Үндістан – өзге бір әлем. Ағаштары да, шөбі де, тасы да басқа. Мұндағыдай далалар мен қалаларды өзге елден көру қиын. Бұған әлем жұртшылығын таңғалдырған Тәж Махалды, Джайпурды, Делидің көне мешіттері мен ғибадатханаларын қосыңыз. Сондықтан да болар, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келген туристер көп. Үндістанда туризм жақсы дамыған. Айта кету керек, «Эйр Астана» компаниясы қазір еліміз бен үнді жұртын жалғап жатқан бірден-бір көпір болып тұр.
Қасымызда Санур деген алпамсадай үнді жігіті жүрді. Еті тірі, қалжыңбас. Жүргізуші де, тілмәш те, гид те – жалғыз өзі. Микроавтобусының ішінде Ресейдің жалаушасы мен православ иконаларын іліп қойған. Бұдан негізгі клиенттері ресейліктер екені байқалады. Әйтпесе, діні мәжуси. Өзін Саша – Александр деп атайды. Орыс тілін Мәскеуде үйреніпті. Орыстың әдеби тілінде емес, жастардың жаргон тілімен сөйлеп, ішек-сілемізді қатырады: «Әдемі қыз» – «пупсик», «полицейлер» – «мусора», оның талғамында әлемдегі ең сұлу қыздар Украинада тұрады, яғни «хохлушкалар».
Алдымызда Ресейдің жалаушасы желбіреп тұрғанын ұната қоймағанымызды байқап, қайдан тапқаны белгісіз, ертеңіне еліміздің көк байрағын іліп қойыпты. Делидің тарихи орындарын аралатуға қасына Сониа деген көмекшісін ерте келді. Жолда оны таныстырып жатып: «Өкінішке қарай, бұл менің туысым – бөлем», – деп әзілдеп қояды.
Үнді мәдениетінің ғажайып кешені Акшардам ғибадатханасына алдына келіп тоқтадық. Ғимарат еңселі, сәулетті. Алыстан арбап: «Мені көрдің бе, қандай екенмін!», – деп паңданатындай. Акшардамды көруге келген үнділер мен шетелдік туристерде есеп жоқ. Автобустар легі бір толастар емес. Ғибадатхана көненің көзіне ұқсамайды. Кеше тұрғызылғандай жарқырап тұр. Осы күдігімді жасырмай, қасымда тұрған гид Сониадан бұл ғимараттың қашан салынғанын сұрадым. Ол:
– Көп-көп жыл бұрын, – деп жауап берді. Тұщымды жауап ала алмай: «Саша – Санурдың өкінетініндей бар екен», – деп жеңіл жымиып алдық. Сөйтсек, Акшардам небәрі 6 жыл бұрын ашылған су жаңа ғимарат екен. Әлемдегі ең үлкен үнді ғибадатханасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Аумағы 12 гектар жерді алып жатыр. Бес жыл ішінде тұрғызылып, 500 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Құрылысқа 7 мың ұста атсалысыпты. Ғимараттың биіктігі – 42 метр. Ені мен ұзындығы – 94/106 метр. 234 бағана мен 9 үлкен күмбезі бар. 20 мыңнан аса мүсінмен безендірілген. Қабырғаларды жағалай 148 піл мүсіні қашалған. Ішінде үнді құдайлары Шива, Кришна, Вишну, тағы да басқа үнді құдайларының мүсіні – пұттар қойылған.
Үнділер мұнда құдайларына сыйынып қана қоймай, отбасымен келіп, серуендеп дем алады. Жүрек жалғайтын арнайы орындары да бар. Бір үстелге жайғасып, үнді самосасын алдық. Самоса дегеніміз – кәдімгі самса екен. Бір өзгешелігі, біздегідей самса ішінде сыр, ет немесе тауық еті емес, үндінің ащы, жағымсыздау дәмдеуіштері бар шөп-шалам салынған.
Айта кететін жайт, тағы бірде қасымыздағы үнді жігіттері хинди тілінде асқа тапсырыс беріп жатқанда, «Батр нан» деген сөзді құлағым шалып қалды. Бала күнімнен таныс сөз! Әжем пісіріп беретін тіл үйірер пәтір нан еске түсе кетті. Қателеспеппін. Үндінің «Батр наны» өзіміз пәтір нан болып шықты. Жасыратыны жоқ, бала күннен жақсы көретін пәтір нанның дәмін асқазанымыз жатырқаған үнді дәмдеуіштері бүлдіріп тұрғандай көрінді.
Кешке қарай Үндістанда салынған ең көне мешітке ат басын бұрдық. Мешіт «Қууат ул Ислам», яғни «Исламның қуаты» деп аталады. «Делидің ұлы мешіті» деп те атайды кейде.Үнділерге бұл орын Құтыб минар деген атпен белгілі. Делидің көне мешіт орналасқан ауданы да Құтыб минар деп аталады.
«Минар» мұнара дегенді білдіреді. Мешіт мұнарасының биіктігі – 72,6 метр, диаметрі – 3,05 метр. Үнді-ислам сәулет өнерінің ортағасырлық бірегей ескерткіші ретінде ЮНЕСКО қорғауында. Оның іргетасын 1193 жылы Үндістанның алғашқы мұсылман билеушісі, түркі сұлтаны Құтыбұддин Айбек қалаған. Ауғанстандағы Джам мұнарасынан артық етіп салуды көздегенімен, оған тағдыр мұрша бермеген. Оның мұрагері Ілтұтмыш үш қабатын тұрғызған. 1368 жылы Фируз шах Тұғлақ құрылысты толық бітірген. Құтыб мұнарасы «Қууат ул Ислам» мешітіне мұсылмандары намазға шақыру орны ғана емес, сонымен бірге Ислам дінінің қуатын паш ететін жеңіс мұнарасы ретінде бағаланады. Қаланы жаудан қорғау мақсатында бақылау мұнарасы ретінде де пайдаланылған.
Мешіт бір кездері әлденеше рет кеңейтіліп, қайта салынған. Уақыт тек қана Құтыб мұнарасына ғана кеңшілік жасапты. «Қууат ул Исламның» қираған орны ғана жатыр. Ғимараттың қалдықтарының өзі ислам сәулет өнерінің сол заманда қандай биікке көтерілгенінен нақты хабар береді.
Сосын Делидегі, тіпті бүкіл үнді еліндегі ең үлкен Джама мешітіне бардық. Жолда Санур бізге:
– Бұл – мұсылмандар тұратын аудан. Абай болмасаңыз, қалталарыңызды қағып кетеді. Тәуекелге бармай, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды көлікке қалдырып кеткендеріңіз жөн, – деп қайта-қайта ескертті. Өзіміз мұсылман болғандықтан, бұл сөз құлағымызға түрпідей тиеді. Бұл үнді исламофобиясының көрінісі ме, әлде Делидің нақты шындығы солай ма, оның ара-жігін ажырата алмадық.
Джама мешіті ескі Делиде орналасқан. Іргетасын әйгілі Жахан шах құйған. Соңғы кірпіші 1656 жылы қаланыпты. Ішкі ауласында 25 мың мұсылман иық тірестіріп намаз оқи алады. Бес уақыт парызын өтеушілермен қатар мұнда бойшаң, аққұба, жас тибет монахтары да, еуропалықтар да мешіттің сәулетін тамашалап жүр.
Мешіт қасында үлкен базар бар. Базар маңы – құмырсқаша құжынаған халық. Ашық аспан астындағы шаштаразды да осында көрдік. Жол жиегінде тұрып-ақ сақал-мұрт басып, шаш ала береді. Бір ғана орындығы бар. Қолында – қайшы мен тарағы, өзге құрал-саймандары – қалтасында. Мотоцикль, рикша, шайтанарба жөндейтіндер де жол жиегіне шатыр құрып алып, клиенттерін күтіп отыр. Бұларға қарағанда, рикша жүргізушілері, шайтанарбамен жолаушы тасып жүргендер аттылы кісідей көрінеді.
Үндістанға келіп тұрып Тәж Махалды көрмей кету – үлкен айыпты іс болар, сірә. Елге қайтардан бір күн бұрын ертелетіп Агра қаласына тарттық. Делиден 200 шақырым жер. Жол жөнекей егіс алқаптары тақта-тақта болып жатыр. Егін басында пішіні күйіз үйге ұқсас қамыс шайла тігілген.
Кенет қызық көрініске тап болдық. Тас жолда бір үндінің ескі автокөлігі жүріп келеді. Ішінде лық толы адам. Сыймай қалған біреу баспалдағына аяғын қойып, көліктің ішінен басын сұғып алыпты. «Әйтеуір барар жері алыс болмаса екен» деп тіледік.
Тас жол жиегі – «шағын бизнестің» отаны. Кафе, мейрамхана, қонақүйлер туралы сөз қозғайын деп отырғанымыз жоқ. Одан бөлек піл, маймыл жетектеп, мақұлықтар арқылы нәпақа тауып жүргендер аз емес. Шетелдік туристерге үндінің пілі мен мешіні де таңсық. Қасында тұрып суретке түскені үшін иесіне жап-жақсы ақы төлейді.
Дели – Агра тасжолы – ығы-жығы, иін тірескен, кептелген көлік. Жүргенімізден тұрған уақытымыз көп тәрізді. Санур секілді жол ережесіне мүлде мән бермейтін «шумахер» жүргізуші болмағанда, Аграға сол күні жетеріміз неғайбыл еді. Соның өзінде Аграға жеткенше 6 сағат жүрдік.
Жол бойы Санур әдетіне басып, тым асыра сөйлеп келеді:
– Аграда мұсылмандар көп. Олар қызға тиіскендерді өлтіре салады. Сот жоқ оларға. Адам өлтіру түк те емес. Заңдары сондай...
Агра қаласына жеттік-ау ақыры. Өз басым Дели мен Агра қалаларынан көп айырмашылық байқай алмадым. Бір кезде алыстан Тәж Махалды көзім шалып қалды. Дүниені тамсандырған алып құрылыс! Ұлы махаббаттың символы! Тәж Махал маған ми батпақ ортасында тұрған алып гаухар тас секілді көрініп кетті. Оның орны бұл жер емес сияқты...
Аградан жаңа гид таптық... Сегіз бірдей Оскар сыйлығын алған «Лашықтан шыққан миллионер» атты фильм есіме түсті. Онда басты кейіпкер гид болып, ақша табуға бел буады. Туристерге Жаһан шахтың сүйікті әйелі Мумтаз-Махалды «жедел жәрдемге» мінгізіп, «жол-көлік оқиғасында опат болды» деп бөседі. «Сондай біреуге жолықпасақ екен!» – деген қорқынышым да болды алғашқыда. Жоқ, жаңа гид Сону орыс тілін жетік білетін, сыпайы, ұстамды, білімді жігіт болып шықты. Біздің Алматы мен Астанада болған көрінеді.
– Бұл екі қала да маған қатты ұнады. Сұлу қалалар екен! Қазақстан – керемет ел! – деді ол тамсана.
Тәж Махал Джамна өзенінің жағасында тұр. Ақсақ Темірдің ұрпағы Ұлы Моғол әміршісі Жаһан шах босану кезінде көз жұмған әйелі Мумтаз-Махалға арнап салдырған. Үндістандағы мұсылман өнерінің жауһары. Құрылысы 1632 жылы басталып, 1653 жылға қарай аяқталған. 20 мыңнан аса ұста, шебер қатысқан. Тәж Махал мәрмәрі күндіз аппақ, таң шапағы көрінгенде қызғылтым, айлы түнде күміс түстес болып көрінеді.
Үнділер: «Адамдар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар – Тәж Махалды көргендер, екінші топтағылар – оны көрмегендер», – дейді. Күн сайын кесенені көруге ондаған мың адам келеді. «Үнді жауһары» туристердің есебінен бұл елдің қазынасына орасан көп қаржы түсіреді. Бір сөзбен айтқанда, Үнді елінің ішіне бүгіп жатқан сыры көп. Оның бәріне бірдей үңіліп, түсінуге уақыт тығыздық етті. Әйтеуір Тәж Махалды көрген адамдардың тобына қосылғанымызға шүкіршілік етіп, ертеңіне «Эйр Астана» ұшақтарына отырдық та, елімізді бетке алып самғадық.
Шадияр Өстемірұлы,
Алматы – Дели – Нью-Дели – Агра – Алматы

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
The truth just shines thourgh your post
IJMsdc tfqxffbnujaz
health insurance 784026 prednisone kvqi
viagra 0582 levitra cialis utiwby
Әңгіме қызықты, тартымды жазылған мен де Тәж Махалды көрген адамдардың қатарынажатқызыңыз, тап бір сізбен аралап келгендей көз алдымда көрініс болды. Рахмет осындай әңгімелер көп жазылса екен.
cialis sales zco affordable auto insurance 59654 best life insurance phr cialis 2372