19 Май 2012 | Сенбі

Дәулет

«Үкімет пен Парламентте тек ірі бизнестің лоббистері»

– Біздің Үкіметте, Парламентте тек ірі бизнестің мүддесін қорғайтын лоббистер отыр.  тек ірі бизнестің мүддесін қорғайтын лоббистер отыр. Мысалы, Ромин Мадинов сияқтылар қарапайым фермердің жағдайын емес, өз мүддесін ойлап, заңдарды да соған лайықтап шығарады. Жасырмай айтсақ, қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі Ресеймен салыстырғанда 2,5 есеге, Беларусьпен салыстырғанда 6 есеге төмен. Мұндай жағдай Кедендік Одақ аясындағы бірыңғай мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу жөніндегі келіссөздер барысында ашық айтылды, – деді  «Жас қазаққа» арнайы сұхбат берген «Қазақстан Фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Ақжол Әбдіқалымов.

Жас қазақ:  Ақжол Әділжанұлы, Ауыл шаруашылығы министрлігі жекеменшіктегі малға салық салғалы отыр. Ал елімізде ет тапшылығы күннен-күнге ұлғайып келеді. Сіз құзырлы министрліктің бұл бастамасына қалай қарайсыз?
Ақжол Әбдіқалымов: Қазір ауылдың халқы негізінен мал өсіріп, сонымен, күнін көріп отыр. Алайда, мал өсіруге кедергі келтіретін бірнеше жағдайлар бар. Біріншіден, егін егетін жерлер түгелдей жыртылған. Бұрын малға жайылым болған жерлер де, шөбі шабылатын жерлер де қазір жоқ. Екіншіден, сол қолындағы малына қысқа дайындайтын шөп те  жоқ. Себебі, шабындықтың бәрі егістікке айналған. Осыған қарағанда, қазір ауылдағы елге мал асырау өте қиындыққа түсуде. Тіпті сол қиындықтарға шыдамағандардың көбі мал ұстамайтын болды. Салыстырып қарасақ, Кеңес заманында ауылдағы халықтың 100 пайызы немесе 100 үйдің кемінде 90-ы мал ұстайтын еді. Қазір ол 30 пайызға дейін түсіп кетті. Ауылдағы үйлердің 70 пайызының қорасы бос тұр. Ел неге мал ұстамайды? Біріншіден, шөптің бағасы қымбаттап кетті. Әсіресе, 2010 жылы құрғақшылықтан шөп шықпай қалғанда жұрттың көбі соңғы сиырын сойып сатуға мәжбүр болды. Егер статистикаға жүгінсек, өткен жылдың 1-ші қаңтарындағы есеп бойынша, қазір елде 6 млн бас мал бар. Соның ішінде 5 млн-ы – жекеменшіктікі. 800 мыңы – шаруа қожалықтарынікі, 300 мыңы – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынікі. Былтыр министрлік мал басын тіркеуге алып, идентификация өткізді. Әрбір сиыр мен бұзаудың құлағын тесіп, темір тағып, оны компьютерге енгізді. Сондағы шыққаны: статистикалық мәлімет жалған екен. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы малдың саны 45 пайызға өтірік болып шығыпты! Шындыққа жүгінсек, статистикалық мәліметтердегі мал басының 50-ақ пайызы бар екен. Бұл не деген сөз? Біздің статистика органдары «дұрыс жұмыс істемейді» деген сөз. Өйткені, құрғақшылық жылдары мал басының саны күрт төмендейді. Оны қайтадан көтеру өте қиын. Сондықтан, қазір Үкімет ауылдағы адамдарға салық салғанның орнына, оларды қолдауы керек. Тағы да салыстыру үшін, Кеңес үкіметін алайық. Сол заманда үкімет ауылдағы халыққа жем, шөп беретін. Өз басым министрліктің бұл бастамасына тікелей қарсымын. Міне, 7 жылдың жүзі болды Парламентте «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы жатыр. Бұл заңның неге ұзақ жатып қалғанын халық та, депутаттар да біледі. Өйткені, халықты салықпен қысып жіберсек, оның арты неге апарып соғатыны белгілі. Менің ойымша, қазіргі кезде, керісінше, ауылға қол ұшын созуымыз керек. Тіпті үкімет өз бетімен мал өсіріп, күнін көріп жатқан ауылдың халқына алғыс айтуы тиіс. Себебі, олар несие, жәрдем ақша сұрамай-ақ мал өсіруде. Ал малды күнделікті күту дегеніңіз – қыруар еңбек.
Жас қазақ: Сонда мал басына салықты қалай салмақшы?
Ақжол Әбдіқалымов: Мұны түсіндіру үшін, мысал айтайын. Бір отбасында 2-3 бас ірі қара мал, 5-10 бас қой-ешкі және бірнеше тауығы  бар делік. Бұл салыққа кірмейді, тек есепке алынады. Ал егер әлгі отбасындағы ірі қара 10 басқа көбейсе, ол жеке қосалқы шаруашылық болып саналады дейді. Яғни сен жеке кәсіпкерлікпен айналысатын фермер болғандықтан, салық төлейсің. Бір жағынан, мұнысы дұрыс сияқты. Себебі, Үкімет ел-жұрттың қолында қанша және қандай малы барын біліп отырады. Бұл – ветеринарияға өте қажет. Мысалы, қанша мал барын білмесек, қанша вакцина алатынымызды да білмейміз ғой. Сондықтан, жекеменшік малдың есебін жүргізген дұрыс. Бірақ, бұл мәселені кешенді жолмен шешсе... Мысалы, шөпке субсидия беруі керек. Өйткені, шөп қатты қымбаттап барады. 2009 жылы бір арба шөп 5-10 мың теңгеге сатылса, 2010 жылы ол баға 20 мың теңгеге шарықтады. Ал қалтасында ақшасы жоқ, ел 20 мыңға шөпті қалай сатып алады? Сол кезде малын сатып жібергендер, қазір малсыз отыр. Тағы бір мәселе – ветеринария. Қазір әр ауылда ветеринар деген маман жоқ. Қит етсе, ақша сұрайтын, лицензиар бар. Менің ойымша, біз тегін ветеринарлық қызметті таңдауымыз керек. Сонда мал асырайтын адамдар барлық ережелерді сақтайды, малын еккізеді.
Жас қазақ: Сіздер алдағы уақытта сиыр етінің келісі 2 мың теңгеге дейін жетеді деп болжапсыздар. Ал ондай қымбатшылықтың арты әлеуметтік дағдарысқа апарып ұрындырмай ма?
Ақжол Әбдіқалымов: «Сұраныс ұсыныс туғызады» деген экономиканың заңы бар. Қазір сұраныс бар да, ұсыныс жоқ. Ұсыныс дегеніміз – сатылатын ет. Қазір ет азайып барады. Еліміздегі ірі-ірі ет комбинаттары жабылып болды. Шағын және орташа ет комбинаттары өзінің қуаттылығының 20-30 пайызында ғана жұмыс істеуде. Неге? Елде ет жоқ. Тіпті кейбір мүлдем мал ұстамайтын ауылдар да бар. Себебі, ауылдағы жұртқа Үкімет көмектеспей отыр. «Ойбай, ауыл деген боққа көміліп қалған. Малдың боғынан ауылдар былығып кетті. Сондықтан ауылда мал ұстамау керек. Мал асырайтындар шеткері шығуы керек», – дейді біздің Үкімет. Баяғы шетелдерден көргені ғой. Шетелдерде тура солай. Бірақ, малдың боғынан ауыл былықты демей, тазалық жұмыстарын ауылдағы жұртты қолдаумен қатар жүргізу керек. Малдың қиы таптырмас тыңайтқыш емес пе? Ендеше, билік соған бір бизнесті неге араластырмайды?! Мысалы, ауылдағы халықтан малдың қиын сатып алып, тыңайтқыш жасаса, көп пайда әкелмей ме? Енді баға жөнінде бір ауыз сөз. Сөзімнің басында сұраныс ұсыныс туғызатынын айттым. Ауылдағы мал күрт азайып барады. Үкімет оған жол бермеу үшін, ештеңе көмек көрсетіп жатқан жоқ. Мен былтыр соғымға деген бір тайды Астанадағы «Әлем» базарынан 150 мың теңгеге сатып алсам, биыл сондай тайды 250 мың теңгеге сатып алдым. Біздің болжамымыз бойынша, егер Үкімет, министрліктер елге қазірден бастап көмектеспесе, ертеңгі күні жағдай бұдан да жаман ушығады. Әрине, бір министр кетіп, басқа министр келеді. Бірақ, бізге тығырықтан шығу үшін, жүйені толық өзгерту керек. Қарапайым адамдарға деген көзқарас өзгеруі тиіс. Өзіңіз ойлаңызшы, бізге экспорт деген неменеге керек? Ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайы түзелуі керек. Менің ойымша, Үкіметтің етті мал шаруашылығын дамытамыз дегені – бос әурешілік. Неге? Өйткені, қазір біздің ішкі тұтынысымыздың өзі қанағаттандырылмай отыр. Дүкен сөрелеріндегі шұжықтарды шетелдерден әкелінген еттен жасап жатырмыз. Ал Үкімет бізге ет жіберетін елдерді квотамен қолдап жатыр. Тіпті біздің депутаттар бірінші тоқсан бітпей жатып-ақ, квотаны көбейтуді сұрап жатыр. Тіпті таңғаларлығы өткен жылдың бірінші тоқсанында жылдық квотаны «жеп» қойыпты. Өзімізге осылайша ет жетпей жатқанда, қандай экспортты ойлауымыз қажет?.. Сөздің тоқ етері, ауылдағы малдың санын өсірмей, біз экспорт дегенді ұмытуымыз керек. Екіншіден, бұл бағытта бөлініп жатқан қаржыны тоқтату қажет. Оны тегін мал ұрықтандыруға жұмсаған жөн. Үшіншіден, халыққа жем-шөппен жәрдемдесу керек. Осыларды іске асырмаса, біз шетелдерге тәуелді болып қаламыз.
Жас қазақ: Сіздер өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүргізіп отырған саясатына қарсылық білдіріп, Елбасына үндеу хат жолдапсыздар. Жауабын алдыңыздар ма?
Ақжол Әбдіқалымов: Жауап келген жоқ. Алайда, біз Елбасына разымыз. Себебі, мемлекет басшысының қолдауымен «Шаруа қожалықтарын қолдау туралы» заң шықты. Үкімет аграрлық саясатты дұрыс жүргізбей отыр. Аграрлық саясат ауылдағы ірі бизнеске ғана бағытталмауы керек. Ол шетелдердегідей жұрттың бәріне бірдей тең, қолжетімді болуы тиіс. Біздің Үкімет осы бағытпен жүре берсе, ертеңгі күні ауыл шаруашылығын құлатады. Біздің Үкіметте, Парламентте тек ірі бизнестің мүддесін қорғайтын лоббистер отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа басшылығы әдемі ұранға негізделген, шынайы өмірден алшақ және мемлекет қаржысын тиімсіз пайдалануға, соңғы он жылда қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілген ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жүйесін бұзуға бағытталған авантюралық бағытты ұстанып отыр. Егер де осы бағытпен әрі қарай жүре беретін болсақ, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне зор қауіп төнеді.

Сұхбаттасқан Төлен Тілеубай,
 Астана

Пікірлер

Аватар пользователя Emerson
Emerson 29 03, 14:02

Free knowledge like this doesn't just help, it promote dmecoracy. Thank you.

Аватар пользователя Leydi
Leydi 29 03, 19:32

I am totally wowed and perpraed to take the next step now.

Аватар пользователя fgetxgwxf
fgetxgwxf 30 03, 06:27

hKGirE dijllmoporuf

Аватар пользователя Sarika
Sarika 01 04, 02:12

I want to send you an award for most helpful internet wtreir.

Аватар пользователя Summer
Summer 09 04, 15:07

viagra adjjds cialis levitra viagra 24066

Аватар пользователя Charlee
Charlee 14 05, 16:32

viagra =P health insurance =-D cialis srtyci life insurance quotes :-P

Пікір қосу

CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.
7 + 6 =
Решите эту простую математическую задачу и введите результат. Например, для 1+3, введите 4.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ