Бала жастан ертегі оқығанды жақсы көремін. Содан болар жаңадан жарыққа шыққан ертегі кітаптарын іздеп жүріп оқимын. Ал жақында сондай бір ертегі кітабын оқып отырып жағамды ұстадым. Қобалжытқан қандай кітап дерсіз? Атағы дардай, мемлекеттік маңызы зор «Бабалар сөзі» сериясының 76-томы.
«Халықаралық Абай клубының» президенті, көрнекті жазушы Роллан Сейсенбаевтың газетімізде жарияланған әдеби мақалалары оқырманның ыстық ықыласын тудырды. «Жас қазақ» газеті мен «Халықаралық Абай клубы» осы игі үрдісті жалғастыруды көздеп, тың жобаны қолға алды. Жобаның мұраты – қазақ және әлем қаламгерлері жайындағы әдеби дүниелерді тұрақты түрде жариялап тұру. Бүгінгі әңгіме – жазушы Мұхаметқалым Шаяхметов жайлы.
«Экспедицияға» шыққан екеу...
Жаныңа жақын жан, ізетті іні, адал дос жайлы жазу қиынның қиыны ма деп қалдым. Жүз жылда бір туылатын талант, көмейінен жыр төгіліп, жүрегінен мейір сорғалаған, айтыс өнерінің ақтаңгері атанған Әселхан Қалыбекова екеуміз ел-жұртқа белгілі, ұлтжанды азамат Дархан Мыңбай жайлы жазбақ болып бекіндік.
Белгілі журналист-публицист, Президент сыйлығының иегері Көлбай Адырбекұлы 60 жасқа толды. Қаламгерлік жолын сонау сексенінші жылдарда бастаған Көлбай Адырбекұлы Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Қазақ әдебиеті», халықаралық «Заман Қазақстан» және «Түркістан» газеттеріне қызмет етті.
«Әдетте, ол мені үйіне алып кіреді. Кәстөмін шешіп, арқалы орындыққа асып қояды. Сосын фортепияносына отырады. Бір минуттай саусақтары клавиштардың үстінде ілініп тұрады. Содан соң Нұр-ағаңның он саусағы жартастың үстіне жауып берген қара нөсер тәрізді жортып жүреді.
Алтындай жарқырап толған ай, қонақүйдің балконынан бөлмеге кіріп кеткелі тұрғандай. Ай мен жұлдызды қалада көру мүмкін болмаушы еді, бүгін аспан ашық, аса мейірлі қоңыр кеш. Бүгін күні бойы Қарағанды қаласының мектептерін, лицейлерін араладым.
Пайда ойлама, ар ойла
Абай, ХІХ ғасыр Дешті-Қыпшақ даласы.
Қарқаралыдағы техникалық училищенің салтанатты ашылуы бір аптаға шегеріліпті. Астанадан арнайы келетін лауазымды бастықтардың ыңғайына жығылған болса керек.
Жас қазақ: XIX ғасыр орыс әдебиетінің «алтын ғасыры» деп аталады. Ойлау жүйесі мен жазу мәнері ерекше жазушылар әдебиетін, жалпы мәдениетін қаншама ғасырға алға жылжытып тастады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ мәдениетін қалыптастырып, дамытқан қазақ ойшылдары да аз емес. Сол уақытта бүгінгі күнмен салыстырғанда элиталық мәдениет жоғары болды ма?
Қали Сәрсенбай: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, т.б. Алаш қайраткерлері бір дәуірді қалыптастырды.
Күз. Жусан аңқыған қазақ даласы үнсіз, жан дүниесі алқам-салқам, ашық, бейқам жатыр. Осы медиан даланы еркін, алаңсыз аралап жүре бергің келеді. Қазақтың қалғыған намысы мен алабұртып өрши алмаған рухы осы сайын даланың төсінде. Қазақ бақытының алтын бесігі де, осы ұлан-ғайыр дала төрінде екені даусыз.
Жас қазақ: Сұлтанәлі аға, осыдан үш жыл бұрын «Жас қазақтың» конференциясында «сапалы драматургия бар, бірақ жақсы спектакль жоқ», – деп едіңіз. Әлі сол пікірдесіз бе?
Сұлтанәлі Балғабаев: «Жас қазақ» газетінде драматургтер мен режиссерлер көтерген мәселе қоғамда пікірталас туғызды.

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...