19 Май 2012 | Сенбі

Апта-ақпар

Армандаған Алматының метросы

Кеше Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі бірдей нысанның ашылу салтанатына қатысты. Бірі – күрделі жөндеуден өткен Республика Сарайының ашылу рәсімі болса, екіншісі – жұртшылықты көп күттірген Алматы метросының іске қосылуы. Метроның алғашқы жолаушысы болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күннің еліміз үшін тарихи маңызы бар екенін баса атап көрсетті. Өйткені, мұндай нысан елімізде тұңғыш рет ашылды.
«Бұл күн ел тарихының жылнамасына жазылатын болады. Тәуелсіздік кезінде қандай іс тындырғанымызды көзге елестетудің өзі қиын. Тіпті мен дағдарыс кезінде де бұл нысанға қаржы бөлуді тоқтатқан жоқпын», – деді Мемлекет басшысы.
Алдын ала жасалған есеп бойынша, Алматы метросы алғашқыда күніне 26 мың адам тасымақ. Кассирлерден бөлек, стансаларда өткізу бекеттерінің бақылаушылары жұмыс істейтін болады. Жолаушыларға қызмет көрсететін мамандар Санк-Петербор метрополитенінде оқу-жаттығудан өткен. Алматы метросының іске қосылған алғашқы желісі 8,56 шақырымға созылып жатыр. Қалада 7 станса іске қосылды. Олар – «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Әуезов атындағы драма театры», «Алатау» стансалары. Орташа тереңдігі – 40 метр.
Алматы метросының жолақысы 80 теңге болмақ. Ол смарт-карта мен смарт-жетон арқылы төленеді. Тарифті бекітерде Алматы қаласының әкімдігі ТМД қалаларындағы жолақы деңгейі мен жолаушылардың толық болмауы да ескеріліпті.
Тағы бір қуанышты хабар бар. Метросы құрылысының екінші кезеңі де қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде «Бірінші Алматы» вокзалы мен «Қалқаман» ықшамауданының арасын жалғайтын 24 шақырымдық желінің 400 метрі қазылып қойылған. Құрылысшылар оны 5 жылда халықтың игілігіне беруді көздеп отыр.
Елбасы күрделі жөндеуден өткен Республика Сарайының ішін аралап шығып, кешеннің жаңа келбетіне оң баға берді. Республика сарайының тарихи келбеті сақталып, ішкі және сыртқы келбеті бүгінгі заман талабына сай қайта жаңартылған. Қайта жөндеу жұмыстарына 10 миллиард 400 мың теңге жұмсалған.
Айта кетерлігі, бұл мәдениет ошағы іргесі қаланған 1970 жылдан бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болатын. Республика Сарайы ұзақ жылдардан бері Қазақстан ғана емес, ТМД аумағындағы ең ірі концерттік кешендердің бірі болып келді.


(Өз тілшімізден)

Пікірлер

Аватар пользователя Mohamed
Mohamed 30 03, 02:30

Hats off to whoever wrote this up and posetd it.

Аватар пользователя lnxkcsirxm
lnxkcsirxm 30 03, 06:10

h2XGA1 oiejziyxbnzj

Аватар пользователя Vianca
Vianca 03 04, 12:12

viagra 496 viagra 936190

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
1 + 3 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ