Елге көшіп келген қандас қат-қабат кедергіге кезігеді. Құжат алу, шетелден алған дипломының кәдеге аспауы, шаруашылық жүргізуге, кәсіппен айналысуға жағдайдың жасалмауы, т.б. оралманды сандалтып, сарсаңға түсіруде. Әрине, мәселенің мәнісі қандасқа белгілі. Тақырыпты солардың пікірі мен ұсынысы арқылы тарқатуды жөн көрдік. Конференция қонақтары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов (Ресей), тарих ғылымдарының кандидаты Жұмамұрат Шәмші (Өзбекстан), журналист Бейбіт Тоқтарбай (Моңғолия), Қазақ-қытай ғылым және білім орталығының жетекшісі Думан Иманмәдіұлы (Қытай), ақын, журналист Талапбек Тынысбекұлы.
Қандасқа қайырсыз қаржы
Жас қазақ: Қазақ көшіне қатысты қайшы көзқарас бар. Мәселенің түйінін қалай тарқатуға болады?
Бейбіт Тоқтарбай: Қазір қазақ көші тоқтап қалды деген мәселе көтерілуде. Бұл нені білдіреді? Демек, көші-қон саясатының ыждағатты түрде дұрыс жоспарланбағанының белгісі. Шын мәнінде, тарихи Отанына оралуға әзір отырған қандас шетелде әлі де көп қой. Көші-қон саласындағы көзге ұрып тұрған кемшіліктер көп. Соның біразына тоқталайын. Біріншіден, құжат алудағы көп кедергі мен қиындық, екіншіден, шетелден көшіп келген жоғары білімді азаматтың өз Отанына келгенде алған білімінің кәдеге аспай қалуы, үшіншіден, шаруашылық жүргізуге, жеке кәсіппен айналысуға жағдайдың жасалмауы. Мәселен, мал шаруашылығымен айналысайын десе, бос жатқан жер жоқ. Егін салайын десе, ол жердің барлығы әлдекімнің меншігі. Көші-қонның дұрыс жоспарланбауынан жыл сайын оралманға арналып қазынадан бөлінген қаншама қаражат кері қайтуда. Бұған оралман кінәлі емес, дұрыстап жұмыс жүргізе алмай отырған құзырлы орындар кінәлі. Себебі, алып аумақты алып жатқан азғантай қазақтың қатары бір адаммен толықса да, ол біз үшін қуаныш болуы керек еді.
Жұмамұрат Шәмші: Әлемде шеттегі қандасын өз еліне келіп, қоныстануға жағдай жасап жатқан үш ел бар. Ол – Қазақстан, Германия, Израиль. Сол Германия мен Израильде жүйе қандай? Онда келетін адамның қай жерге баратыны, қайда қызмет ететіні, қайда тұратыны алдын ала шешілген. Содан кейін шақырады. Өкінішке қарай, мұндай жүйе бізде қалыптаспаған. Мәселенің екінші жағы да бар. Жағдай жоқ деп, қол қусырып отыра беруге де болмайды. Ең алдымен ниет керек. Отанға деген махаббат керек. Себебі, кейбір қандастар: «Біз солтүстік өңірге бармаймыз, ондағылар орыстанған, бізге жағдай жасалмаған», – дейді. Ол дұрыс емес. Адамның өзіне байланысты.
Бейімдеу орталығы ашылса...
Зиябек Қабылдинов: Мен Ресейдің Омбы облысынан келген қазақпын. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан қағида бар. Мемлекетте тұрақтылық орнау үшін негізгі ұлттың саны 75 пайыздан төмен болмауы тиіс. Ал бізде ше? 67 пайыз. Сондықтан, біздің бұл мәселені шеттегі қандастың үлесінен шешіп алуға толық мүмкіндігіміз бар.
Мәселен, шекаралық аймақтағы ауылда адам саны өте аз. Оның орнын оралманның үлесімен толтыруымыз керек. Қай әкім қанша оралманды көшіріп әкелді, қанша қандасқа жағдай жасады? Жергілікті атқарушы билікке берілген баға осымен өлшенсе...
Думан Иманмәдіұлы: Мен Қазақ-қытай ғылым және білім орталығын басқарамын. Осы салада аз-кем жұмыс істей жүріп, біраз мәселенің шетін байқадым. Біздің білетініміз, қазір Қытайда бір жарым миллиондай қазақ бар. Қытайдың жоғары оқу орындарында қазақ жастары білім алуда. Соларды «елге көшіру керек» деп ойлаймын. Қытайдың ауыл шаруашылық университетінде қызмет еттім. Сонда бір күні ректор маған: «Бізде 20 мың студент бар, оның 3 мыңы қазақ жастары. Сен соның 500-ін Қазақстанға алып бара алмайсың ба?» – деп сұрақ қойды. Білуімше, солардың көбі онда жұмыс таба алмай, сарсаңға түскен. Қазақ жастары мұнда орыс тілінен қиналады. Бірден бейімделіп кетуі қиын. Сондықтан, біз оларға арнайы тренинг жүргізіп, жазуды, заңды үйретуге тиіспіз. Тіпті мұндай бейімдеу орталығы әрбір университеттің жанынан құрылса...
Зиябек Қабылдинов: Жақында газеттен қызық дерек оқыдым. Ресейдің бір агенттігі өзге ұлт өкілдері жайында зерттеу жүргізіпті. Біле білсеңіздер, қазір онда 180-ге жуық ұлт өмір сүреді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, білім, білікті маман жағынан еврейлер басым екен. Ал екінші орында қазақ. Ресейде бір миллиондай қандасымыз бар. «Болашақ» бағдарламасына қыруар қаржы кетіп жатыр. Менің ойымша, шеттегі білімді қазақ жастарын Отанға көшіріп, қызмет ұсынсақ, біз одан ұтпасақ ұтылмаймыз. Ресейдегі бір миллион қазақ үшін бір қазақ мектебі жоқ. Ертең олар орыс тіліне бейімделіп, тіпті есім-сойын орысшалап алмасына кім кепіл? Менің ұсынысым: оралмандардың мәселесімен айналысатын министрлік немесе агенттік құрылуы керек. Оны жасамай болмайды. Көші-қон полициясы қауқарсыз, ештеңе жасай алмайды. Кадр мәселесін де айтып кетейін. Шеттен келген жоғары білімді азаматтарға Парламенттен неге орын бермейміз? Біз оларға сенімсіздікпен қараймыз. Президент әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, қалалық мәслихатта, облыс, аудан әкімшілігінде жұмыс істейтін оралман жоқ. Ал Израильде қандай? Шеттен келген еврейдің 30 пайызы жоғары қызметте. Өзбекстаннан келген Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековке Парламенттен орын неге бермеске?
Думан Иманмәдіұлы: Бұл дұрыс та шығар. Бірақ мен оған келісе алмаймын. Менің ойымша, шеттен келген қазақ Қазақстаннан не алам деп емес, елге не берем деп келуі керек. Қазақ-қытай ғылым және білім орталығы осы күнге дейін 20-дан астам мұғалім мен студентті Қытайға жіберді. Білімін шыңдап, жетілдіріп келді. Бұдан бөлек магистранттар Қытайдың білім грантын жеңіп алды. Егер мен азаматтық алсам, бұл жұмыс тоқтайды, жоба жүзеге аспай қалады. Сондықтан, біз іскер болуымыз керек. Қай салада болсын, өз үлесімізді қоссақ, нұр үстіне нұр болар еді.
«Жер бетіне артық келген адамдай, Әлі жүрмін азаматттық ала алмай»
Талапбек Тынысбекұлы: Бір ақын ағамыз: «Жер бетіне артық келген адамдай, Әлі жүрмін азаматтық ала алмай», – деп айтқандай, азаматтық алу қиын. Мен оралман мәселесін шешу үшін мынадай ұсыныс айтар едім. Біріншіден, шетелдегі қазақ мектебінің жабылуына байланысты қазақ жастарының басым көпшілігі қазақ тілін білмейді. Олар бірден дайындық сынағынан өтіп, оқуын жалғастыруға қабілетсіз. Сондықтан, бірінші кезекте дайындық курсының жанынан бейімдеу бөлімін ашу керек. Бұл әсіресе Еуропадан келетін қандастарымызға ауадай қажет. Екіншіден, шетелден келген қазақ жастары орыс тілін жетік білмегендіктен, белгілі деңгейде жеңілдік жасаған абзал. Еш кедергісіз Қазақстан азаматтығын беру керек. Үшінші, оқығысы келетін талапты жастарға кедергісіз виза беру. Сонымен бірге Қытайдағы қазақ елшілігі жанынан қабылдау комиссиясын құрып, өз бетінше келуге жағдайы жоқ қазақ балаларын тестілеуден өткізіп, іріктелгенін арнайы мемлекеттік бағдарламамен оқуға әкелу. Төртінші, қазақ жастарының жұмысқа орналасуын мемлекеттік деңгейде қадағалап, көші-қон саласының барлық қызметіне оралманды орналастыру. Олардың елге, жерге, Отанға еңбек етуге деген ынта-жігерін шыңдау. Бесінші, мемлекеттік телеарнадан, әсіресе толықтай мемлекеттің тілде жұмыс атқаруға көшкен «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан аптасына жарты сағаттық оралманға арналған арнайы бағдарлама ашылса деген тілегіміз бар.
Думан Иманмәдіұлы: Біздің елде оралман оқуға түсерден бұрын дайындық курсын тәмамдайды. Сөйтіп, мемлекеттік грантты жеңіп алады. Оралманның 95 пайызы грантқа түседі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Ә дегенде олардың қуанышы ұзаққа созылмайды. Бірінші шәкіртақысынан, сосын грантынан айырылады. Неге? Әуелде емтиханды қазақ тілінде тапсырып, бәрі ойдағыдай өтеді. Ал сабақ кезінде бүкіл пәннің жоқ дегенде жартысы орыс тілінде өтеді, тіпті кейбір мамандық бойынша қазақ тілінде оқулық таппайсыз. Орыс тілін түсінбейді. Сөйтіп, сабағы нашарлайды. Үш алып қалса, шәкіртақы берілмейді. Осы мәселені де қарастыруымыз керек.
Зиябек Қабылдинов: Мен осыған ой қоса кетейін. Осы мәселені білгеннен кейін кейбір оралман жеңіл-желпі мамандық таңдайды. Тілден теперіш көрмейін деп, денешынықтыру, музыка, сурет салу мамандығын таңдайды. Менің ойымша, оларға қосымша бағдарлама жасау қажет. Бірінші курста орыс тілінен қосымша сағат бөліп, дәріс жүргізілсе, екінші, үшінші курста олар жергілікті студенттің дәрежесіне жетіп алады. Бір жазудан екінші жазуға көшу – оңай емес. Мұны кезең-кезеңімен жүзеге асырып, жүйелі түрде оқыту керек.
Бейбіт Тоқтарбай: Тағы бір мәселе бар. Оралманның атажұртқа көшуі әлдекімдер үшін қасірет болып көрінуі де мүмкін. Себебі, соңғы санақ бойынша ел тұрғындарының 63-тен астам пайызын қазақтар құрап отыр. Бұл нәтижеге жетуге шеттен келіп жатқан қазақтың кәдімгідей үлес салмағы болды ғой. Қазақтың үлесі молайған сайын, қазақ тілінің де өрісі өсе түспек. Демек, бұл үрдіс орыстілді мен қожа болып үйреніп қалған әлдебір топқа қолайсыз. Сондықтан олар қазақ тілінің кең қанат жаюына кәдімгідей салмақ беріп отырған оралман жайында жағымсыз көзқараста болса, оған таңданудың қажеті шамалы. Мұны айтып отырған себебім, соңғы кездері шеттен келіп жатқан қазақ жайында алып-қашпа әңгімелер де туындап жүр...
Директор далада егін жинайды
Жұмамұрат Шәмші: Шынында да, жоғары жаққа жағымды ақпарат берумен мәселе шешілмейді. Елге көшкісі келетіндер көп. Бірақ мүмкіндігі жоқ. Ал жағдайы жақсылар келіп алды.
Бір мысал айтайын: өткен жылы Жамбыл облысына әпкем мен жездем көшіп келді. Бес баласы бар. Әлі азаматтық алған жоқ. Өзі Өзбекстанда мектеп директоры болған. Әкесі де директор қызметін атқарған. Мектепке жұмыс іздеп барса, азаматтығы болмағаны үшін қызметке алмаған. Бала-шағаны асырау керек. Егіс алқабына барып, егін жинайды. Күніне пәлен қап жинайды. Алатыны үш мың теңге. Ойлап қараңызшы, бұрын білдей бір мектептің директоры болған адам далада егін жинап жүр. Көші-қон басқармасындағылар Өзбекстанға оның сотталған, сотталмағаны туралы өтінім хат жіберіпті. Әлі бір жыл болған. Келмеген. Қашан келетіні де белгісіз. Мұндай келеңсіздік әрбір оралманның басынан өтуде.
Зиябек Қабылдинов: Қазір қазақ көші тоқырады. Оның себебі мыналар: біріншіден, оралманға дайын жер жоқ. Пәтер туралы айтпай-ақ қояйын. Құжат алу машақат. Үш айдан бір жылға дейін тосу керек. Жұмысқа орналастыруға ешкім бас ауыртпайды. Әкім оған жауап бермейді. 5 млн қазақ шетте, ал біз оларға жылына 600 квота береміз. Неге біз 6 мың бермейміз? Елбасы осы мәселе жөнінде өткен құрылтайда құзырлы мекеме басшыларына тапсырма берді. Бірақ оны жүзеге асырып жатқан адам жоқ. Өкінішке қарай, Президенттің сөзі жерде қалды. Адал азаматтар аз. Не өзі істемейді, не біреуді істеткізбейді. Бұл – трагедия емей немене? Оралманның трагедиясын оралман ғана түсінеді. Оралманды жоғары қызметке орналастырмай, іс оңға баспайды.
Жас қазақ: Қазақтың көші табыстың көзіне айналды. Осыған қатысты нақты жағдайды айта аласыз ба?
Жұмамұрат Шәмші: Бір дәлел келтірейін. Мен Өзбекстаннан көшіп келген қазақ болғандықтан, екі елдің арасындағы жағдайды жақсы білемін. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш аудандарының шекаралық аймақтарында қызмет еттім. Арғы бетте тұратын көптеген қазақ Қазақстанның азаматтығын алған. Өздері Өзбекстанда тұрады, бірақ Қазақстанның зейнетақысын алады. Себебі, мың теңге шамамен онда 10 мың сум болады. Бұл ақша Өзбекстандағы қазақ үшін көп.
Жерді дөкейлер басып алған
Зиябек Қабылдинов: Бір жиында біртоп студент маған былай деді: «Аға, біз қазір Қазақстанның азаматтығын алып қойсақ, Қытайға кіріп-шығу қиын болады. Қазір ықтияр хатпен жүреміз. Оның үстіне саудамен айналысамыз. Жұмысымыз жүреді». Міне, олар азаматтық алуға асықпайды. Себебі, тұрмыстық мәселені бірінші орынға қояды. Бұл – қауіпті. Көрдіңіз бе, оралманның ойын. Ол үшін жағдай жасау керек.
Жеке өмірімнен мысал келтірейін. Мен анамды елге көшіріп әкелуім керек. Ол Ресейде біздің ақшамен есептегенде зейнетақы 50 мың алады. Одан басқа көлікте тегін жүру жеңілдігі бар. Кейде тегін көмір, отын әкеп береді. Ал мұнда келсе жағдайы қалай болады? Қанша бала таптың, қандай қызметте істедің? Оған қарамайды. Ең төменгі зейнетақы алады. Ол шамамен 12-13 мың теңге. Сонда біздің шеттен келген көптеген ата-әжелеріміз осында жерленеді, бірақ азаматтық алмайды. Себебі, пайдасыз. Осында тұрғанымен, шетелдегі зейнетақысынан айырылғысы жоқ. Осы мәселені күн тәртібіне қою керек. Оған орташа зейнетақы төленсе, жақсы болар еді. Әйтпесе, ешкім ақшадан айырылғысы келмейді.
Бейбіт Тоқтарбай: Ата жұртқа ат басын бұрған ағайынды ендігі бір сауатты түрде жоспарланған бағдарлама бойынша орналастыратын уақыт жетті. Шама келсе, оларды қазағы аз солтүстік өңірлерге көптеп шоғырландырса дұрыс болар еді. Ағайындар Қазақстанның қай өңіріне де қоныстануға құқылы шығар. Бірақ сол өңірлерге баруға арнайы жеңілдік қарастырылса, көштің бетін ірі қалалар мен оңтүстіктен солтүстікке бұруға мүмкіндік тиеді. Мәселен, егістікке арналған жер, мал шаруашылығына арналған жайылымдық өріс берілсе, ағайын мемлекеттің қай өңірі болса да, бара береді емес пе? Қазір шеттен келген ағайын ата кәсібі – мал шаруашылығымен айналысайын десе жайылымдық жер жоқ. Барлық іске жарарлық жерлерді кезінде қолында билігі барлар басып алған. Не өздері пайдаланбайды, не болмаса, өзгелерге пайдалануға бермейді.
Оралмандар мәселесін зерттеп, онымен арнайы айналысып отырған дені дұрыс мекеме жоқ. Көшіп келген қазақтың нақты санын да білмейміз. Қаншасы қайтып кеткенін де білетін біреу жоқ. Алда Парламент сайлауының дүбірі жақындап қалды. Сондықтан, сайлауға түскісі келетін жеке тұлғалар мен саяси партиялар оралмандар жайында бағдарламасына қосып қоюды ұмытпағаны дұрыс. Себебі олар да бір қауым ел болып қалғаны рас, біраз дауыс жинап беруге қауқарлы.
Оралманның әңгімесінен
– Қазақ елін бетке алсам не етер едің?
– Паспорт үшін консулға кетер едім.
– Паспортың бітпей қойса не етер едің?
– Делдалға теңге беріп өтер едім.
– Делдалдарың алдаса не етер едің?
– Төземіз ғой, қиын-ақ десе де оның.
– Виза бермей сандалтса не етер едің?
– Отаныма түбі бір жетер едім.
– Сөйле десе орысша не етер едің?
– Жерге қарап өтірік жөтелемін.
– Қашқынсыңдар десе егер не етер едің?
– Шын тарихын сөз қозғап өтер едім.
– Оралман деп кемсітсе не етер едің?
– Қойшы сәулем бәрін де көтеремін.
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Өте әдемі сұхбат болыпты, осылай оралмандар ішінен шыққан зиялы оқыған кісілерден аларымыз көп. Олардың ойларымен санаспаса, біздің билік ұтылады. Себебі еш әрекет жоқ жоғарғы жақтан, есек ылайдан өтті, қу кетті сықылды. Сондықтан бізге тез арада жаңа жүйе қажет.
Жас қазақтың конференциясы жақсы өткенге ұқсайды. Себебі шетінен мүйізі қарағайдай азаматтар қатысыпты. Одан тыс орамды ойлары мен салиқалы пікірлері адамды ойландырып тастады. Міндетті түрде олармен пікір таластырған жөн. Аларымыз көп. Санасу керек. Сырт көз сыншы деп атам қазақ бекер айтпаған.
Мен Астана қаласындағы тілдерді дамыту басқарамасын бастығы ретінде айтарым, осы оралмандардың арасынан шығып жатқан сауатты адамдарды кейінгі уақытта көп кездестіріп жүрмін.
Көптеген жиындар мен конференцияларда олармен сөйлесіп жағдай сұрағанымда жылап қоя береді, бізде анау жоқ, мынау жоқ көмектесіңіз деп. Онда мында атасының басына келді ма? отырмай ма? өзінің Моңғолиясында түсінбеймін.
www.kandastar.com кіріп көріңіз.
Азаматтар, біреудің атымен неге пікір білдіресіңдер? Өз бет-жүздерің қайда? Неге күйеді? Бұл бүгінгі есімді барымталау ғой
Оразгул сен емес маселени шешетин ,корелмайтын минезин коринип калдыюоралманнын бари бирдей емес,биз окиметтин еш комегисиз уй алдык,оз енбегимизбен тапкан акшага,сенин атаннын басы,озин тил дамыту бастыгынын директоры екенсин ,билгиш екенсин биринши тарихты окы сосын айырасын оралман деп,сен сиякты адамдардын аузына ешким какпак бола алмайды,бизге барибир айырган адам айыра берсин!Биз бакыттымыз!
не деген сумдык создер мына оралман жайлы айткан пикирлер 5 саусак бирдей емеской,мына оразгул татемиздин айткан ангимесине ызам кеп асыгып жазамын деп кате жазып койдым
биздин арамызда оте сауатты адамдар коп,окыган оте тарбиели,ата салт дастурди умытпаган нагыз казакпыз!динимизди,тилимизди,дастуримизди ешкашан умытпаймыз!осы арада не казак емес не орыс емес дубаралар толып жатыр,ондайлардан аулак!