Жаңаөзенде тұрғындарға қатысты заң талаптарын бұзды деп айыпталған үш тәртіп сақшысының ісі тексеріліп бітіп қалды. Бірақ әріптестеріне жаны ашыған бір топ полиция қызметкері «Егер, әлгі үшеуін соттаса, біз де жұмыстан кетеміз» деп мәлімдеді. Бұл туралы Маңғыстау өңірінде шығатын «Лада» газеті хабарлайды. Аты-жөні белгісіз тәртіп сақшылары қалада берекесіздік орнаған кезде қару қолданған заңды деп есептейді екен. «Біз тек өзіміздің міндетімізді атқардық, – дейді полиция қызметкерлері.
– Егер, тағы да осындай оқиға қайталанар болса, онда полиция қызметкерлерінің ешқайсысы өз қаласын қорғамайды. Бәріміздің бала-шағамыз бар, темір тордың арғы жағына ешкімнің барғысы келмейді».
Былтыр, 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында мұнайшылар мен полиция арасында қақтығыс орын алған еді. Ресми дерек бойынша, 17 тұрғын қаза тапты. Сол кезде көптеген құқық қорғаушылар, оппозиция өкілдері, әлемдік қауымдастық Жаңаөзенде полицияның қару атқанын айыптады.
Енді, Жаңаөзен оқиғасына, оқиғасы емес, сол қақтығыс кезінде 17 жанның көз жұмғанына 40 күн толды. Мұсылмандық жоралғы бойынша, қаралы үй бұл күні ас беріп, аза тұтады. Ал «Лада» секілді басылым әдейі отқа май тамызып отырған сияқты. Себебі, полиция қызметкерлерінің нақты аты-жөнін атап көрсетпеген.
Тоқтар Жақаш

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...
Полиция түгел жұмыстан кетсе де, Жаңаөзеннің өқабырғасы құлап қалмайды.
Неге өле қалмайсыңдар