Нұрлан Ерімбетов: «Орыстар Қазақстаннан көп кете бастады», – деген ақпарат бар. Өз басым үдере көшіп жатқандарды көргенім жоқ. Сіз байқадыңыз ба? Бұл факті ме, әлде мұның астарында саясат жатыр ма?
Владислав Косарев: Байқамадым. Бұл туралы әңгіме қозғалса, демек, бұл біреулерге керек болып тұр. Көшіп жатқандар жоқ болса да, олар осындай қауесет таратып, жұртты көшуге итермелегісі келеді. Бақытымызға орай, орыстілді тұрғындардың кетуіне түрткі болатындай еліміздің экономикалық ахуалы төмен емес. Оның үстіне, бізден барған орыстардың Ресейге орналасу мәселесі өте күрделі. Ол жақта қандай қиыншылық күтіп тұрғанын елестете де алмайсыз. Оқуға барған студент Ресейде жүргені үшін күніне 1 рубль көлемінде салық төлейді. Мен Ресей елшілігіне: «Балалардан да ақша алатындай Ресей соншалықты кедей ме еді?» – деп сұрақ қойдым. Бұл дегенің – адамгершілікке жат нәрсе емес пе?
Нұрлан Ерімбетов: Ресейде коммунистер қоғамдық пікірге ықпал етеді. Ықпалы жағынан екінші орында тұр. Бізде бұл орынға «Ақ жол» партиясы ұмтылуда. Сіздер неге мұндай биіктен көрінбейсіздер?
Владислав Косарев: «Ақ жолдың» екінші орынға ұмтылып жатқанын көріп тұрғаным жоқ. Біз екінші орынға биліктің шақырғанын күтпейміз. Мәслихат, парламент сайлауы кезінде халықтың қолдауын күтеміз. Биліктен ештеңе дәметпейміз. Біз теңгермелі саясат ұстанып жүрміз. Егер біз билікке қатысты әсіре әрекетке көшетін болсақ, Қазақстан Коммунистік партиясының (ҚКП-ның) кебін киер едік.
Осы жаздың ішінде ауыл тұрғындарын жем-шөппен қамтамасыз ету жөнінде Президент пен үкіметке хат жаздық. Биыл табиғат бізге халықты жем-шөппен қамтамасыз етуге жететін үлкен қор сыйлады. Бірақ халықтың жем-шөп дайындауға шамасы жоқ, оған мүмкіндік берілмей отыр. Өйткені, жем-шөп дайындау – ірі астық компанияларының бизнесі. Олар халыққа қолмен орып алуға мұрсат бермей, сатып жатыр. Баға айырмасы жер мен көктей. 1 тонна шөпті шабуға 3,5 мың теңге кетеді, оны 16-17 мың теңгеге сатады.
Биылғыдай астық көп жиылған кезде ауыл тұрғындарына керегінше астық берілуі керек. Малдарына екі жылға жетерлік жем беруге болады. Өйткені, халық көп жылдар бойы ештеңеге қожалық ете алмады. Бітік шыққан бидай халықтың жерінде өскен жоқ па? Астық компаниялары 7 жылда бір рет елге сыбаға беруге болмас па еді?
Бір қуанарлығы, кейбір компаниялар бір-екі тонна астық өлшеп, халыққа тарата бастады.
Нұрлан Ерімбетов: Ауыл шаруашылығы маманы екеніңізді білемін. Егінді қар астында қалдырған Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысына қандай баға бересіз?
Владислав Косарев: Мен ауыл шаруашылығында мектепте оқып жүрген кезімде жұмыс істедім. Тракторшы, тіркеуші болдым. Орақ кезінде әртүрлі бағыт бойынша 7-8 мың шақырым жол жүрдім. Солтүстік Қазақстан облысынан Ақмола облысына дейін, сосын Ерейментау ауданында 8 елді мекенді араладым. Бірнеше күн бойы көргендерім көз алдымнан кетпей, есімді жинай алмай жүрдім. Үйлер қаңырап бос қалған. Егістікте бір ғана комбайн жүр. «Қамбада астық сақтайтын орын жоқ», – дейді. Шындығында, ол жерде астық та жоқ. Себебі, олигархтар техника әкеліп, астықты жинап алып, бірден элеваторға жеткізеді. Ауыл тұрғындарының тауығына да дән қалдырмайды.
Мәселен, Павлодар облысындағы шаруа отбасының табысы – 265 мың теңге, шығыны – 320 мың теңге. Өйткені, шаруа соңғы малын сойып, базарға өткізіп жіберген. Кейбір елді мекендерде шаруашылықтардың жартысында мал жоқ.
Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында 42 мың үйдің қорасында небәрі 18 мың ірі қара мал бар. Демек, тұрғындар ішкі нарықты толтыруға шамасы келмейді, бір сауым сүтін көршісіне ғана сата алады.
Нұрлан Ерімбетов: Бұған кім кінәлі?
Владислав Косарев: Бұл – Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысының «жемісі». Менің қолымда Ауыл шаруашылығы министрі мен тағы бір адамның жазған мақаласы басылған газет бар. Онда осы саладағы табыстарымыз туралы жазыпты. Мұны бойым түршікпей оқи алмаймын: «Қазақстан кеңестік дәуірде іргесі қаланған агроөнеркәсіптік қуатын сақтап қалып, нарықтық қатынасқа және әлемдік нарықтың талаптарына табысты түрде бейімделе алды». Бұл қалай? Ауыл тозып барады! Қазіргі ауылдан гөрі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жақсы өмір сүрген.
Астана маңындағы Новомарковка ауылындағы жер үлесі иелерінің жиналысында болдым. Онда не болды дейсіз бе? «Цесна» фирмасы шаруаларға тиесілі 22 мың гектар жерді алып: «Сендерге үлестеріңді беріп отырамыз», – деп уәде берген. Шаруалар қуана келіседі. Екі жыл өткен соң шаруаларға: «Шығынымыз көп», – деп жерді банкке кепілге қойғанын ескертеді. «Цесна» корпорациясы, «Цесна» банкі шаруашылыққа несие берген. Сосын «Цесна» қамқорлығындағы бір компания банктегі қарызды сатып алып, шаруаларға: «Біз ауылға келген жаңа инвестормыз, сендерден ештеңе алғанымыз жоқ. Сендерге борышты емеспіз», – деп жауап берген. Ауыл халқы қазір тентіреп кетті.
Нұрлан Ерімбетов: ҚКП-ға қатысты жайт туралы не айтасыз?
Владислав Косарев: Саяси идеяларға қарсы осындай тәсіл қолданғанына қатты өкінемін. Орталық комитетті жабуға болады. Партияны таратуға болады. Бірақ адамдардың ойына қалай тосқауыл қоя алады? Биліктің әрекетін қолдамаймын. Бірақ Алдамжаров та оңбай қателесті. Бүтін бір партияны жеке мүдде үшін құрбандыққа шалуға болмайды.
Әбділдинмен де, Алдамжаровпен де біздің келіспеген тұсымыз мынау: біз «билікке халықты әкелуіміз керек» деп есептейміз, Әбділдин болса: «Олигархтардың біреуін тез арада билікке әкелуіміз керек» – дейді. Біз коммунистердің олигархтарға жұмыс істеуін қолдамадық. Жолымыз осы пікір қайшылығынан екіге бөлінді.
Жазып алған Шадияр Өстемірұлы
(«Айтпарк» пікірсайыс клубынан)

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Қазақстанда тұрып жатқан орыстар ешқашан ешқайда көшпейді. Жиырма жылдан бері кететіндері кетіп болған. Ендігі қалып отырғандары - Ресейге де, Қазақстанға да керек емес, өңкей бір тексіздер. Олардың түбі - баяғыда Ресей жерінде бас еріктері болмаған құлдар. Құлдардың ұрпақтары қашанда құлдар болып қала береді. Көштен қалып отырған орыстар соны біледі. Олар Ресейге барса да баяғы ата-бабаларының кебін киеді. Ол жаққа барғанша қазақ елінде үн-түнсіз отыра бергенді артық санайды. Бұл жақта оларды ешкім шеттетіп жатқан жоқ.
бауырым дұрыс айтасың, оларды бізден басқа мәпелеп, әкелеп-көкелейтін ешкім жоқ.
кетесе кетер солар керек еди
It's good to see someone thnkiing it through.
I7pT6f srgiiledkzjw
insurance auto auctions 8[ life insurence >:PPP
homeowners insurance in florida :( life insurance quote >:PP