23 Ақпан 2012 | Четверг

Иман

17.02.2012 Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ
Білімсіздік түбі – күдік пен бүлік

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Пайғамбарлардың мөрі болған екі дүние сардары хазіреті Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар болсын!
Өткенімізді ой елегінен өткізер болсақ, қазақ халқы Құдайсыз қауымдардың құрсауында өмір сүргенмен, жүректегі жалғыз Жаратушыға деген сенімін жоғалтқан емес.

14.10.2011 Серікбол ХАСАН
Жетіншінің жаңғырығы

«Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заң жобасы қолға алынғаннан бері діннен дау шықты. Әсіресе мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға тыйым салу, қоғамдық орындардағы намазханаларды жабуға бағытталған жетінші баптың жаңғырығы әлі басылмай тұр.

29.07.2011 Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі,
Қасиетті Рамазан құтты болсын!

Баршаңызды мүбарак Рамазан айының  келуімен шын жүректен құттықтаймын!  Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастық Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік.