23 Ақпан 2012 | Четверг

Біздің сұхбат

17.02.2012
«Аятолла Хаменеи ядролық қаруды «харам» деп атаған»

Өткен аптада Астанадағы «Риксос» қонақүйінде Иран Ислам Республикасының Ұлттық күні, ислам революциясының 33 жылдық мерейтойы және Иран мен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай салтанатты кеш болып өтті. Ирандықтардың өнеге аларлық қасиеттері көп екен. Ең бастысы, олар уәдеге – берік, салтқа – адал. Соның бір дәлелі болар, кеш соңынан Ғұрбан Сейфи: елші «Жас қазаққа» арнайы сұхбат берді. Көкейдегі сауалдарымыз көп болғанымен, уақыттың аздығынан бірнешеуіне ғана жауап алдық. Ал, салиқалы сұхбатымыздың ұзын-ырғасы төмендегідей болып шықты.

10.02.2012 Шадияр Өстемірұлы
«Тәліптер оқитын медресе әлі де бар»

Әли Дәулет – Қазақстанда 1988 жылдан бері тұрып келе жатқан пәкістандық кәсіпкер. Негізгі мамандығы журналист. Сондықтан, өз елінде болып жатқан оқиғаларға қашанда құлағы түрік. Рас, Пәкістан туралы ақпаратты көбіне, біз батыстың немесе ресейлік ақпарат құралдарынан алып жатамыз. Батыс елдерінің де, Ресейдің де өз мүддесі, өз көзқарасы бар. Пәкістанға қатысты ақпараттар да көбіне осы тұрғыдан таралады. Яғни біржақтылық басым. Әли Дәулетпен сұхбаттасқан кезімізде осыған анық көз жеткізгендей болдық.

27.01.2012 Төлен Тілеубай
«Мықты экономист жоқ!»

– Жас қазақ: Арыстан аға, жаңарған Мәжіліс Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуге қабілетті ме?

– Арыстан Есентүгелов: Жасыратыны жоқ, Қазақстан экономистерге кедей ел. Обалы не керек, жаңа Мәжіліске депутат болғандардың арасында бірде-бір мықты экономист жоқ.

20.01.2012 Төлен ТІЛЕУБАЙ
«Храпуновың бізде бай емес»

Швейцариядан келген тәуелсіз банкир, қаржылық және инвестициялық мәселелер жөніндегі жекеменшік фирманың кеңесшісі Мартин Эмх мырзамен «Рэдиссон САС» қонақ үйіндегі ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясының бақылаушылары өткізген баспасөз мәслихатынан кейін ойламаған жерден таныстық.

13.01.2012
«Әр қазақтың борышы»

Тәуелсіз  Қазақ елінің  тарихында  бұрын-соңды болмаған, бұқараны алаң қылған Жаңаөзен оқиғасының өткеніне де  бір айға жуық уақыт болып қалыпты. Қаймана қазақтың қабырғасына батқаны – елдің шетінде, дұшпанның өтінде емес, бейбіт күнде  азаматтардың мерт болғаны.

06.01.2012
«Зиялы қауымның өзінен басқа ешкім кінәлі емес...»

Жас қазақ: Төлен аға,  орыс жазушысы Василий Розанов айтады: «Әдебиеттің алтын дәуірінен соң оның құлдырау, тоқырау кезеңі басталып, дарынсыздардың бағы жанады. Халық сөзден шаршап, өмір өлі ұйқыға батқан күйді еске салады. Римде Горацийден, Испанияда Сервантестен кейін дәл осылай болған».

23.12.2011 Төлен ТІЛЕУБАЙ
Бұл – бізге үлкен сабақ

Жас қазақ: Амангелді аға, Жаңаөзенде, Шетпеде болған қайғылы оқиғалардан қандай сабақ алуымыз керек?
Амангелді Айталы: Әрине, Жаңаөзенде болған оқиға, адамдардың құрбан болуы – үлкен өкініш. Орны толмас өкініш!

02.12.2011
Тобырлық мәдениеттің жарнамасы – табиғи инстинкт

Жас қазақ: Біздің қоғамда Достоевский мен Золяның адасып аласұрған, қылмыс жасап, өзімен-өзі күрескен кейіпкері  толып жүр. Орыс пен француз философтары өз ұлтының ұлы жазушысын әлемге танытты. Қазақ философтарының зерттеуіне арқау болатын қазақ прозасында да қаншама дүние бар. Неліктен біздің философтар қазақ  жазушысының шығармасын өз еңбегіне арқау етпейді? 

18.11.2011 Аягүл МАНТАЕВА
«Шетелден ақша алмаймын»

Жас қазақ: Өркениет Шығыстан басталған. Ал бүгінде кейбір батысшыл көзқарас иелері өркениет ұғымын тек қана Батысқа телиді. Батыс ориенталистері отарлау саясатын бүркемелеу үшін өз еңбегінде, көбінесе, Шығыс халықтарын сауатсыз, надан, нашақор ретінде көрсеткен.  Бүгінгі Батыс пен Шығыстың қарым-қатынасы туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?

11.11.2011
Тілдің тағдырына бәріміз жауаптымыз

Дүйім жұртты дүрліктірген тіл мәселесінің түйіні шешілер емес. Мұхтар Шаханов бастаған зиялылардың жиын өткізгені кеше ғана. Осы аптада ұлт жанашырлары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын ұсынды. Осыған орай тіл төңірегіндегі күрмеулі мәселелер жөнінде Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахетпен тілдескен болатынбыз.