«Атың шықпаса, жер өрте», я қабырғаға өз атыңды жаз. Өткен-кеткен көз тоқтатсын, оқысын... Шамаң жетсе, сан ғасыр бойы өшпейтіндей етіп қаша. Сонау Енесей бойындағы Күлтегін, Тоны көк жазуларындай сенің төл туындың ұрпаққа тіл қатады.
Біздің тілшілеріміз Сейфуллин көшесіндегі «Жезөкшелер үйін» аралап, олардың нақты мекенжайларын анықтаған еді. Бұл жөнінде «Жас қазақ» ұлттық апталығының №3 (367) (20 қаңтар 2012 жыл) санында «Ар-базар» атты мақала жарияланған болатын. Өткен аптада сол мақаланы Алматы қалалық ішкі істер департаменті қаперге ала отырып, Сейфуллин даңғылы бойында кең көлемді рейд жұмыстарын жүргізді.
Көнекөз қариялар «Қоян жылының шығуы қиын» – десуші еді. Ақ қоянның әлегі қысы қамшының сабындай күнгей өңірді әлекке салды. «Жылдағыдай жылт етіп өте шығады, қысыңнан қысылмаймыз» – деп арқаны кеңге салған қала, аудан басшыларының басын төмен салбыратып-ақ тастады.
Бүгінгі таңда әйел адамдардың ішімдікке салынуы белең алып барады. Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері дәрігерлерінің берген мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда маскүнемдікке салынған 912 әйел адам есепте тұр. Шыны керек, қазір кейбір қыз-келіншектеріміздің өзі стақан қағыстыруға келгенде ер-азаматтарды басып озады.
Осыдан тура бес жыл бұрын, яғни 2007 жылы сәуірде «ҚР Ойынханалық кәсiпкерлiгi туралы» Заң өз күшіне енген болатын. Заңның аты – Заң. Осыдан кейін қарбалас көш басталып, казино мен ойын автомат залдары Қапшағай қаласы мен Ақмола облысындағы Шортанды елді мекеніне қарай қоныс аудара бастады. Алматы мен Астанадағы төбесі көк тіреген ойынханалардың туы құлады. Жоқ, құламады.
ХХІ ғасыр. 2012 жыл. Қақаған қаңтардың 24 жұлдызы. Иә, дәл осы күні «Мәдениет» кітапханасы «қаза болды». Яғни жабылды. Қайғылы оқиға исі қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті. Өйткені, бұл кітапхана қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің аяқтан нық тұруына бар ғұмырын сарп еткен «алашордашы» һәм қазақтың игі жақсылары ату жазасына кесілген 1938 жылы ашылған болатын.
Күндіз-түні мылтық тарсылдап жатқан Ауғанстанда соңғы он жылда 10 мың тұрғынның ажалы дәлдеп атқан, қала берді қаңғыған оқтан келген. Ал еліміз тәуелсіздік алған жиырма жылда 60 мыңнан астам жерлесіміз тек жол-көлік оқиғасының кесірінен қаза тауыпты.
Күн жексенбі. Сәске түс. Сейфуллин көшесі.
Ылдилап келіп, жол жиегіндегі тұрған екі келіншектің жанына тоқтай қалдым. Олар да осыны күткендей есігіме жармасты.
– Қыздар бар, қыздар керек пе? – дейді ентелеп.
– Бағасы...
– Үш жарым, төрт мың теңге.
Алматыдағы Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында дәріхана бар. Соған бас сұққанбыз. Алдымызды орай жиырмадан асқан жігіт есіктен асыға кірді. Жүзі боп-боз болып кеткен. Кезек күтпестен кассаға ұмтылды. «Кешіріңіз, цикломед бар ма?». «800 теңгеден бар». Қалтасынан 1000 теңгені суырды. «Здачасын» алмастан асыға шығып кетті. Артынан аңдып келеміз. Гагарин көшесі бойындағы орындыққа жайғасты.
Редакциямызға Алматы облысы Райымбек ауданы тұрғындарының атынан арыз келіп түсті. Арызда Кеген, Тасащы, Сарыжаз селолық окургтарынан соңғы бір-екі жылда 72 бас ірі қара жоғалғаны, сол жоғалған малдың ізі табылып, бес бірдей азаматтың күдікті ретінде бар қылмысын мойнына алғаны, кейіннен іс белгісіз бір себептермен өзгеріске түсіп, алты полиция қызметкерінің үстінен іс қозғалып жатқаны жазылыпты.

Анадолыда жауған қазақтың алтыны
Ақша құтыртқан қазақ Ыстамбұлда сайран салады. Спандияр Көбейдің Итбайына бер...
Құйрығы – сізден, ақшасы – бізден
Атам заманғы үндістер өлтірген жауының бас терісін кесіп алған. Сол арқылы жа...
«Happy birthday, Арақ!»
Иә, шалыс естіген жоқсыздар. Павлодар қаласында тұңғыш рет орыс арағыны...Әкімдерді халық сайламай, халықтың...
«Ақ жол» партиясынан ҚР Парламентi Мәжілісi депутаттығына кандидат, «Жас қаз...