jasqazaq.kz

Елбасы Мәскеуде Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты (ФОТО)

10 мамыр 2016, 10:31

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты. Қызыл алаңда парадты ашқан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин

соғыс ардагерлері мен қатысушыларды, сондай-ақ қонақтарды Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Парадқа 10 мыңнан астам әскери қызметші, 135-ке жуық жауынгерлік машина, 71 ұшу аппараттары (1945 жылғы 9 мамырдан бастап жылдар саны бойынша) қатысты.

Биыл бұл  жаңа әскер мен күш ведомствосы өкілдерінің (Әуе-ғарыш күштері және Ұлттық гвардия) алғашқы қатысуы болмақ. Сондай-ақ  алаңнан бірінші рет РФ Қорғаныс министрлігі Әскери универститетінің және Хрулев атындағы Әскери материалдық қамтамасыз ету академиясының филиалы — Вольский әскери институтының тәрбиеленушілері — әйел әскери қызметшілер жүріп өтті.

Мәскеу астанасы орталығынан дәстүрлі түрде ондаған ұшақтар мен тікұшақтар ұшып өтті. Содан соң Ұлы Отан соғысы сарбаздарының портреттерін көтерген «Мәңгілік полк» акциясының қатысушылары жүріп өтті.

Қызыл алаңдағы әскери парадтан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

20160509183455

????????????????????????????????????

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
Бүгін, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті