Шымкентте полиция қызметкері көлігімен 16 жасар қызды қағып кетті. Соққының қатты болғаны сонша бойжеткен 60 метрге ұшып кеткен. Ал жол апатына себепкер болған тәртіп сақшысы оқиға орнынан із суытпақ болған.
Қазір ол қамауда отыр. Ал ауыр жарақат алған өрімдей қыз ауруханада жан тәсілім етті. Адам өлімімен аяқталған жол апаты сол қиылыста тоқтап тұрған көліктің бірінің бейнеқондырғысына кездейсоқ түсіп қалған. Белгілі болғандай, көлікті полиция майоры басқарыпты. Ол жерде, тіпті, арнайы ескерту белгілері де орнатылған. Алайда шетелдік көлік тізгініндегі тәртіп сақшысы жол ережесіне сай, жүргіншілер жолағына жақындағанда жылдамдықты тежемек түгілі, оқиға орнынан жүйткіп өтіп, ізін суытпақ болған. Оны сол көшеде кетіп бара жатқан өзге жүргізушілер тоқтауға мәжбүрлеген. Бір қызығы, қайғылы оқиға 21қараша күні орын алса да, полиция қызметкерлері оны жариялауға асықпапты. Жол апатын жасаған полиция майоры мас болған деген дерек бар. Онысын енді арнайы сараптама анықтайтын болады.

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Заң бойынша мас адам рөлде болса,не,қатты жүріп ұсталса өмірлік айдамайтын қылу керек!!Қазіргі құтырған заманда қазаққа өте керегі осы.Лауазымды адамдарға екі еселенсін!!Депутаттар мен президенттен осыны талап етер едім!
Жақсылап соттау керек. Бұған жететін әлі жоқ неғылған мемлекет??