19 Май 2012 | Сенбі

Тарих

Қонаевқа жасалған қиянат

29 Декабрь, 2011

«Оқжетпес» шипажайы. Солтүс­тік облыстың тумасы, жасы жетпістің бел ортасынан ауған арық, орта бойлы, ақсары өңді, ұзындау қыр мұрынды қарт Балғабек аға екеуміз тез тіл табыстық.
– 1965 жылы Жоғары партия мектебін бітірдім. Совхозда бас экономист қызметін атқарып жүрген жерімнен Мамлют  аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне жоғарылатылдым. Аппаратта менен басқа бір қазақ жоқ. Құжаттармен таныссам, 1917 жылдан мен келген 1967 жылға дейін кішігірім қызметте де бір қазақ істемепті. Бұл қалай деп ішім күйіп, қатты күйзеліп жүретінмін. Бірде қызметтес орыс азаматының туған күні болды. Қазақтан өзім, бәрін байқап, өзімді сабырлы ұстап, ешкіммен онша сөйлеспей отырғам. Көршім шымшыма сөзбен намысыма тиіп, соқтығып қалғаны. Бала күнімнен басымнан сөз асырмай, адалдыққа, әділдікке тәрбиеленген мен:  «Я  не зам, а сам председатель райсполкома», – деппін бойымда қазақтың қаны ойнап, даусымды көтеріп.
Әлгі:
– Мына Балғабек Ғаббасұлы Мұстафин – ұлтшыл, – деп ертеңін-ақ жұртқа жайды да жіберді.  Сол сөзіме кейін сөгіс те алдым. Үлкен дау-жанжалға да қалдым. Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы Ніл Адғамұлы Болатбаев аудан басшыларының әділетсіздігін жақсы білгендіктен, мені ебін тауып өзіне көмекші етті.
Ол кісінің қабылдау бөлмесіндегі әдеміше келген секретарь орыс қыз Света:
– Сіз фамилияңызды, әкеңіздің атын айтыңыз. Телефоныңыздың, кабинет­іңіздің номерін – бәрін жазып, алдымдағы әйнектің астына қоям, – деді.
– Мұстафин Балғабек Ғаббасович, – деп айтып едім:  «Балғабек деген атты жазу маған қиын. Владимир Габбасович деп жазайын», – десе бола ма? Жаным шығып кете жаздады.
– Ой, сен не айтып отырсың? Көріп тұрсың, мен қазақ емеспін бе? Маған ақ қағаз бер, – деп қызыл сиямен баттитып, үлкен әріптермен Балғабек Ғаббасович Мұстафин деп жазып, алдына тарс еткізіп қоя салдым. Дәл сол мезетте Ніл аға кабинетінен шығып келе жатыр екен. Менің әлгі қимылымды көріп қалып:
– Әй, тағы не бүлдірдің? – деп күлді де, жауабымды күтпей, жай басып дәлізге қарай кетті. Света сол күні-ақ:  «Ой, мына Мұстафин барып тұрған ұлтшыл екен! Мен Балғабек демей Владимир дейін деп едім, аты-жөнін қағазға жазып, столымның үстіне тарс еткізіп қоя салды», – деп аппараттағы орыс қызметкерлерінің бәріне жеткізіпті. Олар маған үдере де үрке қарады.
Оңашада Ніл ағаға Светаның мені көпе-көрнеу шоқындырғысы келгенін айтып, түсіндірдім. 
– Әй, байқасайшы, Бәке, байқасайшы. Бұл жерде бұлар көп. Ең қиыны, бізді Кремль билейді, – деді қабағын түйіп. Ол кісінің ылғи менімен сөйлесіп жүргенін, өзіне көмекші етіп алғанын көрген орыс жолдастар маған онша тиісе қойған жоқ.
– Ніл Адғамұлы сізді жақсы қолдапты ғой.
– Ніл аға маған бейне Қаратаудай тірек, пана болды. Өзі өте сыйлы, ойлы кісі еді. Мәселе қызметте емес, адамның адамгершілігінде екенін қарамағында істеп жүргенде терең сезіне түстім. Кез келген адам берілген тапсырманы, амал жоқ, өзі үшін орындайды. Біз де өзіміз үшін талпындық. Ніл ағаның қарамағында 15 жыл істедім. Маған  сенетін. Кейде: «Бір совхозға директор етіп жіберейін. Әйеліңмен ақылдас, ол қалай қарайды?» – дейтін.
– Әйелім келісер емес, өзімнің де ықыласым жоқ. Балаларымды оқытуым керек. «Сен байқа. Елде ет тегін ғой. Ертең тиын-тебенің жетпей, қиын күй кешіп, маған ренжіп жүрме. Өзің біл»,  – деп те ескертетін.
1985 жылы ол кісі зейнеткерлікке шығып, орнына Оңтас Тұрғынбаев келді. Ол бұрын аудандық атқару комитетінің төрағасы боп жүргенде кабинетіме бас сұғып: «Бәке, қандай орындалмай жатқан тапсырмалар бар? Орындау уақыты өтіп кеткендері жоқ па? Мен жазып алайын»  – деп жалпылдап амандасып тұратын. – Балғабек аға кілт қабағын түйе сөйледі.
– 1986 жылғы Желтоқсан шатағы кезінде мен сотталып кете жаздадым.
– Қалайша?
– Ұйымдастыру бөлімінде Россоль екеуміз ғана едік. Ол сырттан келген адамның көзіне бірден түсетін орында отырған, мен қалқада отырғам. Есік ашық болатын. Облыстық атқару комитеті дінге сенушілер бөлімінің өкілі, әрі облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімі партия ұйымының хатшысы Волков ішке еніп, қалқада отырған мені байқамай, жерден жеті қоян тапқан адамша еліріп:  «О, Николай, ертең Алматыға ұшамыз. Қазақ ұлтшылдығын талқылаймыз. Алматыда қазақтар көтеріліске шығыпты», – деп соқты. Намысым қозып кетті. «Сен не оттап тұрсың, енеңді ұрайын!» – дедім орнымнан атып тұрып.
– Ой, Балғабек, кешіріңіз. Мен жай қалжыңдап айттым.
– Сен барлық уақытта қалжыңдайсың. Ұлт мәселесі – жауапты мәселе. ол қалжыңды көтермейді. Колбинді Қазақстанға алып келудің керегі жоқ еді. Пленумда Димаш Ахметұлы Қонаевқа рақмет те айтқан жоқ. Қазақстанға ол кісінің еңбегі сіңудей-ақ сіңді ғой. Оны елемеуге бола ма? Біздің балаларымыз алаңға Қонаевты құрметтемегені, орнына қазақты қоймағаны үшін де шықты. Тіпті  Қазақстанды жақсы білетін, Социалистік Еңбек Ері Демиденко, басқа да лайықты адамдар бар еді ғой, – дедім мен ашына сөйлеп.
Бізде Әл Фараби атындағы университетті жаңадан бітіріп келген, әлі тұрмыс құрмаған жас қазақ қызы заң қызметкері боп істейтін. Ол біреу­лермен сөзге келіп қап, қызып кетіп:  «Қазақ ұлтшылдығы деген не нәрсе?! Бұл бізге жабылған жала», – деп өз қарсылығын ашық білдіріпті.
18 желтоқсан күні облыстық  партия комитеті жергілікті партия ұйымдарына: «Ешкім артық сөз сөйлемесін, артық сөз сөйлегендер қатаң жазалансын», – деген тапсырма беріпті. Оңтас Тұрғынбаевтың бізге төраға боп келгеніне әлі бір жыл толған жоқ еді. Ол бәрімізді кешке таман мәжіліс залына жинап: «Кімнің қандай ойы, пікірі бар?» – деді. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Корнюк деген әйел мінбеге шығып: «Балғабек Ғаббасович  пленумда Қонаевқа рақмет те айтпады, орнына бір қазақты қоймады. Соған намыстанған балаларымыз алаңға шықты. Колбинді бізге әкелудің керегі жоқ еді деп сөйледі», – деді сарнап. Ол әйел менің сөздерімді естіген емес, оған Волков айтқан болу керек.  Тағы бір әйел мінбеге шығып,  заң қызметкері, жас қазақ қызын кінәлады.
– Бір жерде асығыс шаруам бар еді, –  деген желеумен жиналысқа Волков қатысқан жоқ. Ол  болмаған соң мен  сөйлемедім.
Жиналысты Оңтас Тұрғынбаев  қорытып: «Бұл не деген бассыздық! Мұстафинді тәртіпке келтіреміз. Волковқа айтыңыздар, ертең  партия жиналысын өткізсін. Мұстафиннің тәртібін қараймыз. Демократия біздің қолымызда», – деді екіленіп. Мен орнымнан тұрдым.
Мінбеге көтерілдім. «Екі әйел  екеумізді кінәлады ғой. Бәріңіз естідіңіздер. Олар бізді ұлтшыл деген жоқ, ұлттық мәселелерді қозғады деді», – деп біраз бөгелдім. – Қонаев кім?  Қандай жағдай болмасын, ол кісі ұзақ жыл халқымызға адал қызмет етті. Қонаевты қаралап арыз жаз десе, ары, жаны таза адамдардың ешқайсысы жазбайды.  Бұған мен кәміл сенем.
Ойымды толық жеткізу үшін бір мысал келтірейін. Бүркіт тасбақаны аспанға алып шығып, жерге тастап жібереді. Тасбақа жарылады. Жарылған тасбақаның етін бүркіт жейді. Ол үйреншікті әдетімен тасбақаны тағы көкке алып шығып, жерге қайта тастап жібергенде, тасбақа далада кетіп бара жатқан адамның төбесіне түсіп,  адам тіл тартпай өледі. Бүркітке тамақ табу керек. Бұл – қажеттілік.  Ал тасбақаның далада кетіп бара жатқан адамның басына түсуі – кездейсоқтық. Біздің қазіргі жағдай дәл осындай...
Ешкім үндеген жоқ. Тарадық. Түнімен ұйықтай алмадым. Досыммен ой бөлісейін десем, телефоным істемейді. Номерді терсем, тызз-тызз дейді де тұрады. Сырттан қоңырау келмейді.
– Неге бұлай? Ақшасын бір жылға төлеп қойып едік қой. Әлде телефон желісінде  кінәрат бар ма? – деп  ойладым.
– Телефонды үзіп тастайтындай қарызымыз жоқ, – деді әйелім де таң қалып. Кейін білдім, ол Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ісі екен.
19 желтоқсан күні таңертең облыстық атқару комитеті бюро мүшелері, облыстық атқару комитетінің мүшелері жиналды. Мұның алдында ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі  Қаскеев маған оңашада: «Тұрғынбаев партия жиналысында Мұстафиннің мәселесін қарап, партиядан шығару керек деді. Енді ол өзін жоғары жаққа жақсы көрсетуі керек қой. Дәлелдеріңді қайта пысықтап,  дайындал. Меніңше, сені партиядан шығару – заңға томпақ. Қатаң сөгіс тәрізді бірдеме беретін болар», – деді жұбатып.
Партия жиналысы басталды. Маған сөз кезегі тигенде Волковтың айтқандарын жұртқа қаз-қалпында жеткізіп: «Ұлтқа бөлген, не біреу­ді балағаттағам жоқ.  Кез келген уақытта, тіпті қазір де ананы ана орынға қоюға болады, ананы қоюға болмайды деп  ашық айта алам. Ол – менің жеке пікірім. Партия­дан шығарғыларыңыз келсе,  ұлт араздығын қоздырып жүрген, жауапсыз, бейпіл ауыз  Волковты шығарыңыздар. Демократия, әділет сонда  орнайды», – дедім. Менен кейін облыстық атқару комитетінің орынбасары, облыстық атқару комитетінің  мүшесі Петр Филлипович Хадиев сөйледі. Оның  адамшылығы сол жолы сезілді. Ол кісі: «Бұл – талқылайтын мәселе емес. Мұстафин өрескел ештеңе айтпаған. Бос сөзді көбейтіп, қара бояу жағудың қажеті жоқ», – деп орнына отырды.
– Ол кісінің ұлты орыс па?
– Орыс.
– Ой, атасына рақмет. Ол адамгершілік жасапты ғой.
– Үлкен адамгершілік жасады. Хадиев әлгіндей деген соң, Тұрғынбаевтың екпіні басылды. Егер Петр Филлипович әлгіндей әділ сөз айтпағанда, өмірімнің ойраны шығары сөзсіз еді деген ойда ол кісіге шексіз алғыс айттым. Мені партиядан шығаруға құмартқандар:  «Өртті дер кезінде сөндірдік, басқалардың да аузына құм құйдық» – деп жоғарыға жағынбақ қой.
Заң қызметкері, жас қыз партия мүшесі болмағандықтан, партия жиналысына шақырылмады. Ол қатты қызып: «Қонаевты неге ренжітеді? Ол кісінің орнына қазақты қоймау – әділетсіздік! Еліміз Қазақ ССР-і деп аталады», – деп батыл сөйлепті.
«Шаш ал десе, бас аладының» кері келіп,  түк күнәміз жоқ болса да,  екеуміз ескерту алдық. Бәрінен  Оңтас Тұрғынбаев бауырымнан  көңілім қалды. Тамыз айында өзім өтініш жазып, қарамағынан кеттім...

Мамытбек ҚАЛДЫБАЙ,
жазушы

Пікірлер

Аватар пользователя Mohammed
Mohammed 29 03, 15:40

This webitse makes things hella easy.

Аватар пользователя Sonali
Sonali 29 03, 20:28

You are so awesome for helpnig me solve this mystery.

Аватар пользователя avpmanqza
avpmanqza 30 03, 04:59

fLW7dn vqhqoqihjzbi

Аватар пользователя Lori
Lori 01 04, 03:31

Super excited to see more of this kind of stuff olnnie.

Аватар пользователя Jayden
Jayden 01 04, 14:35

accutane 9076 ultram homspg

Аватар пользователя Tallin
Tallin 14 05, 13:37

prednisone %PP cialis 12785 empire health insurance huycc viagra gopbe

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
3 + 14 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ