Жуырда Қазақстанның «Қазпоштасы» мен Ресейдің Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Сауда миссиясы» атты халықаралық конференция болып өтті. Шара барысында электронды сауда, оны дамытудың жолдары мен мүмкіндіктері, инновациялық шешімдер, ғаламтор жарнамаларының трендтері т.б мәселелер талқыға салынды.
«Қазпошта» АҚ 2010-2014 жылдарға арналған еліміздегі сауданы дамыту жөніндегі Үкімет бағдарламасын орындау масқатында «Зерде» НИХК» АҚ және «Казконтент» АҚ компанияларымен ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Сол арқылы еліміздегі электрондық сауданы дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Сондай-ақ Ресейдің Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының тауарға еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ол үшін бірыңғай кедендік кеңістік шеңберінде шетелдік компаниялармен ынтымақтасып жұмыс жасау қажет. Аталмыш конференция сондай ынтымақтастықтың көрінісі деуге болады.
Алғаш болып «Зерде» НИХК» АҚ директоры Владимир Турдыкин баяндама жасады. Қазақстандағы электрондық сауда жүйесінің дамуына тоқталды. «Е-коммерция (электрондық сауда) – электронды дүкеннен және төлем жүйелерінен тұратын жаңа жүйе. Оның Қазақстан нарығындағы келешегі зор. Бұл жүйе ғаламтор-кеңістіктің дамуы арқасында алға басып келе жатыр. Бүгінде электрондық саудадағы белгілі тауарлар – кітаптар, баспа өнімдері, фильмдер мен әндер, бағдарлама жүйелері. Қазіргі уақытта 70 пайызға жуық адам осы жүйені онлаин сатып алу арқылы жүзеге асыруда. Сондай-ақ, банк картасы, төлем, терминал жүйелері де электрондық сауданың кең тараған түріне жатады. Бұл қызметті 45 пайызға жуық адам тұтынуда», – деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстанның жалпы сауда нарығы 300 млн долларды құрайды. Электрондық сауда жүйесі бойынша Алматы, Астана және Қарағанды қалалары көш бастап тұр екен. Біздің елде 8,5 млн адам айлық жалақысын банк карточкасы арқылы алатын көрінеді.
Бұдан кейін «Қазпошта» АҚ директорының орынбасары Асқар Құсайынов сөз алып, «Қазпоштаның» 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарымен таныстырып, 6 бағыттан тұратын даму кестесімен таныстырды. Шара барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы қашықтық сауда нарығын дамыту мәселелері талқыланды. Екі ел поштасының мүмкіндіктері салыстырылып, даму бағыттары ұсынылды. «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінде өткен конференцияға отандық және шетелдік сауда секторының дамуына мүдделі компаниялар қатысты.
Гүлзат Нұрмолдақызы

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...