Қоғамда болып жатқан кейбір жағдайларға қарап: «Бұл заман «аузына әлі жетпегеннің, қолында шоқпары бардың» кейіпін киіп бара жатыр ма?» – деген ойға қаласың.
Себебі күнделікті жаңалықты қарап отырып міндетті түрде бірінде болмаса, бірінде «атып кетіпті», «қарумен қорқытыпты», «қару асыныпты» деген сұмдық оқиғаларды естиміз.
Кейбіреулер жарақат келтіретін патроны бар ұңғысыз атыс қаруды (оса, Стражник және т.б.) қорғану үшін емес, көп жағдайда қорқыту мен үркіту, бұзақылық шоқпарына, яғни қылмыс құралына айналдырған.
Мысалы, жақында Алматыда екі студент көлік тұрағындағы орынға таласып, бірі екіншісіне патроны бар ұңғысыз атыс қаруын ала жүгірсе, сол қалада тапа-тал түсте қарақшылар осындай жарақат келтіретін патроны бар ұңғысыз атыс қаруымен ақша айырбастау пунктінің қызметкерлерін жаралап, тонап кеткен. Одан қалды Алматыда «джип» көлігінің жүргізушісі жолында тұрып қалған көлік жүргізушісін уақтылы мәшинесін алмағаны үшін «Оса» қаруымен оқтың астына алса, такси жүргізушісі ақшасымен келісе алмаған жолаушыларына жарақат келтіретін патроны бар ұңғысыз атыс қаруымен оқты қарша боратқан.
Мұндай жағдай үлкендер түгілі жастардың арасында кеңінен қанат жайып барады. Мәселен, Алматы облысының Сарқанд қаласындағы бір мектепте «Оса» атты жарақат келтіретін патроны бар ұңғысыз атыс қаруымен 1994 және 1997 жылғы жасөспірімдерді жаралап кетті. Шымкентте 1993 жылы туылған жасөспірім өзінің құрдасын осындай қарумен атып өлтірсе, енді бірі әйелді атып, бақилық еткен.
Айтпағым, бесіктен белі шықпаған жасөспірімдеріміздің қолында аталған қару қайдан жүр? Олар мұны қайдан алады? Оларға мұны кім береді? Олардың қолындағы қарудың барлығы дерлік жалпақ тілмен айтқанда «қара нарықтан» алынған қару емес, егесі бар қару. Олай болса қолындағы қаруын жасөспірімге ұстатқан кімдер? Олар жауапқа тартылып жатыр ма?
Мұндай мысалды келтіре берсек өте көп. Бұл – осылардың алдын алу шарасы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі деген сөз. Халқымыз: «Жыланның уы басында, бейқамның жауы қасында», – дейді. Сондықтан, бұл – мәселеге аса жауаптылықпен қайта оралу қажет деп санаймын.
Дегенмен бүгінде қоғамда орын алған жайттар басқаша көрініс табуда. Атап айтсақ, 2009-2011 жылдары осы қару түрін пайдаланғандар орта есеппен бір жылда 120 қылмыс жасаған (2009 жылы – 105, 2010 жылы – 142, 2011 жылы – 115). Оның ішінде 2009 жылы балаларға қарсы жасалған қылмыс саны – біреу, 2010 жылы төртеу болса, ал 2011 жылдың тоғыз айында тоғыз қылмыс жасаған.
Қазір елімізде 16346 адам жарақат келтіретін қарудың иесі ретінде тіркелген, олардың қолында 17023 азаматтық қару бар.
Былтырғы жылмен салыстырғанда қару иелерінің саны 11 пайызға өскен. Бұған заңның өзі де жол беріп отыр десек те, болады. Себебі, заңға сәйкес кез келген 18 жасқа толған азамат бұл қаруды иемденуге құқылы.
«Сонда кеше ғана мектепті бітірген бүлдіршін студент болған кезінде қарумен жүруге құқылы» деген сөз. Бұл жастардың арасындағы барлық түсініспеушілікті қару арқылы шешуге алып келуде. Басқа мемлекетте бұл мәселе заң негізінде шешілуде. Мәселен, Ресейде осы жылдың бірінші шілдесінен бастап жарақат алып келетін патронды ұңғысыз қаруды сатуға тыйым салынды. Сондықтан, жарақат алып келетін патронды ұңғысыз қаруларды барлық азаматтың қолы жететін азаматтық қару санатынан алып тастау қажет. Қаруды иемдену құқығына ие болу тәртібін күрделілендіру керек.
Берік Бекжанов,
Мәжіліс депутаты

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
тыйым салу үшін, оның алдын алатын шараны жақсы жолға қою керек.