19 Май 2012 | Сенбі

Көңілашар

«Екеумізде бір шалбар»

Қатты қиын болды ғой ол кезде. Шешек ауруынан екі қарындасым бірдей қайтыс болды. Мен ғана аман қалдым. Жалаң аяқ, жалаң бас... Үлкен ағайым бар еді. Екеуміздің бір-ақ шалбарымыз болды. Ол таңертең оқуға киіп кетеді. Сол келгенше күтіп отырамын. Келгесін мен киіп аламын. Бір аяққа бөлек, екінші аяққа басқа аяқкиім киген де кезіміз болды. Жоқшылықтан ғой барлығы да.

Мектеп пен үйдің арасы – бір жарым шақырым. Кішкентай болғасын ба, маған сол жол 10 шақырымдай болып көрінетін. Көп жүретінбіз, әйтеуір. Менің өмірімнің ащы кезеңі сол жылдар еді.
Ел жетпеген соң, ауыл балалары жазда қолмен шөп оратынбыз. Қыздарға – бір ту, ұлдарға – бір ту. Жақсы жұмыс жасағандар ту ұстайтын. Сол туды екі айдай мен ұстадым. Намыс қой жібермейтін. Сосын ол туды егістікке елден бұрын келіп тігу керек. Жұмыстан шыққан соң алып кету қажет. Ту алынса – жұмыс бітті деген сөз. Сол үшін таңғы сағат 5-те тұратынмын. Көзді тырнап ашып, даланың қараңғылығына қарамай, туды құшақтап, егістікке келемін. Кеште үйге қайтып, шәйімді ішер-ішпестен құлап түсем. Ал қазір 10-да зорға тұрамын.
Бір күні бригадир, колхоз бастығы келіп егістікке жиналыс ашты. Туды басқа балаға беру керек деп шешіпті. Еңбек күндерімізді есептеп кеп жібергенде, менің еңбегімнің саны көп болып шықпасы бар ма?  Жарықтық, колхоз бастығы «гуманный» адам еді. Екінші айға қайтадан мені қалдырды. Туды алуын алдым ғой. Бірақ соған қуана қоймадым. Себебі, ұйқым қанбай жүр еді.
Сол уақтарда шешем қызмет барысымен Кентауға ауысты. «Артымнан келсең, кел» деп хабар беріпті. Содан еңбеккүні құрысын деп (ол кезде еңбеккүн жазады, айлық деген жоқ қой) бір күнде Кентауға қарай қаштым. Сол кезде бірінші рет қала көрдім. Сол жерден бітірдім. Есейіп, оң-солымды білдім. Райымбек (Сейітметов – ред.) сияқты достарыммен кездестім. Егер Кентауға келмеген болсам, ту көтеріп жүре берер ме едім, кім біледі?!
Айтайын дегенім, бала кезде көрген қиыншылығымның қазір жемісін көріп отырмын. Дандайсымауды үйрендім. Ненің не екенін, кімнің кім екенін білдім. Бала деген өсуі керек. Қиыншылықты көру керек. Балалар білім алып, әдебиетті, тарихты білу қажет.

 

Жазып алған Серікбол ХАСАН

Пікірлер

Аватар пользователя Маржан Дихангулова
Маржан Дихангулова 06 03, 10:58

Сіздерге осыдан екі апта бұрын өзімнің мамандық туралы макаламды тастап кетіп едім қашан шығатынын білгім келеді.

Аватар пользователя Маржан Дихангулова
Маржан Дихангулова 06 03, 11:01

Сіздердің газеттеріңізге өзімнің басқа да макалаларымды беріп отырсам оны газет бетіне шыгарып отыра аласыздар ма?яғни турақты оқырмандарымды тапқым келеді

Аватар пользователя Zain
Zain 19 04, 00:53

Supeorir thinking demonstrated above. Thanks!

Аватар пользователя mcdmzsnbum
mcdmzsnbum 19 04, 06:37

miYABn tfovhtmwydez

Аватар пользователя Mccayde
Mccayde 30 04, 13:52

cialis 1759 life insurance 056274

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
1 + 4 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ