19 Май 2012 | Сенбі

Мінбер

Қазақтың тегі жоқ, тілі мүкіс пе?

21 Октябрь, 2011


«Айтпарктің» кезекті қонағы «Аспандау» қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Нұров болды. Оның пікірінше, қазақ халқы шыққан тегі жоқ, әр жақтан қаңғып келген кезбе тобырлардан құралған әрі қазіргі қазақ тілінің аясы тұрмыстық деңгейден ары аспайды-мыс.


Нұрлан Ерімбетов: Өзіңіздің «Казакстан: национальная идея и традиции» деген кітабыңызда қазақ пен американдықтарды салыстырасыз. Сіздіңше, осы екі халық та «аннан қашқан, мұннан қашқандардан» жиналып, кезбе өмір сүрген-міс. Олардың қайдан келгені, тегі белгісіз. Бәрі сығандар секілді. Бұл пікіріңізді қалай түсінеміз? Ғылыми негізі бар нәрсе ме, әлде өз тұжырымдарыңыз ба? Бәлкім, бұл біреулердің тапсырысы емес пе?
Қанат Нұров: Қазақ деп аталатын ру-тайпа жоқ. Шежіреде барлық тайпа тараған Қазақ деген адам да кездеспейді. Көне моңғолдар кезінде де моңғол деген тайпа болмаған. Бұл – ауыл болып көшіп жүрген тайпаларды біріктіру үшін Шыңғыс хан енгізген атау.
Нұрлан Ерімбетов: Бірақ моңғолдар өз отаны туралы, сіз жазғандай, «қашқындардың, қаңғыбастардың, тобырдың елі» деп атамайды емес пе? Тарихилық, адамзатты сүю, абырой, ар-намыс ұғымдарының арасындағы айырма не, сонда?
Қанат Нұров: Индустрия және технологиялық тұрғыдан артта қалғанына қарамастан, кез келген қазақ өзінің қазақ болғаны үшін мақтанады.
Нұрлан Ерімбетов: Мақтанғаны дұрыс. Бірақ, сіз қазақтар туралы «оларды біріктіретін нәрсе болмаған, тамыры жоқ» деп көрсетіп отырған жоқсыз ба?
Қанат Нұров: Онда қаңғыбастар туралы айтылмайды. Қазақтың қалыптасуы қандық-туыстық тұрғыдан емес, әлеуметтік табиғатынан шықты. Ауыл болып көшуді қалайтындар, яғни өз еркі өзінде болғысы келетіндер өз тайпасынан қашқан. «Қазақ» сөзінің түпкі мағынасы «руы мен тайпасынан бөлініп кеткендер» дегенді білдіреді. Қазақ тайпасы – классикалық үлгідегі, яғни туыс-тамырлы тайпа емес, этно-саяси бірлестік. Қазақтардың әлі күнге дейін өздерін «найман, арғын» дейтіні осыдан. Өйткені бұлар – шынайы ұлттар...
Нұрлан Ерімбетов: Меніңше, кез келген халық туралы да осыны айтуға болады.
Қанат Нұров: Өкінішке қарай, басқа халықтар туралы былай деп айта алмайсың. Бүкіл әлемде осындай әлеуметтік өмір сүру салты жоқ. Қазақта бұдан басқа өзін халық ретіндегі бірлігін сезінетін негіз болмады.
Өз басым Алтын адамның алаңда тұрғанын қалаймын. Бірақ ирантілді сақтардың қазақтарға үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Қазақтардың ата-бабасы ғұндар деп айтуға келіңкірейтін шығар. Сақтар, көне үйсіндер ирантілді болған.
Нұрлан Ерімбетов: Алыс теңіздің жағасындағы түрікпен ұғынысамын. «Үлкен ағамыз» – моңғолды неге түсінбеймін, ендеше?
Қанат Нұров: Қазіргі моңғолмен көне моңғолды шатастыруға болмайды. Бір-біріне мүлде бөтен – этнос. Отырарды өртеген тайпалар туралы оқыңыздаршы. Оны істеген – наймандар, арғындар, тағы басқа да қазақ тайпалары. Қазақтың кітабы өртеніп кетті деп байбалам салып жүрміз. Он үшінші ғасырда қазақтың қандай кітабы болып еді? Бұл жерде қалалар 20 ғасырда пайда болды. Шындықтың көзіне тіке қарайықшы, Отырарды өртеген – қазақ. Сәлде ораған Әл Фараби қазаққа мүлде ұқсамайды.


Нұрлан Ерімбетов: Сіз кітабыңызда «тілді жоғалту – ұлтты жоғалту емес» деп тұжырым жасайсыз. Демек, біз қазақ тілін жоғалтқанымызбен қазақ болып қала беретін болғанымыз ғой. Сіздің пікірлеріңізде қарама-қайшылық көп секілді...
Қанат Нұров: Қазақ халқы қазір империялық ұлт емес. Көпұлтты елге айналды. Орыстілді халық көп. Қазақ тілінен айырылу – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін, этникалық мәдениетіміз үшін орасан зор апат. Бірақ қазақ тілін ойлап тауып, күштеп енгізуге миллиардтаған қаржының жұмсалып жатқанына жүрегім ауырады. Аз ғана қаржы бөліп, қазақтың халық өнерін насихаттаса, сол да жеткілікті болар еді. «Бір бала» әнін естіген адам қазақ тілін білеуге өздері құлшынады.
Күштеп енгізіп, қазақ тілінде орыс тілінен артық сөйлеп жүрміз деп көрсетпей-ақ қоялық. Мен осыған күйінем. Қазақ тілін күштеп енгізу үшін орыс және ағылшын тілдерінен айырылу мүлде дұрыс емес...
...Орыстандыру кезінде қазақ тіліндегі көптеген ұғым жойылып кетті. Қазақтілділердің өзі шынайы әлеуметтік өзара ықпалдастықтағы барлық ұғымды пайдалана алмайды. Олар қазақша сөйлейді, содан шынайы өндірістік мәселелер ақсап жатады. Жоғары категория туралы сөз етсек, мәселен, пәлсапалық «сущность», «явление», «содержание», «форма» деген ұғымдарға келгенде қазақ тілін білетіндердің өзі абдырап қалады. «Сущность» деген сөзді қазақшаға қалай аударамыз? Ол үшін нақты тұрмыстық мазмұны бар сөзді іздей бастайсыз... 
Жас қазақ: Сіз «теңгеру», «теңгерме» деген сөздерді орыс тіліне аударып беріңізші?
Қанат Нұров: .....
Нұрлан Ерімбетов: Білмей отыр ғой!
Жас қазақ: Аудара алмағаныңыз – орыс тілінің кемістігі емес, сіздің жеке басыңыздың мәселесі. Осыны түсінгеніңіз жөн.
Нұрлан Ерімбетов: Сіз тілді тұрмыстық деңгейге түсіріп жатырсыз. Енді он жылдан кейін қазақша менімен тең дәрежеде сөйлейтін болсаңыз, бүгін айтқан сөзіңіз үшін әлі қатты ұялатын боласыз. Бірақ ол кезде осы сөзіңіз халықтың жадында тұратынын ұмытпаңыз.

 

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

 

Пікірлер

Аватар пользователя Алдаберген
Алдаберген 24 10, 07:47

Мынадай иттердин козин курту керек кой!

Аватар пользователя Ермек
Ермек 24 10, 14:28

Қазақ тексіз, қазақ тілі әлсіз т.б. ағаларымыздың сөздері біздерге, яғни келешек ұрпаққа қандай келеңсіз үлгі, насихат деңізші! Қолдарында билігі бар шенеуніктердің қатарына енді зиялы, ғалым ағаларымыздың қосылып жатырғанын қарашы... А.Құнанбайұлы, Қ.Сәтбаев т.б. ақын-ғалымдарымыз орысша оқып, қазақ тілінің өркендеуіне үлесін қосса, мына ғалымдардың істеп жатырғанын қарашы! Осы ұрпақ, келешек ұрпақтың алдында жауапты боласыз! Қазақ баласы жеті атасының тек қана атын біліп қоймайды, олардың іс-әрекеттерін, үлгі-өнегесін есте сақтайды... Сіз сияқтылар да есте қалады! Алла тағала қазақ жерін, тілін, дінін сақтай ғөр, қолдай ғөр!

Аватар пользователя Құм баласы
Құм баласы 25 10, 20:00

Басын алу мұның жазасы

Аватар пользователя Абзал САРИЕВ
Абзал САРИЕВ 29 10, 07:29

Жігіттер сабыр! Ол әлі-ақ өз-өзін түтіп жейді! Себебі біздің қоғамда ондайларға орын жоқ!

Аватар пользователя Qazaqtyq
Qazaqtyq 04 11, 08:23

Ағайндар бүл пікірде дурыс қарасақ қоп және жақсы маңыздар көп:
- орысша оқыған ағайндарымыздын мәдениетімізге барымен бет бұрылғаны.
- Қанаттын өзі үйсіннің дулаты болсада монголдарға, ежелгі ғұндарға бауры тарқаны.
- бул жігіттер текқана ғалым емес, ірі кәсіпкерлер қатарында. Тек ақшаға берілмей тарихпен айналасқаны дұрыс емес пе?

Аватар пользователя Аралбек Боранбаев
Аралбек Боранбаев 07 11, 08:28

Орыстардын тапсырысымен жазылган еңбек гой.

Аватар пользователя андағұл ерлан
андағұл ерлан 14 11, 18:34

"қазақ тілін ойлап тауып, күштеп енгізуге миллиардтаған қаржының жұмсалып жатқанына жүрегім ауырады. "---ой байқұс -ай , жүрегінің ауырғышын , лағанат , қазақ жерінен топырақ бүйырмасын ондайларға !!!

Аватар пользователя НАҒЫЗ ҚАЗАҚ
НАҒЫЗ ҚАЗАҚ 28 12, 17:02

КЕМ НАДАН ҚҰРТҚА БОЛА ШАРШАМАҢДАР БАУЫРЛАР!БІЗ ӘЛДЕҚАЙДА КӨППІЗ!

Аватар пользователя Бектас
Бектас 07 02, 12:12

Осындай топастар алға бастырмайды елді.

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
7 + 10 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ