Бұлай дегенде, әлбетте, тарихшы ағайындарға дәріс оқыр ойым жоқ. Болған күннің өзінде оқи алмаспын да, себебі мамандығым – журналшы. Әйтсе де, қайсыбір тарихшымыз безбеннің екі табағы барын ұмытып кетіп, бірін толтыра жербауырлатып, екіншісін қаңырата аспандатып қойған кезде: «Мұнысы несі?!» – деп қалатыным бар. «Жас қазақтың» 46-санынан (25-қараша, 2011ж.) «Мырзажан» деп аталған ғылыми-зерттеу мақаланы оқып (тарих ғылымының докторы, профессор Тілеу Көлбаев мырза жазған), соны еріксіз тағы қайталадым да, Тілекеңді мазалағым келмей, өз сауалыма өзім жауап іздедім.
Иә, Л.Мирзоян 1933 жылдың ақпанында Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына келді. Елді аралап, «Қужақ» – Голощекин шаңырағын шағып кеткен ауыл шаруашылығын көріп, халықтың жағдайын оңдау керектігін ұқты. Баршамызға белгілі одан арғы шараларды қайталамай-ақ қояйын да, сол жылдары бірнеше облыста қызмет істеген журналшы Мадат Аққозиннің (ол ақсақал бүгінде бақилық) «Вернуть из забвения» атты кітабынан мына сөйлемдерді келтірейін: «Мирзоян после такого предшественника (Голощекинді айтады, – Ғ.Қ.) явился как спаситель народа. Появилась работа. Отменили карточки на хлеб, его продавали в магазинах за деньги. Начал налаживаться быт людей. Но на смену массовому голоду пришел массовый арест с расстрелами».
Иә, солай болыпты. Ел басшылығында, халық шаруашылығының барлық салаларында жетекші қызмет атқарғандардың қаншасы Мирзоянның тұсында (1933-1938 жылдары) «халық жауы» лақабымен айдалып, атылып кеткенін білмеймін, ал әдебиет ауылымыздағы бас-аяғы қырық шақты жазушы түгел дерлік қасіретке ұшырады. Он жылға Сібірге айдалып, мерзімін өтеп, әйтеуір, отбасына аман-есен оралғандарды атамағанда: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Әбдірахман Айсарин, Орынбек Беков, Абдолла Асылбеков, Мәжит Дәулетбаев... атып тасталды. Бұл ақын-жазушылар мен журналшыларды жазалау туралы Кремльден тізім түскен жоқ, бәрі де мирзояндар жасаған, Мирзоян қол қойып бекіткен тізімге іліктірілді. 1937 жылдың соңында тұтқындалып, 4-6 ай азапталып, 1938 жылы атылды. Мирзоянға арнап мадақ ниетті өлең жазған Мағжан ағамыздың бір кезде Ленинге қарсы жазғандары ескерілген шығар дейік, ал саясатшылар тобына ешқашан қосылмаған, қайта: айтысу-тартысуды, партияға бөлінуді қойыңдар, – деп басалқы өлең жазған Бейімбет Майлин ол тізімге не үшін кіргізілді?
«Ел басшылығында» дегенде, мысалы, Мирзоянның қалауымен Халық ағарту комиссарлығына тағайындалған Темірбек Жүргеневтің Мирзоянның аузымен «халық жауы» делініп, қазаға ұшыратылғаны қалай?
Тілекең Мирзоянның Л.Кагановичке жазған хатын келтіріпті, ал онда: «Қазір бізге кемі әр облысқа 10 адам және Қарағандыға 10-15 адам керек... 17 ауданда прокурор жоқ, 28 ауданда халық сотының төрағасы жоқ» делінген. Қазақ халқы қаншалықты қырғынға ұшыраса да, мұнша қажет қызметкер өзімізден табылмайтын ба еді? Іздегісі келгенге табылатын еді. Осы орайда ертеректе И.Сталиннің еңбектерінен оқығандарымның ішінен оның 1937 жылы 5 наурызда БК(б)П Орталық комитетінің пленумында айтқан мына сөзі жадымда жаңғырды:
«...Взять, например, товарищей Мирзояна и Вайнова. Первый из них является секретарем краевой партийной организации Казахстана... перетащил с собой в Казахстан из Азербайджана и Урала, где он раньше работал, 30-40 человек «своих» людей и расставил их на ответственные посты в Казахстане. Есть, стало быть, своя артель у товарища Мирзояна. Разве нельзя было подобрать работников из местных людей?.. Конечно, можно было... Я его несколько раз предупреждал, не таскай за собой своих приятелей ни из Азербайджана, ни с Урала, а выдвигай людей в Казахстане, не отгораживайся от местных людей в Казахстане, потому что – что значит таскать с собой целую группу приятелей, дружков из Азербайджана, которые коренным образом не связаны с Казахстаном? Что значит таскать с собой целую группу приятелей с Урала, которые тоже не связаны с Казахстаном? Это значит, что ты получил некоторую независимость от местных организации, и, если хотите, некоторую независимость от ЦК. У него своя группа, у меня своя группа, они мне преданы... Это значит недоверие местным кадрам...».
Демек, Мирзоянның «құйрығы» 30-40 кісі емес, одан екі-үш есе көп болғаны сөзсіз. Прокурордың, сот, милиция, КГБ төрағаларының, портфельдерін құшақтап алып, қазақтың «халық жауларын» тізімдеген солар емей, кім? «Балтыры сыздамастың жанында басың ауырмасын», келімсектер қазақты қашан жарылқап еді?
Міне, осы тұста Тілекеңнің назарынан тыс қалған, «Мырзажанның» БК(б)П Орталық комитетінің Саяси бюросына және И.Сталинге жазған хаттарына қатысты мына екі дерекке жол берелік:
«Лимиты», запрошенные руководителями региональных парт- организаций и утвержденные ПБ» (Политбюро, – Ғ.Қ.)... Казахстан. Расстрел – 2346. Высылка – 4403». Жиыны – 6749 «халық жауы». Мирзоянның 1937 жылғы шілденің 11-індегі хатынан. «Лимит» сұраушылар арасында «Мырзажан» алтыншы орында тұр (бірінші орында – сұрқия суайт Н.Хрущев).
«Таблица эта явилась составной частью приказа Н. И. Ежова по НКВД от 30 июля 1937 г. «Об операции по репрессированию бывших кулаков, уголовников и других антисоветских элементов», делінген кітапта.
Ежов та «мырзажан» болды емес пе?! Ол Мирзоянның «лимитін»: атылатын – 2700, жераударылатын – 4950, яғни жиыны – 7650 кісі етіп бекітіп берген (Юрий Жуков, «Иной Сталин. Политические реформы в СССР в 1933-1937 гг.»).
Кітапта екінші хат туралы былай делінген:
«13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания:
«Во время сьезда компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме сьезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после сьезда ряд арестованных участников контрреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой национал-фашистской организации. Возможно, в ближайшие дни следствие покажет необходимость ареста Кулумбетова. Мы считаем совершенно необходимым освободить Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа и просим ЦК ВКП(б) утвердить наше предложение об освобождении Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа. Кандидатуру нового председателя ЦИКа внесем на утверждение Политбюро в ближайшие дни».
Спустя два дня ПБ утвердило предложение Мирзояна. У. Кулумбетов был снят, арестован, расстрелян...».
Алматыдан Мирзоян: «мұнда рысқұловшылдар мен нұрмақовшылдар революцияға қарсы топ құрған», «Құлымбетов ұлтшыл-фашистік ұйымның белсенді мүшелерінің бірі» деп дабыл қағып жатса, оған Кремль, Сталин неге сенбесін.
Мен бұл деректерді Сталинге бүйрегім бұрғандықтан келтірген жоқпын және өйтуге тиіс те емеспін, себебі: 1937 жылы «халық жауы» деген жаламен мерт болған жиырма шақты ауылдасымның арасында менің атам, колхоз ұстасы Құрманбай да бар. Менің ұстанымым: Сталин бе, басқа ма, кімді болсын бірыңғай мақтау, не бірыңғай боқтау әділеттілікке жатпайды. Тарихи оқиғалардың шын мәнінде қалай болғанын бүгін дұрыс жазбау – ертеңгі ұрпаққа, тарихтың өзіне қиянат. Тілекең тіліне тиек еткен дерек – Арменияның президенті Р.Кочерянға біздің президент Н.Назарбаев тарту еткен «Левон Мирзоян Қазақстанда. Құжаттар мен материалдар жинағы (1933-1938 жылдар)» деген кітапта «Мырзажан» қазақ мемлекетін, қазақ халқын құрдымға кетуден аман сақтап қалған тарихи тұлға деп сипатталған болар. Ол – өзімізді де, армян ағайындарды да алдау, 1933-1938 жылдары мирзояндар мазақ еткен арыстарымыздың аруағынан аттап кету!
И.Сталиннің өте күрделі тұлға болғаны белгілі. Өкінішке қарай, оның ағын – ақ деп, қарасын – қара деп анық біліп жазу әзірше іске асар емес. Ол 1938 жылы А.Коллонтайға айтқандай, дүниежүзілік билікті көксеуші күш – сионизм КСРО тарихын, оның ішінде Ресейдің және одақтас болған республикалардың тарихын өз мақсатына теліп қайтадан жазбақшы, ол үшін ең алдымен Сталиннің атын мүлде өшіріп, одан соң әлемді гитлерлік фашизмнің жауыздығынан қорғап қалған елдер мен халықтарды, ең алдымен Ресейді, орыс халқын ауыздықтап, жайдақ мініп алмақшы. Бұл сорақы әрекет Ресейде соңғы жылдары еселенген жала-өтірікпен жүргізіліп жатыр. Оны РФ президенті Д. Медведевтің: «Сталин – қылмыскер!» деген (биылғы көктемде «Известия» газеті тілшісінің сұрағына қайтарған жауабында) тұжырымы демдей түсті. Ісі сотты болған кім-кімді де «қылмыскер» деу соттың дәлелді үкімімен ғана айтылуға тиіс екендігі баяғыдан белгілі десем, сірә, Медведев өзін Ресейдің тұтастай Жоғарғы сотымын деп жүрсе керек.
Біздің еліктеу мен солықтауды шатыстырғыш кейбір журналшы, жазушы, тарихшы үлкен-кішіміз Сталинді жамандауды өздерінің ерекше білгіштігі, ересен ерлігі деп мақтан көретіндей. Олар: Сталин бала кезінен ұры, баскесер жауыз болған; КСРО халқының жартысын Сталин «халық жауы» етіп құртты; Гитлердің ойында соғысты бастау жоқ болатын, оны қорғаныс соғысын жүргізуге Сталин мәжбүр етті; Гитлер дүниежүзін большевиктердің билеп-төстеп, жалмап қоюынан сақтап қалды...» сияқты сөлекет сөздерді оңды-солды шашып жүр.
Кешегі КСРО, Қазақ КСР-ы тарихын, Сталин туралы ақиқатты іздегісі келгендер: волкогоновтар мен резундардың («суворовтардың»), солженицындердің... әдейі сыңаржақ жазған долбарлы кітаптарын оқумен шектелмей, бір уақ: К.Рокоссовскийдің, А.Головановтың, А.Рыбиннің, Е.Прудникованың, О.Каратаевтың. С.Цыркунның... деректі кітаптарына үңілсе, ешбір өкінбес еді. Оларда: сонау аштық, «халық жауы» науқаны мен «үштік соты», фашизмге қарсы соғыс, Сталиннің өлімі, Хрущевтің шексіз өтірікшілдігі түпнұсқалы құжат бойынша баяндалған. Жақында Л.Берияның «Сталин көз жасыңа сенбейді» деп аталған күнделігі» табылды, онда біздің құлағымызға сіңген біраз оқиғалардың басқаша қыр-сыры бар.
Тарих томдарында ақ тарау да, қара тарау да болатыны – заңдылық десек, екеуінің де ақиқат тілімен жазылуы қажет.
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...