Бұрынғы әкім, қазіргі сенатор Сергей Кулагин парламенттен бұрын шіркеудің төрінен орын тауыпты. Иисус Христосты қарсы алып жатқан Иерусалим тұрғындарының ортасында Сергей Кулагинге ұқсайтын бейне осы аптада ғаламторда лезде тарады. Жұрт бұл қай әулие деп басын қатырып жүргенде, Рудный қаласындағы жаңа ашылған шіркеудің өкілдері суреттегі кісі Сергей Кулагин екенін қадап айтты. Сөйтсек, ешқандай да әулие емес, Қостанай облысының бұрынғы әкімі екен. Бұл шіркеуді бұрынғы әкім Астанаға сенатор болып кетер алдында салтанатты түрде өзі ашқан екен.
Сергей Кулагиннің өзі де бір ақпарат агенттігіне берген сұхбатында суреттегі Христосты қарсы алып тұрғандар ішінде өзі тұрғанын растапты.
– Бұл, әрине, жақсы емес. Бірақ мен ашық түрде айтқым келіп отыр. Мен ол суретті шіркеу ашылған кезде білдім. Біреу менің беделіме қасақана нұқсан келтіргісі келген сияқты. Мен алып тастауға бұйрық бергенмін. Олар алып тастаймыз деген. Мен шынымды айтып тұрмын сіздерге. Бұл менің жаныма қатты батты, қатты ренжідім, – дейді Сенат депутаты.
Елдос Өмірзақ

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...
Молодец, Кулагин
kuryp ketkir kulagin
Кулагин сегіз жыл әкім болғанда Қостанайда бір синагога, ондаған шіркеу салынды немесе қалпына келтірілді, ескі шіркеулер жөндепуден өтті.
Сондықтан. христиандар үшін Кулагин шынында да Әулие.
Газеттердің жазуына қарағанда, Кулагиннің суретінің үстінен бояу жағып, өшіріп жебіргенге ұқсайды. Бекер жасаған. Кулагиннің басын ғана өшіріп, оның орнына басқа біреудің басын сала салғанда қатып кететін еді. Қазіргі заманда өзін тірі әулие санап жүрген адамдар аз ба?
Бізге мақалының аты ұнап отырған жоқ. "Әулие деп жүрсек, әкім екен..." дегені қай сасқаны. Бұрынғы өткен әулиелердің қайсысын кім көріпті? Кулагинді ел біледі. Әулиеден несі кем? Соның суретіне тиіспесе де болатын еді ғой. Көреалмаушылық дегенді қойсаңшы.
Осы біздің газеттер шіркеу басындағы Кулагиннің суретін босқа сынады. Одан сол сынағыштар не ұтты? Енді Кулагиннің басын өшіріп, оның орнына белгісіз бір еврейдің басын салып қойыпты. Қайдағы бір белгісіз адамның басынан гөрі Кулагиннің басының тұра бергені дұрыс еді ғой. Көрген адам: "е, бұл өзіміздің Сергей ғой" дейтін еді.