Жыл сайын АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті өзге елдердегі адам құқығы туралы баяндама жариялайды. Американдықтар болса, өз мемлекетін «еркін елдердің» санатына жатқызуға лайықты екеніне кәміл сенеді. Алайда еліміздің (АҚШ-тың – ред) заңдары мен дәстүрлері бұл сенімге үлкен селкеу түсіреді. 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін АҚШ «мемлекеттік қауіпсіздікті» нығайту жолында азаматтардың құқығын жүйелі түрде шектеп келеді. Күштік құрылымдардың жаңа құзыры АҚШ-ты жоқ дегенде жартылай авторитарлық ел ретінде бағалауға түрткі болады. Куба және Қытай режимдерімен АҚШ-тың ұқсас жері көп: «бұл елдердің де конституциясы бостандық пен құқыққа кепілдік береді-міс, бірақ олардың билігі адамдардың құқығын сақтамауға келгенде кең бостандыққа ие. Ал азаматтарға наразылық білдірудің шынайы жолдары аз. Еліміздің жаңа заңдарымызға келсек, дәл осы мәселе біздің де алдымыздан шығады.
Айталық, 11 қыркүйектен кейінгі АҚШ билігінің қандай құзырға ие болғанын санамалап көрейік:АҚШ еркін ел емес.
1. «АҚШ азаматтарын өлтіру». Обама, оның алдында Буш, «лаңкес немесе оның сыбайласы» деп күдік келтірілген кез келген азаматтың көзін жою құқығын алуға ұмтылып келеді.
2. «Белгіленбеген мерзімге дейін тұтқындау». Желтоқсан айында қол қойылған заңға сәйкес, лаңкестікке қатысы бар деп күдік келтірілгендер әскери түрмелерде ұсталады. Сонымен бірге, лаңкестікке қатысы бар деп айыпталған азаматтарды белгіленбеген мерзімге дейін қамауға алуға президенттің құқығы бар. АҚШ әкімшілігі федеральды сотқа жүгініп, бұған қарсы болушылардың әрекетіне кедергі жасауда.
3. «Әділет органдарына өктемдік жасау». Бұдан былай азаматты қандай сот соттайтынын, яғни істі федеральды сот немесе әскери трибунал қарайтынын басқа емес, АҚШ президенті шешетін болады.
4. «Ордерсіз тінту». Енді АҚШ президенті қажетті ордер берілмесе де, аңдуға бұйрық бере алады. Сондай-ақ компаниялар мен ұйымдарды қаржылық жағдайы, жазысқан хаттары мен азаматтардың аралас-құраластық ортасы туралы да ақпарат беруге мәжбүрлеуге құқықты.
5. «Құпия айғақтар». АҚШ билігі азаматтарды тұтқындау үшін және сот процестерінде құпия айғақтарды оңды-солды пайдаланып жүр. Мұнымен қатар билік АҚШ үкіметінің үстінен түсірілген шағымдарды қайтарып жіберуге соттарды мәжбүр етіп отыр. Сонда алға тартатын сылтауы – «бұл сот ісі үкіметке құпия ақпаратты жария етуге әкеп соғады, сондықтан ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді».
6. «Әскери қылмыс». 2009 жылы Обама әкімшілігі суға тұншықтырып қинау тәсілін қолданды деп айыпталған Орталық барлау басқармасы қызметкерлерінің үстінен тергеу жүргізуге жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл халықаралық келісімдер алдындағы міндеттемелерге ғана емес, тіпті халықаралық құқықтың Нюрнберг принциптеріне де қайшы келеді.
7. АҚШ үкіметі шетелдік барлауға қарсы бақылау ісі жөніндегі құпия сотқа белсенді түрде жүгінетін болды. 2011 жылы Обама соттың құзырын кеңейтіп қана қоймай, лаңкестік ұйымдарға қатысы жоқ азаматтардың үй-жайына да құпия тінту жүргізуге рұқсат берді.
8. «Сотқа тартылуға шек қою иммунитеті». Обама әкімшілігі ордерсіз азаматтарды аңдуға көмектескен фирмаларға осындай иммунитет беруге күш салып отыр.
9. «Азаматтарды ұдайы аңду». Ақ үй GPS-құрылғы арқылы азаматтардың кез келген қадамын бақылап отыру құқығына ие болды. Бұл үшін ешқандай ордер немесе соттың бақылауы қажет етілмейді.
10. «Азаматтарды әдеттен тыс шетелге асыру». Енді АҚШ билігінің өз азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды өзге елдерге беру құзыры пайда болды. Бұл жүйе – азаптау үшін өзге елдерді пайдаланушылық.
Егер президент сенің бостандығың мен жаныңды алуға құқықты болса, онда бұл – барлық құқық атқарушы биліктің қолына көшеді деген сөз. АҚШ-тың іргесін қалаушы тұлғалар дәл осы жағдайдан қатты қорыққан еді.
Джонатан Тёрли
The Washington Post

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
I just hope wohveer writes these keeps writing more!
aWZMtL pdylywfmcect
viagra oik compare viagra cialis levitra 519769
free auto insurance quotes hxnfr order cialis flgy