19 Май 2012 | Сенбі

Соңғы жаңалықтар

Балабақша асханасында - тышқанның уы, жатын бөлмеде - порнографиялық өнім!

Тышқанның  дәрісі – асханада, ал ұятты көріністер басылған DVD дисктері – жатын бөлмеде! Алматыдағы балабақшаларды тексеру кезінде осындай өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Бала тәрбиесімен айналысып отырған жандар мектепке дейінгі мекеме ішінен табылған заттарды «жеке мақсатта алып едік» деп ақталуда.

 Гүлжамал Нұрманбетова,  балабақша меңгерушісі:

 -  Прокурор   өзі  ақтарып қарап тауып алған ғой. Порнография....   танып тұр ғой. Бұл жерде менің алып-қосарым жоқ.   Оған қатысты жазған түсініктемесі бар. Бір қызметкер бар,  жер үйде тұратын,  соны сатып  алып,  бірнеше ай бұрын,  қойған жерінде ұмытып кетіпті.

 100 граммнан асатын егеуқұйрықтың уы мен мультфильм дискілерінің арасынан эротикалық суреті бар бейнетаспаны тексеру жүргізген прокуратура өкілдері тауып алыпты. Енді аталған заңбұзушылықтарға қатысты қызметтік тексеру жұмысы басталды. Алматы қаласының бір ғана Жетісу ауданында  “Балапан” бағдарламасы бойынша 9 балабақша жұмыс істейді. Өкініштісі,   мектепке дейінгі мекемелердің барлығында заңбұзушылықтар  тіркелген. Соған қарамастан құзырлы орган барлық істі қалалық білім департаментіне өткізіп беріпті.

 Данияр Арыстанбаев,  Жетісу аудандық прокурорының аға көмекшісі:

 - Прокуратура тарапынан біз  ол кісіге ешқандай шара қолданбаймыз.  Алматы қаласының білім басқармасына енгіземіз.   Білім басқармасы ол  адамға  қатысты тәртіптік жаза қолданады. 

 ktk.kz

Пікірлер

Аватар пользователя Көкбөрі Кемал
Көкбөрі Кемал 08 03, 08:22

Мұны менің қызметкерім көріпті деп ақталудың қажеті жоқ Мүмкін өзі көрген шығар

Аватар пользователя Асау Бектұр
Асау Бектұр 08 03, 08:24

Оңбағандар бала тәрбиесімен де осындай адамдар айналысады екен ғой

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
14 + 4 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ