19 Май 2012 | Сенбі

Мінбер

«Ит үреді, керуен көшеді»

02 Қыркүйек, 2011

Таяуда http://www.russianskz.info сайты «Қазақстандағы ресейлік отандастарға! Орыстар, ояныңдар!» деп ұран көтерген ресейлік әлеуметтанушы Максим Акимовтің мақаласын жариялады. Онда мынадай сорақы ойлар айтылған:
«Бұл далада әртүрлі көшпелі халық үлкен территорияда кө­шіп-­қонып жүрді. Оларда қазіргідей мемлекет болмаған, тіпті шекараның не екенін де білмеді.
...Ресейге қосылғанға дейін бұл далада мемлекет деп айтуға болатын немесе қазіргі мемлекеттілікке ұқсас дүние болды деу – барып тұрған өтірік.
...Қазақстан территориясында тек қазақ жүздері ғана емес, ұйғырлар мен қалмақтар да көшіп-қонып жүрді. Ендеше, қазақтар неге ұйғыр немесе қалмақ тілін үйретпейді?»



Дос Көшім, республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы

Бұл мәселеге қатысты мынаны айтқым келеді: Ғасырларға созылған бодандық пен кеңестік идеологияның әсері 20 жылдың ішінде жоғалып кетеді деу қателік болады. Мойындауымыз керек, көптеген орыстілді азаматтар мен этникалық топтардың өкілдерінің (әсіресе кеңес өкіметі кезінде еркін өмір сүргендер жандардың) ми қыртыстарында бұрынғы заманның «жақсылықтары» толықтай сақталып қалған. Біз қазір мүлдем жаңа қоғамы қалыптастыруға бет бұрдық. Жоспарлы экономикадан – нарықтық экономикаға, социализмнен – капитализмге, орыс ұлтының негізінде құрылған одақтық жүйеден – ұлттық мемлекетке айнала бастадық. Бұл жағдайды, осы өзгерістерді мойындағысы келмейтін жандар да, саяси күштер де жеткілікті.
Адам еркіндігі мен құқығына жүгінсек, бұлардың өз пікірлерін айтуларына, жазуларына, керек десеңіз ұрандап көшеге шығуларына да толық құқықтары бар.  Әрине, олардың айтқан сөздері менің көңіліме жақпайды, кейде олардың сол сөздері үшін... мұрындарын да бұзғың келеді. Алайда одан пайда жоқ. Өз басым, осындай пікірлерді («қазақ адам емес», «оларды біздер мәдениетке жеткіздік», «қазақ тілі мемлекеттік тіл бола алмайды», т.т.) 22 жыл бойы естіп келемін. Алғашқы кезеңде олармен пікірталастырып та көрдік. Біріміз бірімізді сендіруге күш салдық. Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарынан бастап, академик Сахаровтың айтқан сөздеріне дейін дәлелдер келтірдік. Қазір қарап отырсам, бұлардың барлығы еш кеткен еңбек екен. Орыс шовинистері бұлардың барлығын (біздің уәждеріміздің дұрыс екендігін) жақсы біледі. Бірақ принципті түрде мойындаудан бас тартады. Демек, бұл пікірлерге көңіл аударудың қажеті жоқ. Менің ең жақсы көретін мақалым – «ит үреді, керуен көшеді» деген халық даналығы. Қойшы ауылдың жанынан өткенде сенде өші бардай екі-үш ит шабаланып соңыңнан қалмай қояды ғой, бұл да соның кебі. Біздің оларға сындарлы жауап беруіміз – олардың сөздерінде тарыдай болса да, шындық бар деп мойындаған болып табылады. Ресей теледидарында Андрей Малахов жүргізетін «Айта берсін» деген хабар бар. Бұған да солай қарауымыз керек.
Біз өзіміздің тәуелсіздігімізді не үшін жеңіп алдық? Басқалардың айтқандарына, байбалам салғандарына қарамай Қазақ ұлтының өзіндік көкейкесті мәселелерін шешу үшін, өзіміздің халықтың ішкі өміріне қажетті  заңдарды өзіміз шығару үшін ғана мемлекет құрдық емес пе! Ресейдегі біреу бірдеме депті деп бір дүрлігеміз, Африкадағы бір тайпаның бір көсемі «Қазақстанның жері әлімсақтан бері біздікі болған» деп қойып қалса, бүкіл қазақ ұйымдары, барлық қазақ газеттері тік көтерілеміз. Меніңше, біздер бұндай түкке тұрмайтын таластан аулақ болғанымыз дұрыс.
Бұл жерде айта кететін екі мәселе бар деп ойлаймын. Біріншіден, егер осындай шіріген сөздер Ресейдің (не басқа мемлекеттің) ресми орындарынан (іріген ауыздарынан) шықса, сөз жоқ, біздің Сыртқы істер министрлігі «байқап сөйле!», «тәйт!» не «мен саған көрсетемін!» деген сияқты дипломатиялық сес көрсетіп, немесе Қазақ елінің елшілігін шақыртып алар еді. Ал мыңдаған не миллиондаған шовинистердің аузына олар қақпақ бола алмайды.  Демек, иттердің үргеніне бола, көшті тоқтатуға болмайды. Бұл – олар айта берсін, ал біз өзіміздің ұлттық мемлекеттілігімізді нығайта берейік деген сөзім. Екіншіден, кейде мен «осындай, қазақтың намысына тиетін сөздер көбірек айтылса екен» деп те тілеймін. Меніңше, ақша берсек те, алты айда сайын Жириновскийді теледидарға шығарып бір сөйлетіп тұрсақ, немесе «Лад», казактар сияқты ұйымдардың идеологтарының пікірлерін тікелей жариялап отырсақ, жоғалып бара жатқан ұлттық рухымыз сонда ғана жаңғыртатын сияқтымыз.
Ал қазақ тілін қорғаймын деп жұмыстан шығып қалған радиожурналист Маржан Сұлтанбаеваның мәселесіне келсек, оның жасаған қадамы – қарапайым азаматтық ұстаным. Соның салдарынан «Русское радио» өте тамаша жүргізушіден айырылып қалды. Ал азаматтығы бар билік орындарындағы адамдардың міндеті – осы қызға өзінің таланты мен талабына сай жұмыс тауып беру деп білемін. Біздер бір-бірімізді тек осылай ғана қорғай аламыз. Сонда бізді жау алмайды. Ал егер Маржан жұмыссыз қалса, ана тілі үшін күрескен тағы бір адамның сағы сынады да, одан үлгі алушылардың саны азаяды.

Пікірлер

Аватар пользователя Пікіршіл
Пікіршіл 08 09, 18:23

Біздің қазақтық елдік, ұлттық қасиеттеріне қарсы орыс тілінде жазылған материалдарға орыс тілінде жауап қайыру керек. Қазақ тілінде жазылған дүниелерді олар түсінбейді ғой. Біздің қазақтардың арасында қазақ тілінде сайрайтын саясаткерлер, әлеуметтанушылар, тарихшылар көп болғанымен, орыс тілінде пікір айтып жатқан адам жоқтың қасы. Орыс тілі - орыстардың қаруы. Сондықтан орыстарды өз қаруымен соғу керек. Әйтпесе сенің қазақ тілінде сөйлеген сөзің "ит үреді, керуен көшедінің" кебі ғана болып қалады. Қатты айтты деп ренжімеңіздер.

Аватар пользователя Федор Мироглов
Федор Мироглов 09 09, 14:46

Чурки сделайте русскую версию этого текста )))) чтобы люди могли читать.Что написали на калбитском.)))

Аватар пользователя Марат.
Марат. 12 09, 15:41

Федор ты козел.

Аватар пользователя Айтыскер
Айтыскер 12 09, 16:37

Федор, ты живешь в Казахстане. Поэтому ты должень владет казахским языком. Если ты не можешь читать и писать на казахском языке, значит, ты тупой человек. Обычно, тупого человека называют "чуркой". Получается, что ты сам себя назвал чуркой. Ты - ЧУРБАНЬ.

Аватар пользователя Айтыскер
Айтыскер 12 09, 16:39

Федор, ты живешь в Казахстане. Поэтому ты должень владет казахским языком. Если ты не можешь читать и писать на казахском языке, значит, ты тупой человек. Обычно, тупого человека называют "чуркой". Получается, что ты сам себя назвал чуркой. Ты - ЧУРБАНЬ.

Аватар пользователя Жараған
Жараған 14 09, 19:59

Федор, твое имя происходить от слово - пидр. Ты - пидр...

Аватар пользователя Ауыл баласы
Ауыл баласы 19 09, 14:48

Федор, қазақта " Есірген есек егесін тебеді" деген бар. Сен соның дәл өзісің...

Аватар пользователя Пробка для Федора
Пробка для Федора 21 09, 17:30

Правильно! Федор - пидр... Пидр - Федор. Пидр, ты наверно, любишь зэков. Для тебя нужень зэк-негр. Зэеки-негры любить пидров... федоров...

Аватар пользователя кара бала
кара бала 24 09, 12:58

Алла сизге куат берсин Досага! Айткан жазган дуниелериниз болашак жастарга рух берип казак иммунитетин бир котерип тастады! Осындай журегинде иманы мол, журегинде КСРО -нын коркынышы калмаган агаларымыз мол болса екен деп Алладан тилеймин! Айтпесе кебир кариялар бар аузында таубасы жок, журегинде отанга деген сезими жок бир бейшара куйде омир сурип жур айтеуир! Жас болып оу аксакал кылшылдаган кезиниде отанга не ис тындырдыныз десен, Е балам мен бален жыл партком болгам, маган елдер кезекпен турып кире алмайтын колда билик турганда, ол кезде иштик жедик, ол кездеги арактар арак еди гой деп: баягы совет укиметин ансайды бейшара! Осындай кариялардан не умит кутуге болады! Олардын али минбеде жургендери бар санасыз,орыстын кулдары демске баска соз жок айтатын!

Аватар пользователя Жанар
Жанар 10 10, 14:43

Олар тек ішкен-жегеннен әріге бармағандар ғой, басқа ештеңені білмейді...

Аватар пользователя Жан
Жан 12 10, 05:59

ФЕДОР - ТЫ ПРОСТО СВИНЬЯ! МЫ ТАКИМ НА УЛИЦЕ КАЖДЫЙ ДЕНЬ МОРДУ БЬЕМ! ТАК ЧТО ВАЛИ ОТ СЮДА! ПОСМОТРИМ КАК ТЕБЯ ТАМ ТВОИ СОБУТЫЛЬНИКИ ВСТРЕТЯТ!

Аватар пользователя ЖАНИЯ
ЖАНИЯ 12 10, 06:01

ДОСАҒА, бұл мәселені сіз тек Жоғарғы басшылықпен бетпе-бет кездесіп шеше аласыз!

Аватар пользователя Жания
Жания 12 10, 06:02

7 бапқа өзгеріс қашан енеді екен! Сол күнді күтудемін...

Аватар пользователя жомарт
жомарт 23 03, 15:58

Орыстар кетти кутырып шанырак кимдікі екеніне қарамай, бирак олардыңда не бір патриоттары бар. Осындай ФЕДОР ПИДР лары гой куртатын елимизди

Аватар пользователя IosifApanovich
IosifApanovich 31 03, 17:23

Проектор, проекторы цены. Лампа для проекторов Infocus SP-LAMP-003 в Москве.

Аватар пользователя NirmNoini
NirmNoini 18 04, 19:57

Запчасти форд фокус 2. Цены на оригинальные запчасти форд фокус 2.

Аватар пользователя Susu
Susu 19 04, 07:43

Pleasing you should think of semohting like that

Аватар пользователя trtotel
trtotel 20 04, 01:47

IuG7Sf gmfcyltkozuv

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
10 + 4 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ