jasqazaq.kz

Елбасы «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

06 мамыр 2016, 19:11

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының мұнай және газ саласындағы ынтымақтастығы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ корпорацияның кенішті игеруге қатысу аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Елбасы Қазақстан үшін «Шевронның»  маңызды серіктес екенін атап өтті. «Біз етене жақын достармыз. Ынтымақтастығымыз өзара тиімді. Сіздің компанияны біз басқа мердігерлерге үлгі етеміз. Қазір күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұрын шикізат бағасы тым жоғары болғандықтан шалқып өмір сүрдік. Бүгінде баға әлдеқайда  көңілге қонымды. Сондықтан бізге жаңа бағамен және үлкен өндіріс көлемімен өмір сүріп үйрену керек», —  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті  «Шеврон»  компаниясының елімізде қызмет жасағалы бері бюджетке 113 миллиард доллар төлегеніне, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқанына назар аударды. «Теңізшевройл» қызметкерлерінің  85 пайызы — қазақстандықтар, барлық буын басшыларының  73 пайызы — еліміздің азаматтары. Бұл басқа инвесторлар үшін жақсы өнеге», — деді Мемлекет басшысы.

Джон Уотсон өз сөзінде елдегі қолайлы инвестициялық ахуалға қолдау көрсеткені және саланы дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Мен қоршаған ортаны қорғау және өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне Сіздің зор көңіл бөлетініңізді білемін. Біздің кәсіпорын осы көрсеткіштер бойынша әлемдегі үздіктердің бірі. Биыл біз Теңіз кенішінде күрделі жөндеу жүргіземіз, одан кейін күкірт қалдығы қоршаған ортаға таралмайтын болады», — деді «Шеврон» компаниясының басшысы.

Джон Уотсон қазақстандық өнім үлесін ұлғайту компания қызметінің басымдығы бар бағыты болып қала беретінін, қазіргі кезде оның көлемі 20 миллиард доллар болып отырғанын айтты.

Бүгін, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
Бүгін, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды