Баланы зорлауға әуес адамға қолданылатын жаза күшейтілмек. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Кеше Парламент Сенатында бала құқығына қатысты заң жобасы осымен екінші рет талқыланды.
Павлодарда білім беру басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова қол астындағы қызметкерін сотқа берді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкер бастығы туралы жалған ақпарат таратқан. Онымен қоймай, абыройына нұқсан келтіріпті.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралияда оқып жүрген 22 жастағы Сағынай Батырханованы азаматтық некедегі күйеуі пышақтап өлтірген. Оның денесі 1 қазан күні Австралияның Брисбен қаласынан табылған.
Әнші Бейбіт Қорғанның басы тағы да дауға қалды. Атырауға келген кезекті сапарында оның «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарованы соққыға жыққаны жөніндегі әңгіме гу ете қалды.
Қазақстан аруы Жанна Жұмалиева әлемнің ең сұлу 15 бойжеткеннің бірі атанды.
Жақында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов Мәжіліс депутаттарының алдында жедел жәрдемнің ақылы болатынын жеткізді. Дәлірек айтсақ, егер сіз «Жедел жәрдемді» жұмыс уақытында шақырсаңыз, ақысын төлейсіз. Байжүнісовтың айтуынша, қоғамдық көлік жүріп тұрған кезде ауру кісі емханаға өз аяғымен келуі керек.
Мола басына ескерткіш тас қою үрдісі ертеректе басталған. Бұл кезінде атақты тұлғаларды естен шығармас үшін қойылса, енді бірде патшалардың ұлылығын сипаттау үшін де жасалған екен. Бүгінгі таңда бүл қалталылардың сәніне айналған сияқты.
Жыл сайын бір жаңалық! Президент болуға үш рет үміттенген, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мелс Елеусізов тағы бір тосын ұсыныс жасады. Ол Алматы мен Ыстықкөлге дейін аспалы жол жүргізу керек деп отыр. Осыған дейін еліміздің бас экологы «Алатаудағы тастың бәрін әктеп шығайық. Әйтпесе Алматыға қауіп төніп тұр» деп дабыл қаққан болатын. Бірақ бұл ұсынысы іске аспады.
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бергісіз. Миллиардер Машкевич Ататүріктің «Савароннасында» қызойнақ құрса, аты-жөні беймәлім байшыкеш Шырағанда алтын шашады. Былтыр дәл осы Шырағанның шырағын Лакшми Митталдың жиені үш күн, үш түн жаққан болатын. Қызын ұзатып, ұлан-асыр той жасады.
Әнұран орнына басқа әуен қойылғаны үшін Кувейт Шейхі ресми түрде кешірім сұрады.
Чилидегі тұман 51 көлікттің соқтығысуына себеп болған. Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып, РБК агенттігінің хабарлағынындай, апат салдарынан кем дегенде 20 адам зардап шегіп, бес адам қаза тапты. Оқиға ел астанасы Сантьяго мен Вальпараисо қаласының ортасындағы магистраль жолында болған.
Қуғын-сүргін жылдары атылып кеткен ақтаңдақтарымызға қатысты тың деректер табылды. Ресей мұрағаттарындағы құжаттарға сенсек, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Тұрар Рысқұлов НКВД-ның бірінші комиссары Генрих Ягоданың саяжайына жерленіпті.
Депутаттық сауал тек теледидардан көріну үшін жасалған. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың Парламенттегі кейбір халық қалаулылары туралы пікірі осындай.
Үкіметтің Жаңаөзендегі жағдайға арналған жиыны барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары, арнайы комиссия төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің есебі тыңдалды.

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...