23 Ақпан 2012 | Четверг

Мінбер

10.02.2012 Досым СӘТБАЕВ
Бар мен жоқ

Таяуда Елбасы Кәрім Мәсімовтің үкіметін оңдырмады. Экономикадағы қателіктер, мемлекет қаржысының бақылаусыз жұмсалуы, индустриалдық-инновациялық бағдарламаның кемшін тұстары Президент тарапынан аяусыз сынға алынды. Арада көп уақыт өтпестен, Семей, Приозерск қалалары қыстың құрсауында қалды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласы -30 градустық аязда бір аптадан бері жылусыз, жарықсыз отыр. Қаһарлы қыс Кәрім Мәсімовтің кабинетіне «сынақ тапсыртуға» келгендей. Алты жыл бойы «ат ауыстырмаған» үкімет жайлы белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаевтың сараптамалық мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.  

06.01.2012 Шадияр Өстемірұлы
Әкімдерді халық сайламай, халықтың жағдайы жақсармайды

«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қазақ үні» газетінің  Бас директоры, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Қазыбек Исамен сұхбат.

29.12.2011
Алдағы дағдарыстан төрт қауіп бар

«Әлемдік дағдарыс тағы  келе жатыр. Алайда, қаржы дағдарысы 1-2 жылмен бітпейді. Шын мәнінде, бұл дағдарыс бірнеше жылға созылуы мүмкін. Біз де соған қамдануымыз керек», − деп мәлімдеді Астанада өткен «Еркін сөз» клубының кезекті отырысында  экономика ғылымдарының докторы, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының ғылыми жетекшісі Арыстан Есентүгелов. Белгілі сарапшы-ғалым осы жиында әлемдік дағдарыстың бізге ықпалы қалай  болатыны жөнінде әңгімелейді.

25.11.2011 Ғани Қалиев
Министрліктің жұмысына «3» деген баға қоямын

Біз Кеңес дәуірінде дүниеге келіп, сол кезеңде қалыптасқан адамбыз. Балалық дәуренімізді 60-жылдары өткердік. Ол кезде әр ауылда дәріхана, кітапхана, клуб, әуесқой көркемөнерпаздар болған. Менің кейбір сыныптастарым, тіпті ауылда қалып жұмыс істеу үшін, жоғары оқу орнына түсуден бас тартқан.

18.11.2011
Сананың тәуелсіздігі

Кафканың «Құбылу» дейтін атақты әңгімесі бар. Әңгіме кейіпкері Грегор Замза күндердің бір күні, әдепкі уақытында оянған кезде өзінің аяқ астынан алып мүйізгек қоңызға айналып кеткенін көреді. Әуелде бұл ұйқы қанбағаннан, қазір бір ұйықтап тұрсам, бәрі қалпына келеді деп ойлайды. Ақыры ол өзінің ақыл-есінің бүтіндігіне күмәндана бастайды. Бұл әдеби хикаяны адамның кенеттен, жат, бөтен жағдайға тап болуы, бөтен кепке түсуі туралы метафора деп те қабылдауға болады.

04.11.2011 Шадияр Өстемірұлы
«Студент Ресейде салық төлейді»

Нұрлан Ерімбетов: «Орыстар Қазақ­станнан көп кете бастады», – деген ақпарат бар.  Өз басым үдере көшіп жатқандарды көргенім жоқ. Сіз байқадыңыз ба? Бұл факті ме, әлде мұның астарында саясат жатыр ма?
Владислав Косарев: Байқамадым. Бұл туралы әңгіме қозғалса, демек, бұл біреулерге керек болып тұр. Көшіп жатқандар жоқ болса да, олар осындай қауесет таратып, жұртты көшуге итермелегісі келеді.

21.10.2011
Қазақтың тегі жоқ, тілі мүкіс пе?

«Айтпарктің» кезекті қонағы «Аспандау» қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Нұров болды. Оның пікірінше, қазақ халқы шыққан тегі жоқ, әр жақтан қаңғып келген кезбе тобырлардан құралған әрі қазіргі қазақ тілінің аясы тұрмыстық деңгейден ары аспайды-мыс.

02.09.2011
«Ит үреді, керуен көшеді»

Таяуда http://www.russianskz.info сайты «Қазақстандағы ресейлік отандастарға! Орыстар, ояныңдар!» деп ұран көтерген ресейлік әлеуметтанушы Максим Акимовтің мақаласын жариялады. Онда мынадай сорақы ойлар айтылған:
«Бұл далада әртүрлі көшпелі халық үлкен территорияда кө­шіп-­қонып жүрді. Оларда қазіргідей мемлекет болмаған, тіпті шекараның не екенін де білмеді.

26.08.2011 Шадияр Өстемірұлы
Партиядан ештеңе алған жоқпын

«АйтPARK» қоғамдық-саяси пікірталас клубының бұл жолғы қонағы саясаткер әрі қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев болды. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ой бөлісті.

17.06.2011
Қазақстандағы лаңкестік қауіп-қатері

Лаңкестік (терроризм) мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, тек ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді.