23 Ақпан 2012 | Четверг

Спорт

17.02.2012 Уәлихан ҚОСАНБАЙ
«Қара тізімде» қазақ футболы

(FIFPro) 220 кәсіпқой аяқдопшы­лардан жүргізілген сауалнама бойынша Қазақстан футболындағы келісілген ойындар көп болатынын анықтап берді. Сонымен қатар еліміздегі командалардың басым көпшілігі ойыншылардың келісімшарттарын дұрыс сақтамай, оларға құрметті дұрыс көрсетпейді екен.

10.02.2012 Аманкелді Сейітханов
Үшінші рет үштікте

Алматыда аяқталған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы қола медаль алды. Өз тарихында үшінші рет.

05.02.2012 Тоқтар Жақаш
«Күмәндану – түбімізге жетеді»

Қазақ ұлттық спорт және туризм академиясында кик-бокстан әлем чемпионы, жекпе-жек Федерациясының президенті, жекпе-жектен 9 дүркін әлем чемпионы, кик-боксингтің негізін қалаған Сабыржан Махметтің «Жекпе-жек» академиясы ашылып, құрметті доктор атағы берілді. Тілшіміз соңғы кездері жұртшылықтың ықыласына бөленген спорт жайлы Федерация президентін сөзге тартты. 

27.01.2012 Уәлихан Қосанбай
Жамбылдың жалғыз үміті

Боксшы Ғани Жайлауов бүгінде Лондон Олимпиадасына лицензия алған Жамбыл облысының жалғыз спортшысы. Өткен жылы әлем біріншілігінде қола жүлде алған Ғани қоян жылының қорытындысы бойынша, өз облысының үздік спортшысы атанды. Онымен қоса, ол жуырда ғана әке атанды. Бүгінде Алматы облысының «Ақбұлақ» спорт базасында жаттығуларын қорытындылап жатқан Ғанимен хабарласып, қуанышымен бөлісіп, біршама әңгімеге тартқан болатынбыз.

20.01.2012 Шамсат ИСАБЕКОВ
Мұстафа салған жол

Бүгінгімізге көңіліміз толмаған сәттерде егемендігіміздің алғашқы жылдарын еске алсақ, тәубемізге келетініміз анық. Түнекте түртпектенгендей болсақ та, сол ауыр шақтың да өз қуанышы, өз жетістіктері, өмір-өзеннің өз бастаулары бар болатын. Қазақтың қарадомалақтары қарсыласының қабырғасын қақыратып жүрген спорт түрі таэквондоның елімізде еңсесін тіктей бастауы да сол тоқсаныншы жылдары еді. Осы спорт түрінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген  досым, таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсұт Нарбаев былайша емірене еске алады. 

13.01.2012 Амангелді Сейітханов
Әдеке, Болат көке жетпіске келді

Әдетте тойланып жатады. Ойыншылардың орда бұзатын жасы, қамал алатын кезі. Кейін ардагер атанып, ер жасына қадам басқаны. Тіпті тал түстегі тіршілігі де түстеледі. Кәсіпорын мен мекемелерде бар дәстүр. Жақсының жақсылығын айту үшін де керек шығар. Ал отандық аяқдоп өз серкелерін мақтауға көп құлшынбайды. Өткенде Марат Есмұратов елуге толды. Арқадан қаққандар аз еді...  Енді Болат Төлегенов жетпістің жалынан ұстады.

06.01.2012 Амангелді Сейітханов
Айғалидың ұлы – неміс айдынында

Шпенглер кубогы жолындағы жарыста шайба біткенді қайтарып, қақпасына дарытпаған Даниярға Еуропа мамандары назар аудара бастады. Жаңа жыл қарсаңындағы айтулы сынның бас бәйгесін ұтып алған қазақ баласы картадан Астананы іздейді екен.

29.12.2011 Амангелді Сейітханов
Маусым майталмандары

«Туған ай туралған ет» дейді біздің қазақ. Қазір өзі есік қағып келген жыл да демде өтетін болды ғой. Зымыраған уақыт. Әйтпесе жетінші қысқы Азия ойындарының алауы тұтанған сәтті енді ғана бастан кешкен сияқты едік. Енді, міне,  2012 жыл табалдырыққа  таяу келді.

23.12.2011 Уәлихан ҚОСАНБАЙ
Үздігің – Ұлан Қонысбай

Қазақ елі біріншілігінің маусым қорытындысы шықты. Мамандар тарапынан жоғары баға алған отыз үш футболшының есімдері атанды. Өткен чемпионаттың үздік ойыншысы да белгілі болды. Дауыс беру нәтижесінде Қарағанды «Шахтерінің» жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевтың шоқтығы биіктеді.

15.12.2011 Амангелді Сейітханов
Спортқа ұстатқан ту

Соңғы жиырма жылда туымыз Олимпиада ойындарының өзінде он рет биікте желбіреді. Әлем біріншілігі мен құрлық чемпион­ат­тарын­да және Азия ойын­дары­ның жеңіс тұғыры­нан орын алды.