19 Май 2012 | Сенбі

Руханият

Ана тағдыры

(Жалғасы. Басы өткен санда)


 Құлақта қалған «құлқуалла»


– Әкем екібастан молда. Имаш туылған жылы ақталды. Мәскеуден құжаты келгенде ауылға тартты. Туған жеріне, Шалқарға. Діни білімі – терең. Он екі жасымда намазға жығылдым. «Кешігіп қалдық, дегенмен шырағым, оқу керек», – деді. «Құлқуалла» құлағымда қалыпты. Ағаң 1997 жылы дүниеден озып, қырқын бергеннен кейін сәждеге бас қойдық. Бес парыздың бірі ғой. Матекең құран аударатын, тәпсірді де білді. Шалқарға оралып, имамдықты ұстады. Бес тілді білетін, арабшасы бар, татарша, өзбекше де сөйлейтін. Кеңес тұсында шешен мен татар ғана құманын тастаған жоқ. 1972 жылы қайтты. Әжем кейін өтті. Бірнеше құрсақ көтерді, бірақ тоқтамады. Шешектен кетті, қызылшадан кетті. Жалғыз қалған ұрпағы менмін. Имаштың атасы мен әжесі де ораза-намазды қаза қылмады.  Енді мұсылмандықты нақ мойындадық. Ежіктеп болсын құран оқимын. Біліп қалдым. Айналайын егемендік көзімізді ашты ғой. Әлпештеген әкенің үмітін ақтай алдық па, ол жағы Аллаға аян. Өткенде ой келді. Қоқанның Ырғызда мешіті болыпты. Төңкеріс кезінде тапап тастаған. Ұл өсірдік, қыз өсірдік. Бәрінің басын қосып, ауылға әкеме арнап мешіт салғым келетінін айттым, бәрі де қолдады. Құрылысы жүріп жатыр.
– Сауаптың үлкені жетімге қамқор болу дейді. Келін болып түскеннен кейін қайнағаларыңыздың балаларына қамқор болдыңыз. Нұрлыбек, Ерғалилар ер жетті деп жатырсыз. Ал, Меңдібай кім?
– Ол да балам. Тумасам да туғандай. Сәнияны білесің бе соның әкесі. Он үш жасында ма екен, ауруханаға түсті. Денесінің қызуы әлі есімде, 39,2. Өкпесі қабынған. Ем-дом жасадық. Құлантаза айығып кетті. Енді үйіне қайтсын дейміз. «Апатай-ау, мен осында жата берейінші», – дейді. «Қалай жатасың, сауықтың, енді кету керек». «Қайда барамын, көрінген жерде жүрмін». Жүрегім ауырып, жаным ашыды. Атама келдім. «Елі жаппас көрінеді. Бір бала пайда болды. Барар тауы, басар жері жоқ сияқты. Асырап алсақ қайтеді?». «Ондай ойың болса мен тек қуанамын. Тілегіңе жет, айналайын», – деп қуанып кетті. Сосын үйге ертіп келдім. Қолым ұзарып, жетістім де қалдым. Владивостокқа әскерге алынғанша жүрді. Сосын азаматтық борышын өтеді. Қиыр Шығыста біраз уақыт келісіммен еңбек етті. Мәрия келінді әкелді. Өсіп-өнді. Рас, ерте кетті. Жаны жәннатта болғай. Балалары қасымда. Сәния мен Әлия, Ерлан мен Мұхтар үбірлі-шүбірлі.
– Сізді тағы да сондай жиырма бір баланың анасы деп естиміз.
– Олардың әке-шеше табуына себепші болдым. Мысалы, үкімет жұмысындағы Әбибаның баласы жоқ еді. Бір күні айттым: «Асырап алшы, артынан ұрпақ ереді», – деп. Сағындықты алды. Артынша, Есей мен Демеу келді. Жаман емес. Әбиба қазір тоқсанда. Әлгі үшеуден тараған ұрпақтың арасында шалқып өмір сүріп жатыр. Сағындық суға кетті... Есей мен Демеу аналарын алақанында ұстайды. Жиырма бірдің жиырмасы бар әлі. Бірі – ректор, енді бірі – директор. Алды алпысты алқымдады. Бірде ауырып, Алматыда емделдім. Қайдан естігендерін білмеймін, жиырма бірдің біразы іздеп келіп, көңілімді сұрады. «Не қажет», – деп шыр-пыр болады. Бақыт деген – сол. Бәрі құрмет тұтады. Және жасандылық емес. Елу жыл бұрын, қырық жыл бұрын да иіліп, жастық, жайылып төсек болды, айналайындар. Шетінен ізетті, бәрі де мейірімді. Әке-шешелері ше? Олардың да бақыттан басы айналады. Өсті. Өнді. Енді не керек?
– Бағанадан бері реті келмеді. Қаланың қызы болған соң Нұрағамды «ауылыңда театр, кино жоқ» деп басқа жаққа бастап кетпедіңіз бе?
– Қайда барасың, қарттарды тастап. Және үлкен жауапкершілік бірден артылды. Мойынға салмақ түсті. Қайнағалардан қалған қарғаларды кім бағады. Адамгершілік қайда. «Еңсені тіктейік, экономиканы арттырайық», – деп жүрсіңдер. Мейілдерің, бірақ бірінші кезекте адамгершілікті нығайту керек. Абай атаң айтпақшы, «өңшең келісім сылдырап ақсын». Қалғанын түзеу қиын емес. Пейілге беремін дейді. Қалып дұрыс болсын, жүрек жылы болсын, адамдардан мейірім төгілсін, сонда аспан ашық. Жер бетін бұлт торламайды. Тәйірі, бала бағу да қиын болып па. Сексеннен астық, көріп жүрміз. Кейбір ене келіннен жерінеді. Немеренің жаялығын жууға жиіркенеді. Не, ол?.. Жетістік пе. Жоқ, адамгершіліктің азайып бара жатқаны. Біз секілді келін болмай-ақ қойсын, бола алмайды да. Бірақ әдеп шеңберінен аспау керек қой. «Не бопты. Келіні кетіп қалыпты».  «Ата-ене қалыпты. Байы еріп кетіпті». Кетірген кім, кеткен кім? Неге тіл табыса алмайды? Адаммен адам тіл табыса алмай ма сонда. Саған ұрсып отырғам жоқ, заманыңа да кейімеймін. Кейде запыран төгіледі. Сондай кез деп түсін қарағым. Әйтпесе оларға да Алла берген шығар, несібесі сондай, оған қалай қарсы тұрайын. Әйтеуір адам біткен жақсылықтың жалына жабысып қалса дейді, кәрі көңіл. Кино деп пе едің?..
– Кино дегенде, Бақшарасай бұрқағынан құмға келген қыз қаланы аңсамады ма дегеніміз, апа?
– Оны түсініп отырмын. Кино дегенде құлағым елең ете қалғаны, бір күні біздің ауылға «Ганга» келді. Үлкені де, кішісі де көріпті. Керемет дейді, барғың келеді. Кешкі көрсетілімге өлсең шыға аласың ба, шаруаң шаш етектен. Енең не дейді? Бірақ қатты қызықтым. Сосын балаларға арнап күндіз қояды екен, соған билет алып, кіріп кеттім. Көрдік, мықты. Енді ауылда көрген жалғыз кино болған соң да әсер ететін шығар. Сол «Ганга» есімде.
– Балаларыңызды бесікке бөледіңіз бе?
– Анасымын ғой, емшек береміз. Қалғаны ата-ененің мойынында. Өздері бөлейді, өздері тербетеді. Бізге бала қайда? Күнсұлу мектепте оқып жүргенде сабағын қадағалағым келді. Сауал қойғаным мұң екен, бақырып қоя берді. Әжесі естіп, кіріп келді. Тап мен бір қылмыс жасағандай қабағын түйіп, қатуланып алыпты. Түсіне қойдық. Есіме түсті. Екеуі қыз еді. Сосын ұл тудық. Нұрағаң қолына алмайды, айналып-толғану қайда, мойын бұрып қарамайды. Орысшадан қалған мінез жасырынып жатады екен. Бұртиып қалдым. Себебін сұрады. Айтып салдым, «ана екеуін қыз деп бауырыңа тартпадың. Ұлға неге еміренбейсің?». «Жарқыным-ау, әлі де түсінбейсің бе. Екі қартың тұрғанда бұларға қалай жақындайсың, әйтпесе мен де ет-жүрегі елжіреген әкемін, иіскегім келеді, бірақ біліп жүр. Енең Жәниба – тумаса да туғанымнан артық анам. Еміренгенімді көрсе ренжиді, ұқтың ба?». Үндегем жоқ. Өз енеміз Тәкім екен, ерте қайтыпты. Атам алты баламен қалған. Содан бір жаппас қайтыс болады, екі әйелі бар екен. Біреуі тіпті жас көрінеді. Атам жеңгесінің алдынан өтіпті. Кілең ақылдылар өмір кешеді ме, жеңгесі: «Сені күтіп жүр едім, кішіні аласың, өзім тойыңды жасап беремін», – деп бір лағын сойып, ырымын істеп, атама кіші әйелді қосыпты. Нұрағаңның сөзіне Құрманғали туғанда көзім жетті. Имашты иіскей алмаған соң, әкесі Құрмашты құшағына басып жатса, енем көріп қойыпты. «Жә, білдік, кімнен туғанын, біліп қойдық», – деп бұрыла жөнелгені. Мың қайтара кешірім сұрап, әрең жанымыз қалды. Ырысты туғанда кенже екенін білді ме, ұстауға да, иіскеуге де рұқсат берілді.
– Балаларыңыз шетінен әнші. Әкелерінің дауысы қандай еді?
– Жақсы болатын, ашық. Тынысты тереңнен алады. «Япурайды» білесің ғой. Оны екінің бірі сала алмайды. Самаурын қойып жатқанда ағаңның дауысын естимін. Сондай тұнық. Сарайы кең. Нақышына келтіріп айтады. Асылы, әнді жүректен шырқайтындардың тыңдарманы көп. Ырысты мен Құрманғалида бар, әкелерінен қонған. Атам Имашты алдына алып отырғанда: «Сөзге ұста болады, ақылы бар, ақындық та бойынан табылады», – дейтін. Бәлкім, бірдеңе жазып жүрген де шығар.
– Нұрғали аға қаржы саласында жүрді ме?
– Соғыс кезінде тоғызыншы кластан әрі оқи алмай қалды. Майданға шақырылды. Кейін біз қосылғанда Семейден оқып келді. Қаржы техникумында. Саратов қаласындағы экономикалық институтты аяқтады. Аудандық қаржы бөлімін басқарды. Халықтық бақылауда да жүрді. Кейін зейнетке шықты. Біраз уақыт өткенде мүлде өзгеріп кетті. Өзін қоярға жер таппайды. «Үйде қатын отырады деуші еді, біздің кім болғанымыз», – дей береді. «Еңбегің сіңді, енді демалу керек», – дейміз. «Қайнаған өмірдің артта қалғанын-ай», – деп қынжылады. Ақыры жұмысқа шығып кетті. Өмірінің соңына шейін шаруаның бір пұшпағында жүрді.
Бізді өсірген – кітапхана
– Ол кезде жұрт жаппай кітап оқиды. Тіпті бас алмайды. Жаңа шығарма оқысақ, талқылаймыз. Жиһаз жинайтындар ілеуде біреу. Жақсы кітапты табу оңайға соқпайды. Әйтеуір кітапхана құтқарады. Сұранысқа ие авторлар шығармасына кезекке тұрасың. Үйге әкеліп оқисың, оған уақыт табу да қиын. Қолың қалт ететін кездер өте сирек. Балалар да құмар. «Мына кітапты енді екі-үш күн оқуға бола ма?» – деп өтінеді. Өз басым жас кезімнен оқыдым. Лев Толстой, Федор Достаевский. Лермонтов пен Пушкин. Өзбекстанда қазақ кітаптары қайдан болсын. Қамысқалаға келіп, тіл меңгерген соң Абайдан бастадық. Мұхит десеңші, тереңіне бойлай бересің. «Абай жолын» бірнеше рет қолға алдық. Оқыған сайын тамсанып, керемет бір әсерде жүресің. Қазір ешкім оқымайды. Сайт дей ме бір бәлені айтады, соған үңіледі де отырады. Кішілерге ұрсамын: «Қалай адам боласыңдар?» – деп. Менде керемет кітапхана бар еді. Өзім жинағам, кейін Иманғали бөлек шыққанда тарту еттім.
– Ұрпаққа мұра болсын дедіңіз ғой..
– Бір керегіне жарайды да. Әке-шешені іздеп барғаным есіме түсті. Осы балалардың біреуі емшекте. Шалқарға көшіп келгеннен кейін. Үйде отыр едім, үлкен кісі келді. Сәлем беріп, төрге озды. Әңгімелесіп отырды. Сосын әкем қонаққа қарап былай деді. «Төке, дұрыс келдің. Мен сыртта жүргелі отыз жылдай уақыт болыпты. Елден кеткенде артымда іші дүниеге толы алты қанат ақ орда қалды. Желіде екі бота, өрісте екі ақ інген жүрді. Дүние мүлкім саған бұйырыпты. Өсімінің керегі жоқ. Түйем мен ботамды және алты қанат ақ үйімді қайтар». Ана кісі сасып қалды. Біздер де селк ете қалдық. Әкем тағы айтып жатыр. «Алғаның рас қой, егер қайтармасаң, екі дүниеде қарызсың». Төкең боп-боз. «Матеке-ай алғаным рас. Бірақ дәл қазір бір ғана боталы түйем бар. Соны ал, алты қанат ақ ордаң баяғыда тозды. Дегенмен, шама келгенше қайтарайын». Әкем орнынан ұшып тұрды. «Әй, Төкем-ай, жігіттің сұлтаны едің, қасиетің тарқамаған екен, арада көп жылдар, не зауалдар өтті. Өзгерді ме десем, қалпыңда қалыпсың. Қазір сен мойынға алмасаң не істер едім. Азаматым-ай, келші құшағыма, әрине, еш қарызың жоқ. Тіпті сен қайтардың мен алдым, осыған тоқтаймыз. Баяғы бір заманды аңсап отырғанда сынап көрмек едім, сынымнан өттің сабазым», – деп құшағына қысты. Бәсе, біздің әке біреуді өз дастарқанында тұқырта қоймаушы еді. Ескі досты сынағаны екен. Матекең бір әкеден екеу – Өтебай, Матай. Өтебайдың баласы – Рахманқұл. Рекеңнің әйелі – Ақзира. Әлгі Термезде күйеуге беремін дейтін сол, Ақзира.
– Термезге қайта соққымыз келеді. Ата-ананың рұқсатын алмай кеттіңіз. Кейін қалай табыстыңыз?
– Басында жылапты. Сосын ризашылықтарын беріп, Алладан бақытты болуымды тілепті. Үсті-үстіне хат жазамын. Жауап анда-санда келеді. Ақзира жеңгемнің сауаты аз. Бәлкім, содан кейін де хат сирек. Бірақ амандықтарын біліп тұрдық. Әкемнің тағы бір ерекшелігін айтып берейін. Термезге келіп, Өтебайдың баласы Рахманқұлды қасына шақырды. Кейін өзі аяқтандырды. Екіқабақ деген жерде бұрын әкеммен араласқан кісілер тұратын, солардың біріне қонақ болып, Ақзира жеңгемді ағайға алып берді. Бұрыннан сырлас адамдар, Маткеңнің жайын әбден біледі. Осы қызды Рекең ұнатқан, шамасы. Бірнеше балалары бар. Тұңғышы Мәрзия, артынша Рәзия дүниеге келеді. Қоқаннан көп тұқым қалған жоқ. Матекеңнен жалғыз мен. Ақзира келіні үшінші қызын босанғанда әкем келіп: «Мұның аты – Ендіқой», – деп азан шақырып, ат қойыпты. Алланың құдыреті, жеңешем қыз туғанда қойып, Жалғасбайды дүниеге әкелді. Жалғасбай жалғасуы керек қой. Кенжесі Молдабай туады. Үлкендерде қасиет бар екенін осыдан білуге болатын шығар, ә. 
– Әрине. Аузы дуалы дейміз ғой. Болмысы жақсы кешегілер ертеңнің де іргетасы іспетті. Сол екі буын арасындағы алтын көпір секілденген Сіздердің де қазақы болмысымыздың сақталуына сіңірген еңбектеріңіз мол. Әңгімеңізге рахмет, апа. Көп жасаңыз!
– Кәрінің сөзін дәріге балап келдім дедің, қадамдарыңа нұр бітсін, қарақтарым! Ең басты байлық – ұлттық мұраң. Соған абай болыңдар!


Сұхбаттасқан
Аманкелді Сейітханов

Пікірлер

Аватар пользователя Ержан
Ержан 08 08, 09:35

Иманғалидың анасы жайында оқып, оның жақсы келін атанғанын білдік. Бүгінгілер сол кісіден үлге алса ғой

Аватар пользователя Peter
Peter 29 03, 12:53

You've really captured all the eesstnilas in this subject area, haven't you?

Аватар пользователя wvtrgttozym
wvtrgttozym 30 03, 06:22

k3ffLZ azrphvvprzja

Аватар пользователя rtveotbl
rtveotbl 03 05, 06:22

xnpxlbka

Аватар пользователя viagra
viagra 14 05, 07:48

fnlhik http://ojhfyg.com/ zencvxh [url=http://eqntxj.com/]zencvxh[/url]

Аватар пользователя Johnette
Johnette 14 05, 12:51

home insurance luxtf free car insurance quotes 5105 cialis vzw

Аватар пользователя viagra
viagra 17 05, 06:28

sqfntu http://giiexn.com/ qjlxwx [url=http://paxlpc.com/]qjlxwx[/url]

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
5 + 1 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ