– Жас қазақ: Арыстан аға, жаңарған Мәжіліс Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуге қабілетті ме? 
– Арыстан Есентүгелов: Жасыратыны жоқ, Қазақстан экономистерге кедей ел. Обалы не керек, жаңа Мәжіліске депутат болғандардың арасында бірде-бір мықты экономист жоқ. Ал Ресейдің мықты экономистерінің бәрі Давоста жүр. Мысалы, ресейлік Грек, Кудрин, Люкаев, Ясин, Кольцов сияқты мықты экономистердің бізде жоқ екенін мойындауымыз керек. Мысалы, Ресейде үлкен экономикалық форум болса, әлемдегі ірі-ірі экономистер, сарапшылар қуана-қуана келеді. Өйткені, кез келген мәселе өз деңгейінде талқыға түседі. Орыс экономистерінің ешқайсысы елден шындықты жасырмайды. Шетелдіктермен ашық пікір таластырады. Яғни дұрысын дұрыс, қатесін қате дейді. Өкінішке қарай, мұндай жағдай бізде жоқ. Оған қоса, Ресейде мықты экономист болуға көптеген мүмкіндіктер бар. Небір-небір саяси, экономикалық орталықтар көп. Ондай орталықтарды мұнайшылар, банктер өздері қаржыландырады екен. Әуелі мықты экономистер солардың мүддесіне қажетті мәселелерді зерттейді. Олардың жауабын тауып, шешілу жолдарын көрсетеді. Бизнесмендер солардың ақылымен сөйлейді, өз бизнесін қорғайды. Ал бізде ондай жоқ. Экономикалық орталық ашумен біздің кәсіпкерлердің шаруасы жоқ. Ондай орталықтардың көтеретін, шешетін мәселелері ертеңгі күні өз бизнесін өркендетуге ықпал ететінін де түсінбейді. Қазақтар өзі байыса болды, қалтасына сала береді. Ал байлықты молайтуға интеллектуалдық әлеуетті пайдалана білу керек. Бұл да елді дамытудың бір жолы.
Жас қазақ: Үкіметтің жаңарған кабинеті елімізді кез келген дағдарыстан алып шыға ма?
Арыстан Есентүгелов: Дағдарыс келсе де, өткен жолғыдай қатты бола қоймас. Анау-мынау дағдарыстан Үкімет елді шығарып алады. Себебі, бұл үкіметтің ақшасы да, мүмкіншілігі де бар. Ең бастысы, бізде дағдарысқа қарсы тұра алатын қаржы бар. Ұлттық қорымызда, Ұлттық банктің алтын-валюта қорында 75 млрд АҚШ доллары жиналды. Мұндай қаржыны дағдарыс кезінде көмек сұрайтын бюджет пен банктерге беруге болады. Дағдарыс келсе, әуелі бюджетке тиіседі. Өйткені, экспорт қысқарып, мұнай бағасы төмендегенде, бюджетке түсетін ақша азаяды. Міне, бұған жұмсайтын ақша бізде бар. Ақша жұмсауды кім болса да, біледі емес пе?!. Оған ойланудың қажеті жоқ. Өткен жолғы дағдарыста көптеген елдер қаржыны қай бағытқа жұмсауды, қалай жұмсауды Қазақстаннан үйренді. Біздің бір ұтқан жеріміз: басқа елдер қолданбаған тәсілдерді бірінші болып қолдандық. Мысалы, шағын және орта бизнеске, үлескерлерге және банктерге көмек бердік. Екіншіден, жұмыссыздықтың алдын алудың тиімді жолын таңдады. Біреуіне жәрдем ақша берді, екіншісінің шығындарын көтерді. Ешкімді жұмыссыз қалдырмаудың барлық жолдарын іздеп тапты. Мен қай кезде болсын Үкіметке көп сын айтатын адаммын. Бірақ, барды – бар, жоқты – жоқ деуіміз керек.
Сұхбаттасқан Төлен Тілеубай

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...
Мықты экономист бар!!!
I like to party, not look aritlces up online. You made it happen.
qt3eEs lhxuegxpgttl
life insurance 04604 affordable auto insurance qvay
auto insurance rates =DD affordable health insurance 932
health insurance quotes rnrjtk cheap life insurance 75867