«Роллтон ала келші…» Бөлмелес құрбымнан келген SMS-ті оқи сала, жол жиегіндегі дүкенге бұрылдым. Әдеттегідей ығы–жығы студенттер. Кезекке тұрдым. «Екі роллтон беріңізші…» Алдымдағы қыздың «тапсырысын» орындап біткен соң, сатушы апай маған иек қақты. «Маған үшеу…», «Бақандай» 105 теңгені алақанына салдым да, «азық-түлігімді» көтеріп, жатақханаға беттедім…
«Мясо по-тайски» мен бешбарбақты күнделікті асына айналдырған студентті көрсеңіз, не ол үлде мен бүлдеге орап отырған әке-шешесінің ыстық ұясынан ұзай қоймаған қала баласы, не сіз түс көріп жатқан болуыңыз мүмкін. Жасыратыны жоқ, жатақхана жастарына «жараспайтын» қымбаттау тағамдарды «студент-асқазандар» ай соңындағы стипендия түсерде ғана татып көреді. Басқа күндері мәзірде – макарон, майонез, жұмыртқа, дайын пельмендер мен қытай кеспелері.
Таңғы сегізден кешкі беске дейін созылатын сабақ арасында қарын құрғырды қызыл самсамен алдап қоямыз көбіне. Асханадағы ұзын-сонар кезектің соңын күтем дегенше, жарты сағатым зая кетті дей беріңіз. Оның үстіне, қарын мен қалта бірдей көтеретін қарапайым ауқаттар қас-қағымда жоқ болады да, «Шт. – 250 тг» деп жазылған құйтақандай котлеттерге «өкпелеп», кері қайтасыз. Содан болар, студенттердің көбі дайын автоматтардағы шырын мен шоколадты талғажау етеді. Сабақ біткен соң, жатақханаға бірден бара алсаңыз жақсы. Құшақ-құшақ кітаптарға көміліп, оқу залынан көз байлана шыққаннан соң, сүлдерің сүйретіліп, «сүйікті тұрағыңа» әрең жетесің. Онсыз да шаршап келген басыңыз осы кезде «ақыл» береді де, дәстүрлі «Доширакты» дайындайсыз, амал жоқ.
«Ит арақты ішпейді» дегенге таң қалушы ем. Жануар екеш жануар да асты айыра білетін болғаны ғой онда. Бір құрбымның күшігі қытай кеспесін аузына алмайды. Біздің «ұлттық» тағамымызды «менсінбегені» үшін біраз ренжіп те қалғанбыз кезінде.
Гастроэнтеролог дәрігерлердің айтуынша, әрбір үшінші студент – олардың пациенті екен. «Студент үш мезгіл тамақтануы тиіс: дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі» деген әзілдің астарында да шындық жатқанының дәлелі ғой бұл. «Ең қауіпті тағамдар тізімін» бастап тұрған түрлі сапасыз тәттілер, майонез, шұжық, газды сусынға әбден үйренген студент төрт жылдан соң, дипломға қосымша «гастрит» диагнозын алып шықпасына күмәніміз жоқ.
Асқазан үшін «ауыр кезең» – сессия шағы болар, бәлкім?! Онсыз да оқу қажытқан жас ағзаға жарытымды ас дарымаған соң, солған жапырақтай әлсірей береді, әлсірей береді. Ертеңгі болатын емтиханыңыздан сүрініп, шәкіртақыдан қағылғыңыз келмесе, «ол жақтан» да келетін «бұйрықтарға» бас шұлғи жүріңіз. Диетологтардың кеңесі бойынша, есте сақтау қабілетін жақсартқыңыз келсе, ананас пен сәбізді серігіңізге айналдырыңыз. Үккіштен өткізіліп, өсімдік майымен араласқан сәбізді күнделікті рационыңызға қоссаңыз, емтихан кезінде жаттаған формулаларыңыз «мені жаз, мені жаз» деп, еске түсіп тұратын көрінеді. «Табиғи флэшкаңызға» кө-ө-өп мәліметтерді сақтағыңыз келсе, күніне ананастың бір данасын, тым құрығанда, бір стақан шырынын ішіп тұру өте пайдалы. Ал пияз миға оттегінің үздіксіз түсіп тұруын қамтамасыз етеді. Бірақ сынақ алдында сары пиязға «жылағаныңызша» тойып алудың қажеті жоқ. Одан да жарытып, жаңғақ жегеніңіз жөн. «Жалқауланып қалған» миымызды жұмыс істетіп, жәрдем беретін жемістер қатарына лимон шырыны, қарақат, мүкжидектерді де жатқызуға болады. Рас, студент қауымы үшін түсімізде ғана көретін бұл «кереметтерді» күн сайын жеп тұруға мүмкіндік жоқ. Бірақ жоғарыда келтірілгендердің кейбіреуі жатақхананың әр бөлмесінен табылары анық.
Қара нан мен майонезді асқазанға аттандырып, армансыз ойнап-күлетін студенттік шақтың шамалы ғана қызығы ғой бұлар. Жарты сағат қарын тойдыруға қауқары жететін жарытымсыз кеспелердің жиырма қағазын өткізіп, гастритті емдейтін санаторийге «жолдама» ұтып алғанша, аз да болса мәз тамақтану керек пе деп қаласың кейде…
P.S.Құрбымның айтқаны есіме түсіп, ана жолы Ақтөсімнің итаяғына бір тостаған қытай кеспесін қотара салғам. Жемеді…
botakoz

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Ботакоз жатакханада студенттин бари роллтон жейды ол рас ал енды кушак кушак китап окитыны хым коп емес ау енди сиз сиякты осындай макала жазатаындары болмаса. Нур Астанага макала жазган сиз емес па?
Insights like this liven things up aronud here.
OtRwvc zuvzqcchiwgd
car insurance lldyry buy viagra in usa 301
affordable health insurance %-)) free car insurance quotes :-[ new jersey car insurance ggwql life insurance companies %-D