экономикалық кеңістікке кірдік. Ресей үшін Белоруссия мен Қазақстан нарығындағы жаңа 30 миллион тұтынушыға жол ашылды. Ал, енді Белоруссия мен Қазақстан 140 миллион тұтынушысы бар Ресей нарығына шыға алады. Ресейлiк өндiрушiлері үшiн, бұл тәуекелді іс. Олар аталған екі елді де өз нарығынан ығыстыра алады. Экономикалық ахуалы күрделі Орталық Азиядағы Қырғызстан мен Тәжікстан да осы одаққа кіруге ниетті. Отставкаға кетер алдында бұл жөнінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отынбаева: «Мен өз елімнің тағдырын Еуразиялық Одақпен сабақтастырғым келеді» деген. Отынбаева өз еліндегі халықтың жұмыс үшін Ресей мен Қазақстанға ағылатынын, сол себепті де бар капиталды осы екі елден күтетінін тілге тиек еткен. Ал жаңа президент Алмаз Атамбаевтың пікірінше, америкалық авиабаза орналасқан Қырғызстанның тағдыры Ресеймен тығыз байланысты. Ал іргедегі Тәжікстанның жайы да белгілі. Саяси тұрақсыз Ауғанстанмен шекаралас тәжіктер үшін осы уақытқа дейінгі Ресеймен болған саяси дипломатиялық дау дамайды ысыра тұрып, Еуразиялық Одаққа кірген тиімді секілді көрінеді. Өйткені, онсыз да, өз елінен жұмыс таппаған тәжіктің 1 млн мигранты Ресейде жұмыс жасап жүр. Сол 1 млн жұмысшының тағдыры, асау тәжіктерді ноқталайтыны хақ. Өз мигранттары үшін Тәжікстан Ресейдің ұсынысынан бас тарта алмайды. Десе де, Еуразиялық Одақтың басқа да қабілетті мүшелері сақтықпен «бір шоқып, екі қарайтынын» айтуымыз керек. Мысалға, күні бүгінге дейін Украина нақты бір шешім қабылдамай отыр. Өйткені, ол елдің Батыс Еуропамен экономикалық және саяси байланысы тереңде жатыр. «Сол байланыстың тамырына балта шабу, өз елінің басын қауіп-қатерге тігу» деген сөз. Ал Армения да Еуразиялық Одаққа құшағын жая қоймады. Өйткені, ол ел Грузияның ықпалында. Грузияның әрдайым да Ресей мемлекетімен саяси дау-дамайға баратынын ескерсек, Еуразиялық Одаққа бұл елдердің қызығушылық таныта қоюы екіталай.
Карнеги Мәскеу орталығының директоры Димитрий Тренин Еуразиялық Одақтың саяси жоба емес екенін айтады. Оның пікірінше: «Қазақстан басшылығы өз елінің тәуелсіздігінен бас тартып отырған жоқ. Белорустықтар да Ресейдің бір бөлшегі болғысы келмейді». Десе де, көрші елдердің Кремльдің үстемдігінен сескенетіні анық. Путин билікке келгеннен кейін сыртқы істер министрлігіне стратегиялық көзқарасын ашық түсіндірді. Нәтижесінде, 2000 жылдан бастап жұмыс жасап жатқан құжаттан «Ресейдің ұлы державаға» айналуға қадам жасағаны аңғарылды. Осы қадам Ресейдің мүддесіне қызмет ететінін, оның қазіргі заманғы әлемдегі аса бір ықпалды орталыққа айналатынын да түсіндіріп бергендей болды. Ол – ол ма? Бұл идея Путиннің «Біртұтас Ресей» партиясының сайлауалды ұраны да болды. Жаңа одақ біздің еліміз үшін әмір жүргізудің құралы. Ал, Трениннің көзқарасынша, Кремль үстемдігі жайлы айтылған пікірлер негізсіз екен. Бұл тек Ресейдің нарығын кеңейтетін. «Қазақстан мен Белоруссия сол нарықтың үштен бір бөлігін ғана құрайтынын ескеруіміз керек» дейді. Сонымен қатар: «Бұл – өте жақсы бастама. Бірақ, бұл бастама сіздерге саяси ықпал етуді көздемейді», – дейді ол.
Питер Леонард
(“Associated Press”, 3 қаңтар 2012 жыл)

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Қазақтың - Жерінде, Рухында, Тілінде, Халықтығында - сатқан НӘН енді Тәуелсіздігінде Путинге сатып жатыр. Кеден одағынан Қазақстан опа тапқан жоқ, Евроазия одағымен қазақты құрту ғой !
Never seen a bteetr post! ICOCBW
Wham bam thank you, ma'am, my qesutoins are answered!
YeQ7bi lizscsxqgurc
Holy Toledo, so glad I cileckd on this site first!
order accutane online sybe where to buy viagra =-(
health insurance 649007 kamagra viagra cialis apcalis 9953
where to buy prednisone 874249 cialis generic 513 auto insurance quotes 672720 cialis 555662