Баланы зорлауға әуес адамға қолданылатын жаза күшейтілмек. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Кеше Парламент Сенатында бала құқығына қатысты заң жобасы осымен екінші рет талқыланды.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралияда оқып жүрген 22 жастағы Сағынай Батырханованы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап өлтірген. Оның денесі 1 қазан күні Австралияның Брисбен қаласынан табылған.
Павлодарда білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова қол астындағы қызметкерін сотқа берді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкер бастығы туралы жалған ақпарат таратқан. Онымен қоймай, абыройына нұқсан келтіріпті.
Қазақстан аруы Жанна Жұмалиева әлемнің ең сұлу 15 бойжеткеннің бірі атанды.
Шымкентте полиция қызметкері көлігімен 16 жасар қызды қағып кетті. Соққының қатты болғаны сонша бойжеткен 60 метрге ұшып кеткен. Ал жол апатына себепкер болған тәртіп сақшысы оқиға орнынан із суытпақ болған.
Әнші Бейбіт Қорғанның басы тағы да дауға қалды. Атырауға келген кезекті сапарында оның «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарованы соққыға жыққаны жөніндегі әңгіме гу ете қалды.
Қуғын-сүргін жылдары атылып кеткен ақтаңдақтарымызға қатысты тың деректер табылды. Ресей мұрағаттарындағы құжаттарға сенсек, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов НКВД-ның бірінші комиссары Генрих Ягоданың саяжайына жерленіпті.
Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қазақтың қыз-келіншектері қазақ ұлтының киімін кисін деп отыр. Осы күні дін жолына бет бұрып, намазға жығылған нәзік жандылардың дені шымқай оранып, бет ауыздарын тұмшалап жүретінді шығарды.
Жыл сайын бір жаңалық! Президент болуға үш рет үміттенген, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мелс Елеусізов тағы бір тосын ұсыныс жасады. Ол Алматы мен Ыстықкөлге дейін аспалы жол жүргізу керек деп отыр. Осыған дейін еліміздің бас экологы «Алатаудағы тастың бәрін әктеп шығайық. Әйтпесе Алматыға қауіп төніп тұр» деп дабыл қаққан болатын. Бірақ бұл ұсынысы іске аспады.
Батыстың бейәдеп болмысы бізге-де жетті. Алматыда тырдай жалаңаш қыздардың суреттері басылған күнтізбе жарық көрді. Онда он екі нәзік жан өз тәндерін жарналамалап тұр. Бикештердің мұндай қадамға баруына не түрткі болды?
Некеден тыс туған балалар саны өсіп барады. Соңғы он жыл ішінде Қазақстан халқының саны 1,3 миллионнан астам адамға көбейді, сөйтіп 2010 жылы халықтың жалпы саны 16 204 617 адамға жетті.
Бүгін Алматы жұртшылығы театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Қасым Жәкібаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Атышулы Сматуллашылар ісі аяқталды. Аталмыш діни ұйымның 9 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Суық қаруланған әскерилер сот айналасын түгелдей қоршап алған. Осыдан-ақ процесстің маңызды екенін байқауға болады.
АСТАНА, 15 шіл – Қазақстан жаңалықтары АА. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанның билігін адам өлімімен аяқталған ЖКО үшін қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан құқыққорғаушы Евгений Жовтисті босатуға шақырады.
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бергісіз. Миллиардер Машкевич Ататүріктің «Савароннасында» қызойнақ құрса, аты-жөні беймәлім байшыкеш Шырағанда алтын шашады. Былтыр дәл осы Шырағанның шырағын Лакшми Митталдың жиені үш күн, үш түн жаққан болатын. Қызын ұзатып, ұлан-асыр той жасады.

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...