Екі кештің арасы. Жұрт жұмыстан шыққан қарбалас шақ.
Алматы көшелерінің кептелісі жүйкені тоздырады. Автобус толған адам. Такси ұстадым. «Mersedes» маркалы қаракөк машина тоқтай қалды. Рөлде 30-35 шамасындағы талдырмаш қыз отыр.
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» маркалы шағын автобус қарсы бағытқа шығып, «КамАЗ» көлігінің астына кіріп кеткен. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрынғы Торғай облыстық мешіті, екіншісі Амантоғай ауданының орталық мешіті. Алла үйлерін саудаға салып жүрген жеке кәсіпкер құрылысқа қыруар ақша жұмсаған екен. Бірақ Арқалық қаласының әкімдігі тапсырыс беруші ретінде көк тиын да бермепті.
ХХ ғасырдың 60-70-жылдары орын алған әлемдік білім дағдарысы халықтың функционалдық сауаттылығына ауыр да, қатал әсерін тигізді. Мамандардың айтуынша, тіпті бұл дағдарысқа міндетті білім алу шарасы ғасыр бойы жүргізіліп келе жатқан дамыған елдер де ұшыраған.
Арқалы ақын Есенғали Раушановтың бір кітабында шығыс ертегісінен алынған тағылымды тәмсіл бар. «Алма бақта кел жатып, өсек айтқан қызға қу жеңгесі:
– Мынадай әдемі алма жеп тұрған мынадай әдемі аузыңнан мынадай жаман сөз қалай шығады, еркем? – деп кекесін білдіріпті қулана.
Стендаль: «Біздің ғасырда тарихты қолдан жасайтын тарихшылар көбейді», – деп күңіреніпті. Осылай ой түйген Стендаль туралы Стефан Цвейг: «Ол өзі де тарих туралы өтірік жазды, өтірік әңгіме айтты. Бірақ оның «өтірігі» көп «шындықтан» әдемі еді», – дейді. Маған қазір тарих тақырыбында «белсенді» көрініп жүрген жазушылар секілді көрінеді. Бірақ менің бұл пікіріммен тарихшы Мәмбет Қойгелді мүлдем келіспейді...
Нобель сыйлығының иегері, неміс жазушысы Гюнтер Грасс Израильдің Иранға қарсы саясатын сынға алған «Бұл туралы айту парыз» атты өлеңі Батыс жұртшылығын қатты дүрліктірді. Жазушы халықаралық қауымдастықты тек Иранның ғана емес, еврей мемлекетінің де ядролық бағдарламасын бақылауға алуға шақырған. Израиль билігі Гюнтер Грассты «персона нон грата» деп жариялап қана қоймай: «Оны Нобель сыйлығынан айыру керек. Оны құрметпен қарсы алатын Иранына барсын», – деп қоқан-лоқы көрсетіп жатыр.
– Бас қаламыздағы қылмыстың деңгейі өзге өңірлерге қарағанда 1,7 есеге өсіп кетіпті. Сондықтан бұл кемшілікті түзеп, жұмысты жақсартып, маған баяндаңдар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев құзырлы министрлік пен қалалық басқарма басшыларына өткен аптадағы Астананы дамытуға арналған кеңесте. Осы аптада Үкімет үйіндегі жиыннан кейін, ескерту естіген Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа «Президенттің тапсырмасы орындала ма?», – деген төте сауал қойдық.
Нұртілеу аға екеуміз...
Тура Ақсу мен Ақсуаттың арасын жалғаған жол сияқтымыз.
Сол жолмен жүріп көргенбіз, әлі жүріп келеміз. Біресе қиылысамыз, біресе жөнімізбен кетеміз
Социалистік партия жетекшісі Франсуа Олланд Франциядағы президент сайлауының екінші айналымында сайлаушылардың 51,67 пайыз дауысына ие болып, қазіргі президент Николя Саркозиді артта қалдырды.
«Жас қазақтың» 20 сәуір күнгі санында (№15, 2012 жыл) тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдімен газет қызметкерінің жүргізген сұхбаты жарияланды. «Шыңғыс ханды түрік, болмаса қазақ деп тану – ұят» деп аталатын осынау дүниені үлкен қызығушылықпен бір демде оқып шықтым. Оқып шықтым да қайран қалдым.
Жас қазақ: Нұртай аға, сіз Мәжілістегі Үкімет сағатында: «Біз шетелге бала сатуға қарсымыз» деп мәлімдедіңіз. Түптің түбінде, қазақтың қарадомалақтарын шетелдіктерге беруді тоқтатуға бола ма?
Кез келген дәстүрлі діннің діттегені – ізгілік пен ізеттілік, адамгершілік пен адалдық. Десе де, досты дұшпан, дұшпанды дос етіп көрсетуді көздейтін қой терісін жамылғандар да жоқ емес. Оның үстіне мәселенің байыбына бойламай, біреу сүрініп кетсе де «сектаның әрекеті» деп, секем алып, оны көпке дейін сөз ететіндер бар. Лаңкестікті Исламға телу дұрыс па? Бөліну мен бүліктің соңы не болмақ? Осындай сауалдарды елімізге белгілі исламтанушы ғалымдарға, дін қайраткерлеріне қайған едік. Әуелі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлімен пікір алмастық.

Кейбіреулер 9 мамырға осылай дайындық жасап жатыр.
Алматы қаласы. 31-телеарнасы
Алматы сияқты сұлу, көркем әрі қымбат қалада баспанаң болса, оның өзі жарты бақыт. Оңтүстік өңірде күннің көзі жылтырап еді, жұрт жапа-тармағай құрылысқа лап қойды. Әдеттегідей жазға таман баға күрт көтерілді. Мәселен, наурыз айында бір қап цемент құны 750 теңге болса, қазір 1000-1100 теңгеге жеткен.

Қазақстан алпауыт елдер мен ұсақ...
Қазақстанның сыртқы қарызы жыл өткен сайын еселеніп барады. Мәселен осыдан бе...
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған...
Қарағанды облысының тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған «Ssang Yong» марка...
Қостанайлық кәсіпкер екі бірдей Алла...
Қостанай облысында екі бірдей мешіт сатылады! Бұл діни нысандардың бірі бұрын...
Биыл 125 мың мектеп бітіруші түлек...
Енді шамамен бір айдан кейін 125 мың мектеп бітіруші түлект ҰБТ тапсырады. Би...Тарихи санасыз халық тұл
Сейсенбі күні Астанадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақтар тәуелсіздік үшін күре...