Редакциямызға Алматы облысы Райымбек ауданы тұрғындарының атынан арыз келіп түсті. Арызда Кеген, Тасащы, Сарыжаз селолық окургтарынан соңғы бір-екі жылда 72 бас ірі қара жоғалғаны, сол жоғалған малдың ізі табылып, бес бірдей азаматтың күдікті ретінде бар қылмысын мойнына алғаны, кейіннен іс белгісіз бір себептермен өзгеріске түсіп, алты полиция қызметкерінің үстінен іс қозғалып жатқаны жазылыпты.
Әңгіменің әлқисасы
Біз мінген көлік Алматыдан таңсәріде қозғалып кетті. Екі жүз елу шақырымдық жолды артта қалдырып, сәске түсте Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылына жетіп жығылдық. Жете салып, шағым иелерінің сөздеріне құлақ түрдік.
2010-2011 жылдар аралығында аталған үш ауылдан 72 бас мал ұрланыпты. Әрине, орташа есеппен әр ірі-қара 200 мың деп есептегеннің өзінде 14 миллион төрт жүз мың теңге, басқаша айтқанда 96 мың 500 жүзден астам АҚШ долларына пара-пар. Шағымданушы Байғонақ Нұптағаев: «Қазір соншама майлы жілікпен аузын майлағандардың біреуінен өзгесі бостандықта жүр. Ешбір құзіретті орын олардың не себепті босатылғанын түсіндірген жоқ», – дейді. Керісінше, ұрлық істеді деген айыппен тергелген күдіктілер «арыз иелерін мазақтайтын» болып алған. Бұл жөнінде Байғонақ Нұптағаев: «Барымташылардың қамауда отырған басшысы «алты полиция қызметкерлері менің орныма қамалады. Оның құны 13 мың доллар» депті. Мұнан артық қорлау бола ма?» – дейді.
«Сенің емес, Байғонақтың малын ұрладым...»
Әңгіменің басы «Дайрабайдың қызыл сиырынан басталмаған». Көшеде екі жігіт жұдырықтасып қалады. Сол сәтте бірі екіншісіне «ұрысың» дейді. «Мен ұры болсам, сенің емес, Байғонақтың малын ұрладым» деп күпсінеді екіншісі. Мұны құлағы шалған Байғонақ ақсақал дереу аудандық ішкі істер бөліміне барып шағым түсіреді. Сол шағымды негізге ала отырып, полиция қызметкерлері істі қарай бастайды. «Ұрының арты қуыс». Сол қуыстан бір емес, бес бірдей азаматтың басы көрініп қалады. Бесеуі де аталған ауылдардағы 17 жәбірленушінің 72 бас ірі-қарасын ұрлағандарын, қай малды қай жерден айдап кеткенін, қайда апарып сойғанын, із жасыру мақсатында бас-сирақ, тері-терсекті қайда тыққандықтарына дейін көрсетіп береді. Ол аздай, айыпталушылар ұрланған ірі қараны егелеріне қайырып бере бастайды (11 ірі қара қайтарылған). Бұған ел де риза болысып, «енді қылмыскерлердің қолына кісен салынады» десіп отырғанда, әңгіменің ауаны өзгеріп сала берген.
«Отшивать» етесің, әйтпесе...
Тұрғындардың айтуынша, алдымен, қүдіктілерге «ақыл-есі ауысқан», «алқаш» деген секілді құжаттар алып, жасаған қылмысынан бас тарту жолы тиімді болып көрінген сықылды. Мұндай әңгіме шығысымен аудандық полиция қызметкерлері ұрылардың ақыл-есінің түзу, түзу еместігін тексерту үшін Талғар қаласына алып келеді. Нәтижесінде бесеуі де «ауру сырқаудан құлан-таза» деген анықтама алады. Сол сапарда қылмысты деп айыпталған Ерлан Едігеевтің жездесі полиция қызметкерлеріне доқ көрсетеді. Бұл жөнінде Тасащы ауылының учаскелік полициясы Медет Сәлімбаев: – Маған мына істің ішінен Ерлан (Едігеев) дегенді алып таста деді. Саған мынадай варианттар бар деді. «Отшивать» етесің, (тура осылай айтты) әйтпесе ісіңді Астанаға, болмаса облысқа алғыза салам деді, (пікір сөзбе-сөз беріліп отыр) – дейді. Шырылдаған полиция қызметкерінің сөздерін шағымданушылар да растады. Олар сұрастыра келе Еңбекшіқазақ аудандық қаржы полициясының тергеушісімін деп таныстырған Мақсат есімді азаматтың тегі Кабдрахимов екенін анықтаған.
Жалтарудың «жалғыз жолы»
Әрине, ешкім де істі Астанаға алғыза қойған жоқ. Тек бес бірдей қылмысты деп айыпталған азаматтар қамауға бұйырылып, біреуінен өзгесі ертесінде-ақ бостандыққа шығыпты. Бостандыққа шыға салысымен, күдіктілер бірден облыс орталығы Талдықорғанға тартқан. Ұрлыққа қатысы бар деп айыпталған Нұрбақыт Шалабаев: «Едігеевтің әпкесі жауаптарыңнан бас тартыңдар деді. Сонда құтыласыңдар деді. Мешіттің алдынан ұстап алды. Талдықорғанға апарды. Облыс прокуратурасына арыз жазғызып алды. Жаз деді, жаздым. Не деп жазғаным есімде жоқ. Асығып отырып жаза салдым» (пікір сөзбе-сөз беріліп отыр), – дейді.
Тағы да темір есік...
Біз мәселені біржақты қарамайық, – деп аудандық прокуратураға бет алдық. Ол жерде біздің маңдайымыз тағы да «темір есікке соғылды». Ақсақалдардың айтуынша, олардың арыз-шағымын тыңдар құлақ бұл жерде жоқ екен. Сарыжаз ауылының тұрғыны Біләл Тағаев: «Аудандық прокуратура халықпен жұмыс жасаса дейміз... Міне, көріп отырсыздар. Қашан келсек те осы. Өткенде осы мәселемен облыс прокурорының алдына барып шағымдандық. Мынандай темір есікті ол жерден көргеміз жоқ», – деді. Ал іштен бір қыз шығып, прокурордың Талдықорғанға кеткенін, ал оның көмекшісі аудан «әктіптерінің» жиналысында екенін айтып, күтуімізді «өтінді».
Аудан басшыларының ойы
Біз күте алмадық. Дереу аудандық әкімдікке тарттық. Бұл жолы жолымыз болды. Ауданның әкімі де, ішкі істер бөлімінің басшысы да, прокурордың орынбасары да жиналыстан кейін біздің сұрақтарымызға жауап берді. Аудан әкімі Қыдыргелді Медеуов: «Бұл мәселенің оң шешілуі үшін облыстық прокуратураға да, ішкі істер департаментінің басшысына да хат жазғанмын. Десе де, ұрыларға тыйым сала алмасақ, мал ұрлығы өрши түседі деп ойлаймын», – дейді. Ал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ерлан Іңкәрбаев: «Аудандық ішкі істер бөлімінің алты қызметкері де өз ісіне адал жігіттер, – дейді. Аудан прокурорының орынбасары Бейбіт Шабдарбаев: «Полиция қызметкерлерінің үстінен күдіктілер жазған арыз бойынша тексеру амалдары жүріп жатыр. Мен оларды әзірге айыпкер деп айта алмаймын», – деген ойын білдірді. Күдікті топтың қорғаушысы болған Гүлнәр Қарамолдаева: «Оларды ұрып-соқса, қорғаушысы ретінде маған айтатын еді ғой. Іс барысында олардың бет-жүзінен ешқандай жарақат байқамадым», – дейді.
Көңілдегі күпті сұрақ
Біз «ұрылармен» пікірлеспек болдық. Олардың бәрі Талдықорғанға кетіпті-міс. Десе де, көңілде күпті сұрақ қалды. «Қылмыс жасады» деп айыпталған күдіктілер аттай жиырма бес күннен кейін «ұрды, соқты» деп арыз жазыпты. Тіпті дене жарақаты болғаны туралы анықтама да алады. Полицейлердің қолындағы одан тура жиырма бес күн бұрынғы анықтама басқаша сөйлейді. Сонда бұл не? Тағы бір күлкілі жағдай. «Тері-терсек, бас-сирақ көмілген жер сонау кеңес заманының тәбәрігі» екен. Күдіктілер тарапы ол туралы да анықтама алып үлгерген. Сонда сонау кеңес кезінде бас-сирақты ықтияттап қапқа салып көметін болған ба? Солай-ақ болсын делік... Сонда Райымбек ауданының малдарының
Қанат Әбілқайыр

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...