23 Ақпан 2012 | Четверг

«Аймақ»

17.02.2012 Айгүл БӘЙТІБИҚЫЗЫ
«Әйеліме ескерткіш қояр едім»

Темірбек Матаевты ақтөбеліктер жақсы біледі. Ол есімі елге таныс кәсіпкер де, қолына пәпке ұстаған шенеунік те, болмаса мәдениет қайраткері де емес. Жай ғана – «таксист». Рас, жеке көлігіңіз болса, сіз де жүргіншіге қызмет етіп, қосымша қаржы таба аласыз.

10.02.2012 Төрехан МАЙБАС
Регресшiлер шеруi

Қарағандылық шахтерлердің сонау тоқсаныншы жылдардағы телпектерінің белтемірге ұрған дауысы әлі ел құлағынан кете қойған жоқ. Шахтаға түспей қойған бір басқа да, шахтадан шықпай қалғанның бір басқа екенін сол жолы бағамдағандай болғанбыз. Алайда қашандағыдай жадымыз бұл жолы да қысқа болып шықты.

20.01.2012 Төрехан МАЙБАС
Жаналғыш метан

Қызыл сайраннан метан табылғандағы ғалымдардың қуанышын айтпаңыз. Марста тіршілік көзі бар деп алақандарына түкірген. Ал қарағандылықтардың метан дегенде жүрегі дір ете қалады. Өйткені, метан көміршілер қаласында жаналғыштың елесіндей болып жүр. Ондай қалалар Қарағанды өңірінде жыртып-айырылады. Қарағандының өзінен басқа Сораңды (Саран), Абайды, Шахтинскіні осы сапқа қосуға болады. (Қарағанды агломерациясына мұнан басқа Теміртау, Шахан кіреді).

13.01.2012 Төрехан МАЙБАС
ЕСКЕРТКІШТЕР. ОҢ ҚОЛ СИНДРОМЫ

Қарағанды әлімсақтан өндірісті қала болғандықтан, оның тұрғындарының өзіндік дүниетанымы қалыптасқан. Оның бастысы – жасампаздық. Өйткені Қарағанды кешегі Кеңестер Одағының үшінші «кочегаркасы» болып келген. Сондықтан да кеншілер қаласынан жұмысшы табы өкілдері мүсіндерінен көз сүрінеді деуге болады. Солардың ішінде алдымен көзге түсетіні, әрине, кеншілер мен құрылысшылар, осы салаға қатысты басқа да мамандық иелері. Соған орай кесек көмір көтеріп тұрған немесе балға мен қайла ұстаған орыс немесе ұлты беймәлім мүсіндерді көптеп көруге болады.

06.01.2012 Сағындық Рзахметов
ҚАРА ҚАЗАН, САРЫ БАЛА ҚАМЫ ҮШІН

4 қаңтар күні мемлекет басшысы «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Жарлыққа қол қойды.

23.12.2011 Меңдібай СҮМЕСІНОВ
Жұрттың жалақысын жымқырғандар

Жұмыстарын жасатып алып, қызметкерлеріне тиісті жалақысын бермеген кәсіпорындар әлі де бар. Бұлардың бірқатары экономикалық қиындықтарға қатысты тығырыққа тірелсе, кейбірі қасақана істейтін тәрізді. Бұл жөнінде Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Тимур Естебаевпен әңгіме барысында белгілі болды. Аталмыш мәселе облыстық әкімдіктегі селекторлық кеңесте де сөз болды.

18.11.2011 Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ
Тәтті түбіне жетеді

Сыбайлас жемқорлықтың тиылатын түрі жоқ. Ішіп-жеуге тәуелділік тұрғанда, сірә, тиыла да қоймас. Ай сайын алған жалақысын, адал нанын місе тұтпай өңеші кеңіп кеткен жемқорлармен күресу қоғам үшін, бас ауыртар мәселе болып отыр.

11.11.2011 Нұрбол Алманов
Кесір көпір

1975 жылы туылған бала бүгінде үшінші мүшелге аяқ басты. Отыздың бел ортасына келіп, қырықтың қырқасына қарай аяңдап барады. Бүгінде олардың кемінде 2-3-тен баласы бар...

28.10.2011 Меңдібай СҮМЕСІНОВ,
Теңізге мұнай төгілсе...

Өткен жылы Мексика шығанағындағы бұрғылау қондырғысында болған өрт АҚШ тарихындағы ең үлкен апат ретінде әлі де әлем ғалымдарының назарын аударып отыр. Соның салдарынан 11 адам қазаға ұшырады. Айдын төсіне 5 млн барель мұнай төгілді. Апатты ауыздықтауға 31800 адам қатысты. Сол оқыс оқиғадан соң қазір жағдай қалыпты делінгенімен, дүниежүзі жұртшылығы мазасыздықтан арылмаған.

30.09.2011 Дүйсенбек АЙБЕКОВ
Амангелді қойшының газ кеніші

Қонақжай, дархан мінезді Амангелді Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Ойық» кеңшарының озат шопаны болатын. Жуанқұмда қоғамның бір отар малын қысы-жазы бағып-күтіп, шашау шығармай өсіріп жататын.