19 Май 2012 | Сенбі

Мұрағат

15.05.2012
Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ аралдарға белшеден қарыз

Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бес жыл бұрын шет елдерге мемлекеттік және жеке бизнес бойынша жалпы берешегіміз 74 млрд доллар болса, бұл сол сома 124 млрд доллардан асқан. Әрине мұның 5 млрд-ы ғана тікелей мемлекеттің қарызы, қалғаны сол жеке компаниялар, банктердің үлесінде.

08.05.2012
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған шағын автобус қарсы бағытқа шығып кеткен

Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» маркалы шағын автобус қарсы бағытқа шығып,  «КамАЗ» көлігінің астына кіріп кеткен. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

08.05.2012
Саркози жеңілді

Социалистік партия жетекшісі Франсуа Олланд Франциядағы президент сайлауының екінші айналымында сайлаушылардың 51,67 пайыз дауысына ие болып, қазіргі президент Николя Саркозиді артта қалдырды.

08.05.2012
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла үйін сатпақшы

Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрынғы Торғай облыстық мешіті, екіншісі Амантоғай ауданының орталық мешіті. Алла үйлерін саудаға салып жүрген жеке кәсіпкер құрылысқа қыруар ақша жұмсаған екен. Бірақ Арқалық қаласының әкімдігі тапсырыс беруші ретінде көк тиын да бермепті.

08.05.2012
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек ҰБТ тапсырады

Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Биылғы мемлекеттік білім беру грантының көлемі 35 мыңға жуықтап отыр.

04.05.2012
Мұхтар ТІНІКЕЕВ: «Қазақтелеком» қара халықтың есебінен баюда

Мәжілістің сәрсенбідегі алқалы жиынында депутат Мұхтар Тінікеев Үкімет басшысына үн қатып, «Қазақтелекомның» ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап абоненттік төлемді негізсіз өсіріп отырғанын қатты сынға алды.

04.05.2012
Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке болады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Бұйрыққа қол қойды, соған сәйкес 7 мамыр ҚР мемлекеттік мерекелерінің қатарына қосылады.

23.04.2012
Тоқтар Әубәкіров: «Азат» ЖСДП қатарынан шықтым

Жұма күні Қазақстанның мемлекеттік арналары қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, саясаткер Тоқтар Әубәкіровтің ЖСДП қатарынан шыққандығын хабарлады. Ол мәлімдемесінде "тұңғыш президенттің командасында болғым келеді" деді.

17.04.2012
Атырауда Мемлекеттік туды қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Атырауда ҚР ҚК-нің 317-бабы (Мемлекеттік туды, Елтаңбаны немесе Әнұранды қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап айыппұл салу немесе 1 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасын қарастырады.

16.04.2012
Шу бекетінде шу көтерген саудагерлер

 Шу бекетіндегі жұрт бүгін теміржолға жатып алып, аудандық әкімнің бұйрығына қарсылықтарын танытты. Яки басшы отарба келіп тоқтаған кезде перронда саудамен айналысуға тыйым салған.

13.04.2012
«ТАМАҚ» ЖОҚ ПА ӘЛДЕ ТӘРТІП ЖОҚ ПА?

Ақтөбеде туберкулез диспансерінің 5-қабатынан 73 жастағы кейуана құлап бақилық болды. Қарияның өліміне қатысты сот медициналық сараптама жасады. Іс әлі де егжей-тегжейлі қаралып жатыр.

09.04.2012
Шығын бюджет есебінен өтеледі

Құлап қалған жаңа үйдің тұрғындарының шығынын Қарағанды облысының әкімдігі бюджет есебінен өтеуге шешім қабылдады. 

09.04.2012
Ұлттық құрама қоржынында 7-ші лицензия

Данияр Елеусінов Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстанның атынан қатысатын ұлттық құрамаға 7-нші лицензияны алып берді, деп хабарлады «Астана спорт» басылымынан.

09.04.2012
Аи-92 –112 теңге

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Аи-92 бензині бағасының 6 теңгеге, атап айтқанда, 106-дан 112 теңгеге қымбаттауы жөнінде түсініктеме берді. 

27.03.2012
«Шоқ қыздың» бірі таяққа жығыла жаздады

Әнші Бейбіт Қорғанның басы тағы да дауға қалды. Атырауға келген кезекті сапарында оның «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарованы соққыға жыққаны жөніндегі әңгіме гу ете қалды.

Өзге жаңалықтар

Мінбер

Антитеза

Бораттың фильміне көзқарас

Ержан ҚАЗЫХАНОВ

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ