19 Май 2012 | Сенбі

ЖҚ конференциясы

Әзiрге баға қымбаттап барады

«Жас Қазақ» газеті мен «Аспект М» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығы бірлесе отырып, бірқатар сарапшылардың басын қосып, кеден одағының бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғады. Алқалы жиынға қатысушылар – модератор, «Аспект М» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығының президенті Мұхит Асанбаев, Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің сарапшысы Гүлнұр Рахматулина, экономист Мұхтар Тайжан, «Эксклюзив» журналының бас редакторы Расул Жұмалы.  


Мұхит Асанбаев: Кеден одағы шындыққа айналды. Енді 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Біртұтас экономикалық кеңістік құрылатын болды.
Гүлнұр Рахматулинаға мынадай сұрақ қойғым келеді. «Деловой Казахстан» газетінің соңғы сандарының біріндегі сұхбатыңызда: «Көмірсутегін тасымалдаудың бірыңғай тарифін енгізу шешілген жоқ» деген пікір айтыпсыз. Елімізде үш мұнай өңдейтін зауыт бар. Бұған қарамастан, түйткіл көп. Мұнай өнімдері неге қымбаттап жатыр?
Гүлнұр Рахматулина: Кеден одағы болашақты қамтиды. Аймақтық интеграцияның тереңдетілген формасы: Біртұтас экономикалық кеңістікке қарай  жүріп келеміз. Айта кету керек, мүше елдердің экономикасы (соның ішінде Қазақстан да бар) бәсекелестікке аса қабілетті емес. Бұл – Кеден одағын құруда, интеграциялық үрдістер алдында тұрған ең басты мәселе. Ең алдымен, біз бағаның күрт өскенін байқадық. Бәрінен бұрын мұнай өнімдері қымбаттады.
Басты кілтипан – зауыттарымыз мемлекет нарығындағы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Әсіресе, бұл жоғары октанды жанармайға қатысты. Сондықтан да оның 40 пайызын Ресейден сатып алуға мәжбүрміз. Кеден одағынан бұрын да солай болған.
Қазір шекара ашылды. Тауар қозғалысының жылдамдығы артты. Бұл – бағаның өсуіне, әсіресе мұнай өнімдерінің қымбаттауына әкеп соқты. 2010 жылмен салыстырғанда, биыл жоғары октанды жанармай орта есеппен 30 пайызға қымбаттады. Мемлекет қол қусырып отырған жоқ. Шілде айында мұнай өнімдерінің бағасын реттеу туралы заң қабылдады. Нарықтағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылуда. Бірақ бұл заңды жүзеге асыруда кемшілік бар. Тамыз айында 92 маркалы жанармай бекеттерде мүлдем болмай қалды. Өйткені, нарық заңы мен экономика заңын ешкім ысыра алмайды. 
Мұхит Асанбаев: Бізді: «Кеден одағы толық жұмыс істейтін болса, біріншіден, қуат көздері арзандайтын болады, екіншіден, бизнестегі кедергі жойылады», – деп сендірген жоқ па еді?
Гүлнұр Рахматулина: Қуат көзіне электр қуаты да жатады. Кеден одағы құрылған соң, солтүстік өңірлерге Ресейден электр қуатын алуға мүмкіндік ашылды. Оны қазақстандық тариф бойынша алатын боламыз. Екі елдің электр қуаты жүйелерінің әріптестігі тереңдеді. Қуат көздеріне қатысты Кеден одағының жақсы жақтары бар.
Ал мұнай өнімдеріне келсек, ең алдымен, өндірістік үрдістерді есепке алған жөн. Павлодар мұнай-химия зауыты о бастан Батыс Сібір мұнайын өңдеуге арналып салынған болатын. Рас, екіжақты келісім бойынша, 2014 жылға дейін Павлодардағы зауыт Ресейден мұнай алып тұрады. Осы мерзім өткен соң басқа шешім қабылдауға тиісті болдық.
Павлодардың мұнай-химия зауытын өзіміздегі мұнайды өңдеуге лайықтау табыссыз, пайдасыз нәрсе. Оның құрал-жабдықтары Батыс Сібір мұнайын өңдеуге арналған. Бұл мәселелер әлі реттелген жоқ. Сондықтан, біз ұдайы мұнай өнімдері тапшылығын көріп келеміз.
Мұхит Асанбаев: Кеден одағы жұмыс істей бастаған кезде қуат көздері одан бетер қымбаттай түсті... Енді мұнай басқа деп шықтық... Мұны қалай түсіндіреміз?
Гүлнұр Рахматулина: Кеден одағын тым қысқа уақыт ішінде құрдық. Әрине, Кеден одағына кірмес бұрын бәрін електен өткізіп, алдын ала жақсы жақтары мен жаман жақтарын салмақтап көру керек еді. Бүкіл экономиканың нормативті-құқықтық базасын бары-жоғы жарты жыл ішінде жасап шықтық. Ең басты мәселе – Кеден одағы құрылған кезде мемлекет пен бизнес арасында байланыс болмады. Нормативті-құқықтық база жоғарыдан құрылды. Кеден одағы комиссиясының отырысына келген салалық қауымдастық өкілдерін «орын жоқ» деп кіргізбедік.
Мұхит Асанбаев: Жақында Ресейдің «болашақ президенті» Владимир Путин өзінің сайлауалды платформасын жариялады. Ол Кеден одағы шеңберінде болашақта ортақ  валюта шығарылатынын айтты. Бұл нені көрсетеді? Бұл жерде ортақ парламент, мемлекеттен жоғары тұратын комиссиялар туралы сөз қозғалып отыр. Ал ол органдардың рұқсат беру, бақылау қызметі болады. Бұл – біртұтас мемлекеттің экономикалық атрибуттары деген сөз. 
Бұл жағдайлар біздің елімізге жақын жылдары қалай әсер етуі ықтимал?
 «Кеден одағының таза экономикалық бірлестік болып қалғаны қажет. Біреулердің саяси амбициясының құрбаны болмауы тиіс». Мұны кеңесші Ертісбаев емес, біздің сенаторларымыз емес, «Нұр Отан» мүшелері емес, Қазақстанға ресми сапармен келген Литва президенті Даля Грибаускайте айтты. Бұл жайт сізге, оғаш болып көрінбей ме?
Расул Жұмалы: Меніңше, Путиннің бұрынғы Кеңес Одағын тірілтуге қатысты айтқан сөзі – саяси сән үлгісі. Бұл ұран, әсіресе Ресейде қолдау табады. Бұл – сайлауалды жүріс қана, өткенді аңсап жүрген сайлаушы­лардың сезімімен ойнау.
Бұрынғы Кеңес одағын қайта құруға болады дегенге Владимир Путиннің өзі де, Медведев те, Ресей истеблишментіндегі өзге тұлғалар да сенбейтін болуы керек. Солтүстік көршімізде «ұлы державалық мәртебеміз, посткеңестік кеңістігіндегі айрықша рөліміз бар» туралы ойлау дәстүрі күшті. Бірақ қазір Кеңес одағының, тіпті оған ұқсас бірдеңенің құрылуы мүмкін емес деп ойлаймын. Кеден одағының құрамында үш мемлекет қана бар. Өзге елдер бұл одаққа кіруге немесе Ресеймен интеграцияға түсуге құлшынып та отырған жоқ. Кремльдің Украинаға ұсынған интеграциялық жеңілдіктері де еш нәтиже бермеді. Бұл, шын мәнінде, Кеден одағының қаншалықты тартымды екенін көрсетеді. Бұл – бір.
Екіншіден, өз басым «Кеден одағы – жүзеге асқан факт» деген пікірмен келіспеймін. Егер қандайда бір халықаралық келісімдер бір мемлекеттік мүддесіне қайшы келісіп жатса, ол келісімдер қайта қаралуы мүмкін. Бұл – әлемдік тәжірибе.
Мұхит Асанбаев: Қазір белгілі болған жайт, Кеден одағы – алғашқы баспалдақ қана. Сіз ахуалды оптимистік тұрғыдан баяндап отырсыз. Есіңізде болса, бұдан екі-үш жыл бұрын: «Кеден одағы қағаз жүзіндегі ұйым болып қалады, мемлекеттер арасындағы қайшылық бірігуге мүмкіндік бермейді», – деушілер болды. Бірақ Кеден одағы құрылды емес пе?
Расул Жұмалы: Иә, жүзеге асты. Бірақ экономикалық мақсаттан бұрын саяси тапсырыс үстем шықты. Жылдам әрекетке көшті. Бірақ Кеден одағына кірерде берілген уәделердің ешқайсысы орындалған жоқ. Тек қана тауар айналымы ғана өсті. Қалғандары – «баға түседі, бәсекелестік күшейеді, шағын және орта бизнес күшті қолдау көреді, дамуға серпін береді» деген болжамдардың бәрі керісінше, орындалып жатыр. Экономистеріміз: «Бұл үштікте Беларусь пен Ресей ұтып, Қазақстан ұтылады», – деп қателесіпті. Қазір Ресей де ұтылып жатыр. Одаққа қарсылық ол жақта да күшейіп келеді. 
Кеден одағы құрылып жатқанда: «Мұның арты жақсылыққа әкеп соқпайды» деген едім. Бірақ Ресейдің өзі бұдан ұтылатынын білмеппін.
Меніңше, біз Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылғанын көрмейтін шығармыз.
Мұхит Асанбаев: Еуропа одағында дағдарыс болып жатқаны белгілі. Ол игі мақсатпен құрылған болатын. Кеден одағын құрарда осы Еуропаның тәжірибесіне сүйендік. Еуроодақтың басына туған күн Кеден одағына да тууы мүмкін бе?
Мұхтар Тайжан: Ресейдің экономикасы бізден он есе үлкен. Халық саны да, кез келген саласы, бизнесі де солай. Ал Беларусьтен 34 есе үлкен. Салмағы әртүрлі ойыншылардың арасында бәсекелестіктің болуы да мүмкін емес. Есек өзінен он есе үлкен пілмен күш сынаса алмайды емес пе?
Бұрындары еліміздің кеден кодексі өзімізде өндірілетін өнімді қорғайтын.
Шекарамыздағы бірыңғай кедендік тариф – ресейлік кедендік тариф. Ресей вице-премьері Шуваловтың Мемлекеттік Думада айтқан сөзіне сүйеніп отырмын. Ресейдің кеден кодексі де өз өнім өндірушілерін қорғайды. Ресейдің кедендік тарифі – әлемдегі ең протекционистік тариф. Демек, қазір орыс монополизмінің аймағы кеңіді деуге болады. Демек, біз теріскейдегі көршіміздің өнім өндірушілерінің мүддесін қорғап келеміз. Сондықтан, еліміздегі барлық тауарлар қымбаттап шыға келді.
Жас қазақ: Кеден одағының заңдары мұнай тасымалына да жүре ме? 
Гүлнұр Рахматулина: Көмірсутек тасымалы тарифтеріне келсек, ол мүлдем Кеден одағының шеңберіне кірмейді. Бірыңғай тариф – Біртұтас экономикалық кеңістіктің құзырында. Былтыр 9 желтоқсан айында Біртұтас экономикалық кеңістік жөнінде 17 келісім қабылданды. Соның ішінде мұнай-газ саласы жөнінде екі келісім бар. Онда ішкі және транзиттік тарифтерді теңестіруді қарастыру мүмкіндігі туралы айтылған. Қазір біз көмірсутегіні әртүрлі тариф бойынша экспортқа шығарып жүрміз.
Жас қазақ: Үкімет Кеден одағы құрылғалы бері «шаш-етектен пайда таптық» – деп статистикалық мәліметтерді ұсынып жүр. Шынтуайтында, пайда бар ма? Мемлекет бұдан қанша пайда көрді? Халық не ұтты? Кәсіпкерлер не ұтты?
Гүлнұр Рахматулина: Салалық қауымдастықтармен аралас-құраластығым бар. Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы, тағам өнеркәсібі қауымдастығы және бизнесіміздің басқа да субъектілеріне: «Сіздер үшін Кеден одағы тиімді болып шықты ма?» – деп сауал қойдым. Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрайымы Любовь Худова былай деп жауап берді: «Біз үшін Кеден одағы ішкі нарыққа қорған болып отыр. Енді Қырғызстан мен Қытайдан келетін бағасы арзан заңсыз тауарлардан құтылдық».
Айта кету керек, Кеден одағына дейін үшінші елдермен арадағы импорттық кеден тарифі бізде Ресейге қарағанда, төмен болды. Яғни о бастан импортқа серпін беріп келдік. Өз өндірісімізді қираттық. Енді  жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының өкілінің айтуынша, бейберекет, сапасыз импорт тыйылды. Тауарды міндетті түрде сертификаттау талап етіледі. Шекарадағы кедендік рәсімдеу оңайлады. Олар Мәскеу қаласында дүкен аша бастаған. Кондитерлер бұрын заңсыз түрде немесе жартылай заңды түрде өз өнімдерін сыртқа шығаратын. Өйткені, ресейліктер өзінің ішкі нарығын күшті қорғап келеді. «Бүгін біз кәмпитті вагонмен таситын болдық. Ресейдің бірнеше ірі қалаларында фирмалық дүкен аштық», – дейді кондитерлер.
Демек, бар қиындықты басынан өткеріп, дағдарыстан қорықпаған кәсіпкерлер өз экспортының дамуын ойлайды. Мұндайлар үшін кеден одағы – игілік. Ал қытай тауарын алып-сатумен айналысатындарға кеден одағы соққы болып тиді.
Мұхтар Тайжан: Ресей Беларусьтің мұнай өңдеу зауытына көп мұнай әкелетін. Беларусь ол мұнайды өңдеп, Еуропаға шығаратын. Пайда Беларусьте қалатын. Беларусьтің Кеден одағына кіргендегі мақсаты – мұнайды баж салығынсыз алу еді. Кеден одағына кірген кезде, Ресей Беларуське мұнайды баж салығынсыз бергісі келмеді. Беларусь Ресейді ТМД сотына берді. Сотта жеңіп шықты. Сонда да Ресей бұл баж салығын алып тастамай отыр. «Біртұтас экономикалық кеңістікке кірсең ғана, баж салығын аламыз» деп шарт қойды.
Еліміздің алкогольді ішімдіктер қауымдастығы өздерінің өнімдерін Ресейдің қабылдамай жатқанын айтты. Кеден одағына қарамастан, орыстар өз мүддесін қызғыштай қорғауда. Бізде өндірілген ішімдіктер сапалы әрі бағасы да арзан. Бәсекеге қабілетті.
Расул Жұмалы: Өкінішке қарай, кеден одағының жақсы тұстары аз болып тұр. Үш ел арасындағы тауар айналымы өсті. Бірақ жалпы тауар айналымы азайды. Ірі жер қойнауын пайдаланушылар қосымша жеңілдіктер алды. Олардың дені – еліміздің резиденттері емес. Жеңіл өнеркәсіп саласындағылар үшін жағымды жаңалық – Қытайдан келетін арзанқол тауарларға кедергі жасалды. Бірақ, бұл мәселе – кеденнің шаруасы еді. Кеден одағына кірмей-ақ реттеуге болатын іс.
Бізге Ресей экономикасына қарай ұмтылатындай себеп жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан экономикалық жүйе. АҚШ және Еуропамен салыстырғанда, бәсекеге қабілетсіз. Тоқырауға ұшырап барады. Ресей биыл қара майдың өзін Жапония мен Кореядан сатып ала бастады.
Гүлнұр Рахматулина: Адам туыстарын өзі таңдамайды. Еліміз құрлықтың кіндігінде орналасқан. Теңіз қашықта. Ресеймен шекарамыз далиып жатыр. Сондықтан Ресей секілді көршімізден іргемізді аулақ сала алмаймыз.
Мұнайымыз да,  теміржол бағыттары да әлемдік нарыққа Ресей арқылы шығады. Бұл көршімізбен бет көріспей қайда барамыз? Қытайға ма?
Расул Жұмалы: «Іргемізді аулақ салайық немесе бірігейік» – деп отырғанымыз жоқ. Үшінші жолды – орта тұсын табайық. 
Мұхтар Тайжан: Екі жаққа да пайдалы саудаға, қарым-қатынасқа кім қарсы?
ДСҰ дегеніміз – 150 елдің өзара бәсекеге түсуі. Кеден одағында ешқандай бәсекелестік жоқ.
Гүлнұр Рахматулина: ДСҰ-ға кірсек, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Себебі, нарығымызды сапалы, дайын әрі арзан өнімдер басып қалады.
Мұхтар Тайжан: Кеден одағында Ресей тауарлары басып жатыр. Айырмасы не, сонда? Есесіне, халық сапалы әрі арзан өнімге қол жеткізеді.
Гүлнұр Рахматулина: Меніңше, кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік – ДСҰ-ға кіру алдындағы үлкен дайындық. ДСҰ-ға дайындықсыз кірсек, банан елі болып қала береміз. Бұл – бір. Екіншіден, экспортқа мұнай мен газды ғана шығаратын боламыз. Өзіміз ешқашан дайын өнім өндіре алмаймыз. ДСҰ-ға кіргендегі көрген күніміз осы болмақ. Егер біз Кеден одағынан қорқып, үркетін болсақ, онда ДСҰ-ға кіргенде халіміз не болмақ? ДСҰ-ға 1998 жылы кірген Қырғызстан неге қазір «Кеден одағынсыз өмір сүре алмаймыз» деп отыр? Бүгін ДСҰ-ға енсек, әрең тыныстап отырған шикізаттық емес саламыз  құрдымға кетеді. ДСҰ-дағы ойыншылардың экономикасы өте күшті. Олармен бәсекеге түсе алмаймыз. 


Беттi дайындаған Шадияр Өстемірұлы

Пікірлер

Аватар пользователя Yoly
Yoly 30 03, 11:25

I actually found this more enteratninig than James Joyce.

Аватар пользователя bvkeicdgd
bvkeicdgd 31 03, 00:00

nqRqyC cmjefdwfqfsv

Аватар пользователя Deny
Deny 19 04, 14:52

I can't hear anything over the sound of how asweome this article is.

Аватар пользователя yxlsdqtd
yxlsdqtd 20 04, 01:18

UTzstg ymybbwnccbhl

Аватар пользователя Jennica
Jennica 13 05, 11:41

car insurance quote 34141 life insurance quotes 105111

Аватар пользователя Tambrey
Tambrey 14 05, 18:20

free car insurance quotes 2094 viagra tibefc viagra 575263 life insurance policy 8DDD

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
4 + 1 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ