19 Май 2012 | Сенбі

Көңілашар

Ұрыны ұстаған ноутбук

Лондонда кәдімгі ноутбук өзін ұрлаған жігітті ұстап берді. Ісіне пұшайман болған жігіт жазаға тартылды. Ноутбук ұйықтап жатқан ұрыны суретке түсіріп, оның үйінің нақты мекенжайымен қоса, өз иесінің электрондық поштасына жіберген.

Ақпараттар ақиқаттан алшақ емес. Өйткені, полиция сол мәліметке сүйене отырып, бау­кеспені құрықтаған. Қолының сұғанағы бар адам 19 жастағы Растин Халидж деген жігіт болып шықты. Бұл қалай дейсіз ғой? Иесі оған арнайы бақылау бағдарламасын орнатып қойған екен. Ноутбугінің ұрланғанын білген студент қыз сол бағдарламаны іске қосты. «Қызметке» кіріскен құрылғы ұятқа қалдырмады. Нәтижесі – осы.
Ұрыны ұстауға «қол ұшын берген» бағдарлама «Prey» деп аталады.
Ноутбук 2011 жылдың жазында қолды болған еді. Электрондық поштаға келіп түскен ақпараттар сарапқа салынып, тергеу жұмыстары жүргізілді. 2012 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасқан тергеуден соң, Растин «батыр» қоғамдық жұмыстар атқару және коменданттық сағатты ұстану жазасын алатын болды.

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
11 + 4 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ